7 – бөлім
7.1 Гальванопластика
Гальванопластикаға - әр түрлі бұйымдардың көшірмесін көбейтуге және
дайындауға арналған қалың металдық тұнбаларды электршөктіру процесі
жатады.
Гальванопластика металды электртұндыру жолымен дәл металдың көшірмесін
алуға қызмет атқарады және күрделі пішінді трубаларды, фольгаларды,
құмыраларды, үрішкелердің қалпағын және түйме жасауда, сеткаларды,
мүсіндер, медальдарды, ювелирлі бұйымдарды жасауда қолданады.
Сонымен қатар, машина – аспаптарын жасауда, радиотехникада, электрондық
өндірісте, трубалар мен аккумулятор коробкаларын дайындауда, авияция және
айро - ғарыш салаларында, самолет, вертолет, ракета двигательдерде
Гальванопластиканың негізгі технологиялық операциялары:
1) металдық немесе металл еместік формалары дайындау
2) өткізгіш қабатты қондыру(металл еместік формалар үшін)
3) бөлінетін(разделительный)қабатты қондыру(металдық формалар үшін)
4) металдық электрхимиялық тұндыру
5) форманы алынған көшірмеден бөліп алу және соңғы өңдеуді жүргізу
Металды тұндыратын форма оригиналдың(түп нұсқасы) көшірмесі және
оригиналдың өзі болу мүмкін.
Форманы дайындаудың екі әдісі бар:
Форма қандай да бір оригиналдан көшірілген негативті болу мүмкін, сонда
металдың тұнған қабатты позитив болады және оригиналға (түп нұсқаға)
толық сәйкес келеді.
Екінші жағдайда оригинал болмайды, ал форма чертеж(сызба) бойынша
материалдарды өңдеу жолымен жасалады. Формалар әртүрі материалдардан
жасалады: металдар, пластмассалар, гипстан және т.б.
Формаға қойылатын негізгі талап оригиналдың дәл көшірмесін алу және
электролитпен химиялық әрекеттесуге түспеу керек.
Металл еместік формаларды қолданғанда міндетті түрде өткізгіш қабаты
қондыру керек. Өткізгіш қабатты сулы ерітінділерде металды химиялық
тотықсыздандыру арқылы алуға болады. Мыс, никель, күміс, алтын және т.б
металдардың қабыршағын (пленкасын) алудың тәсілдері жасалынған. Кей
жағдайда графитті қолданады.
Металдық формаларды алғанда бөлінетін (разделительный) қабатты
қондырады, металдық формадан көшірмені бөліп алу үшін. Бөлінетін
қабаттар ретінде химиялық әдіспен қондырылған тұздық және оксидтік
қабыршақтар (пленкалар) қолданылады. Ол форма дайындалған металға
байланысты, сульфидті, оксидті, хроматты және т.б. пленкалар қондырады.
Электролиттердің құрамы гальванотехникада қолданылған электролиттер
тәрізді болып келеді.
Сонымен гальванопластикада гальваностегияда болмайтын мынадай жұмыс
түрлеріне көңіл бөлу керек: форманы дайындау, өткізгіш немесе бөлінетін
(разделительный) қабатты қондыру, металдарды алғашқы электртұндыру
(затяжка), негізгі электролитпен металды жылдам өсіру: артық өсіңкі
металдық тұнбаларды механикалық өңдеу.
Гальванопластикада қоладанылатын электролиттер
Электролитке қойылатын талаптар: берілген тұнбаның механикалық және
физика - химиялық қасиеттері, металдың жоғары тұну жылдамдығы, катод
бетімен металдың біркелкі таралуы, электролиттің тұрақтылығы. Металдың
электртұнуында электролиз режимі мен электролит құрамының кішкене ғана
өзгерісі физика - химиялық сипатының өзгеруіне әкеп соғады.
|