Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


 Бөлшектің беттік қабатын механикалық дайындау



Pdf көрінісі
бет21/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
4.3 Бөлшектің беттік қабатын механикалық дайындау 
Бөлшектің беттік қабатына гальваникалық қаптаманы отырғызу алдында 
жүргізілетін механикалық әдістерге: шлифтеу (ыспалау), полирлеу, крацевтеу, 
абразивті (алмаздан корундтан жасалатын ұнтақ тәрізді немесе майда заттар) 
құрғақ және гидроабразивті өңдеу жатады.
Механикалық дайындықтың негізгі мақсаты беттік қабаттың кедір -
бұдырлығын азайту болып табылады. Беттік қабат неғұрлым тегіс болса, 
соғұрлым бөлшектің үйкеліске төтеп беру қабілеті жоғары, гальваникалық 
тұнбаның кеуектілігі төмен болған сайын соғұрлым гальваникалық қаптама 
бөлшекті коррозиядан сақтайды. Қажетті тегістік дәрежесі гальваникалық 
қаптаманың түріне және қолдану аймағына сәйкесінше алынады.
Шлифтеу (ыспалау) – шлифтелуші материалдардың қиюшы қырларымен 
бөлшектің беттік қабатындағы микроөсінді аймақтарындағы жұқа металл 
қабатын бөліп алу және беттік қабатты тегістеу операциясы болып табылады.
Алынатын металл қалыңдығы 0,01 - 0,03 мм ал, ірі мөлшерлі абразивті 
материалдарды қолданғанда алынатын металл қалыңдығы 0,1 - 0,2 мм 
құрайды.


Шлифтеу (ыспалау) – қатты және созылмалы шлифтеуші дөңгелектердің 
көмегімен жүргізіледі. Қатты дөңгелектер коррозия өнімдерінің қатты қабатын 
жою мақсатында қолданылатын

дөрекі

өңдеу болып табылады. Беттік 
қабатына мөлшерлік құрамы әртүрлі шлифтеуші ұнтақ енгізілетін созылмалы 
дөңгелектер кедір - бұдырлығы аз тегістеу беттегі ұсақ өсінділерді, дәнді, 
микробұдырлықты бөліп шығару үшін қолданылады. Шойын және болатты 
өңдеудегі шлифтеуші материалдарға корунд (Al
2
O
3
-глинозим), электрокорунд, 
ал омырылғыш материалдарды өңдеуде карборунд (SiC-крист.зат, қаттылығы 
алмаз қатарлы) қолданылады.
1 – суретте дөңгелектеу арқылы шлифтеу жергілікті соратын 
желдеткіштермен жабдықталған біршпиндельді немесе екішпиндельді 
станоктарда жүзеге асырылады. Дөңгелектер шпиндельде арнайы ұстағыштар 
немесе бұрандалы фланцалар көмегімен бекітіледі.
Универсалды дөңгелектер жұмысшы бетіне арнайы абразивті 
материалдар отырызылған маталы материалдардан, теріден, сукнадан (шерсть 
немесе жартылай шерст тығыз, тегіс мата), войлоктан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет