Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы



Pdf көрінісі
бет23/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.4 Майсыздандыру 
Бөлшектің беттік қабатын майлы ластағыштардан тазалау әдістері оның 
табиғатына байланысты. Суда ерімейтін минералды шығу тегі бар (минералды 
майлар, полирлейтін пасталар, консистентті майлар) көпірмейтін майларды 
жою үшін арнайы суда ерімейтін органикалық еріткіштерді қолданады. 
Көпіретін өсімдік және жануар майлары сілтінің сулы ерітінділерімен немесе 
сілітілік металдың тұздарымен әрекеттесіп, суда еритін сабын түзеді. Олардың 
алғашқылары суда ерімейтін минералдық шығу текті майлардан арылту үшін: 
минералды майлардан жалтыратқан пасталардан, екіншілері – суда ерімейтін 
өсімдік және жануар текті майлардан арылту үшін, бұлар суда ерімесе де, 
сілтінің сулы ерітінділерімен немесе сілтілік металдың тұздарымен 
әрекеттестіріп жойылтатындықтан жарамды. Тазалауды жоғары сапалы және 
қарқынды жүзеге асыру үшін сілтілі ерітінділерде электрохимиялық 


майсыздандыру қолданылады. Бөлшектің беті майлы ластанумен қатар қатты 
бөлшектермен ластанса, тазалаудың эмульсиялық тәсілі қолданылады.
Органикалық еріткіштер улы болып келетіндіктен, оларды арнайы 
құралдарда, қауіпсіздік техникасын сақтай отырып қолданған жөн. Өрт 
тудыратын еріткіштерді (бензин, керосин) қолданбау керек. Басқа да 
еріткіштер (бензол, уайт спирт, толуол) өрт тудыратындықтан оларды
жанбайтын хлорирленген көмірсутектермен (трихлорэтилен, тетрохлорэтилен) 
алмастырған жөн. Еріткіштердің булану температурасы төмендігі жеңіл 
айдауға және оларды регенерациялауға мүмкіндік береді. Тетрахлорэтиленнің
және ферон – 113 – тің майсыздандыру қабілеті жоғары және әртүрлі 
металдарға әсері универсалды болып табылады. Бензин буларының, 
үшхлорэтиленнің, тетрахлорэтиленнің өндірістік атмосферадағы рұқсат етілген 
мөлшері сәйкесінше 300, 10 мг

м
3
құрайды.
Органикалық еріткіштермен майсыздандырғаннан және еріткіш іздерін 
жойғаннан кейін бөлшекті химиялық және электрохимиялық майсыздандыруға 
ұшыратады. Жануар және өсімдік майлары ыстық сілті ерітінділерінде 
ыдырап (омыление), металл бетінен алынып тасталады. Сілті ерітінділерінің 
әсерінен ыдырамайтын майлар реакцияға қатыспай беттік қабаттан оңай алуға 
мүмкіндік беретін сулы эмульсиялар түзеді. Сілті ерітінділерінде 
ыдырамайтын майлардың эмульгирлену әсерін күшейту үшін арнайы беттік 
активті заттар қосу ұсынылады. Құрамында эмульгатор және беттік активті зат
бар ыстық сілітілі ерітінді әсерінен май қабыршақтары өзара үзіліп, жұқарып,
жеке май тамшыларын түзіп, металдың беттік қабатынан ұсақ ластағыштарды 
ала үзіледі.
Майсыздандыруда қолданылатын сулы ерітінділер құрамында,
ыдырайтын майлармен еритін қосылыс түзетін, металдың беттік қабатына май 
қабыршақтарымен ластағыш заттардың берік ілінісуін әлсірететін және 
ерітіндінің жуылуын жеңілдететін, сондай - ақ майсыздандыру кезінде 
өңделетін металды коррозиядан сақтайтын компоненттер болады. Мұндай 
компоненттерге фосфат, силикат және беттік активті қоспалар жатады.
Беттік активті қоспаларды қосу майсыздандыру процесінің уақытын 
азайтады, майсыздандыратын ерітінділердің сілтілігін төмендетеді, бөлшектің 
беттік қабатының әртүрлі ластанудан тазалау сапасын арттырады. Сілтілі 
ерітінділермен майсыздандыру әсерінің тиімділігі беттік активті заттарды 
(БАЗ) енгізу нәтижесінде арта түседі. Металл бетін тазалауда қолданылатын 
БАЗ: анионактивті және ионогенді емес. Анионактивті БАЗ-ға: карбон 
қышқылының сабыны, алкил сульфоқышқыл, алкил сульфат, алкил арил 
сульфонаты, сульфонол жатады. 
Ионогенді емес беттік активті заттардың құрамында гидрофильді тұз түзуші 
топтар болмайды және сулы ерітінділерде диссоциацияға ұшырамайды. Бұған: 
полиэтиленгликол эфирін жатқызады, ол ОП (ОП -7, ОП-10, ОП -35) синтанол 
ДС-10, ДТ-7 препараттар сериясының негізін құрайды. Олар сілтілі және 
қышқылды ортада тұрақты, сондықтан оларды майсыздандырумен қатар желіну 
процесіне де қолданылады, сонымен қатар ерітіндіні осы процестерді бір 
уақытта орындағанда пайдалануға болады. БАЗ-дың бірдей концентрацияда 


жуғыш қабілетін салыстырса, келесі қатар бойынша өсіп отырады: екіншілік 
алкилсульфаттар, сульфонол, синтанол ДС-10, синтамит-5, синтанол ДТ-7. 
1-кестеде химиялық майсыздандыруда қолданылатын ерітінділердің 
құрамы көрсетілген, қара металдар үшін (1-4) және түсті металдарға арналған 
(5-8). Қатты ластанған бұйымдарды 1 - 6 - ерітіндімен өңдейді, 
жалтыратқандарды 2 - 7 - ерітіндімен, жалтыратуға қолданатын пастаның ізін 3 
- ерітіндімен жақсы кетіруге болады. 5-ерітіндіні мыс, күміс және олардың 
құймаларының бетін тазалауға қолданса, 6-ерітінді күміс қаптамаларын және 
мыс құймаларынан жасалған бөлшектерді тазалауға, 7-алюминий және олардың 
құймаларының, 8-магний және олардың құймаларының бетін тазалауға 
қолданылады.
1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет