Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы



Pdf көрінісі
бет47/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
Оксидтік қабыршақтың боялуы. 
Оксидтік қабыршақтың микро кеуекті 
құрылысы жоғары адсорбциялық қабілеті барлық боялу тәсілдерінің негізгі 
базасы болып табылады. Осындай үш тәсіл белгілі: оксидтік қабаттың 
кеуектерінде минералды бояғыш пигменттің тұнуы, органикалық бояғыштармен 
адсорбциялық боялуы, минералды тұздардың сұйытылған ерітінділерінде 
оксидтік қаптаманы өңдеу жолымен электрохимялық боялу. Солардың ішіндегі 
біріншісін жүзеге асыру үшін оксидтік қаптаманы металдардың екі тұзының 
ерітіндісіне сіңіріліп, әрекеттесіп, қабыршақтың кеуектерінде боялған химиялық 
қосылыс түзеді, олар бояғыш минералды пигменттер болып табылады. 
Сонымен, көк түсті берлин лазурын түзетін темір хлориді мен калий 
ферроцианитін береді, қара түсті кобальт ацетаты мен калий перманганаты 
әрекеттесіп, кобальт оксидін түзу нәтижесінде береді. Оксидтік қабыршақ жез 
түстес болу үшін 28-30 г/л темір-аммоний ашудасы, 20-22 г/л қымыздық 
қышқылы және рН 5-6 дейін аммиак қолданылады. Балқымалық құймаларды 
силуминдерді қара түске бояйды, ол үшін келесі құрамдағы ерітінділер 
қолданылады: 40-50 г/л хром ангидриді, 20-25 г/л калий перманганаты. Бірінші 
жағдайда өңдеуді 50-55 °С, 5-10 мин. аралығында, ал екінші жағдайда 80-90 °С, 
20-30 мин. жүргізеді. 
Минералды бояғыш пигменттер жарық әсеріне өте тұрақты, бірақ олардың 
көмегімен кең спектрдегі әралуан түстер мен реңдерді ала алмаймыз, оларды тек 
органикалық бояғыштарды қолдану арқылы алуға болады. Органикалық 
бояғыштарды технологиялық процестерге қолдану қарапайымдылығына 
байланысты қолдану аймағы өте кең. 
Жарыққа төзімділігі жоғары қышқылды және антрахинонды бояғыштар 
болып табылады, олар алюминий оксидімен әрекеттесіп, кеуектерде ерімейтін 
қосылыстар түзеді.
 
Органикалық бояғыштармен бояйтын нағыз оксидтік қаптамалар күкірт 
қышқылды электролитте алынған алюминий және олардың маргенцпен, 
магниймен құймасы болып табылады. Кейде балқымалық силумин 
құймаларында тегіс емес, дақты бояулар байқалады. Бөлшектерді оксидтегеннен 
кейін бөлме температурасында электролит қалдықтары толық кеткенше ағынды 
суда жақсылап жуады. Оксидтеу мен бояу операцияларының арасы мен 
бөлшектің суда тұру уақытын да ескергенде процесс 10-20 минуттан аспау 


қажет. Алдын ала бөлшекті сұйытылған азот қышқылында, анодты өңдеумен 
адсорбциялық жолмен бояғанда уақыт (жуумен есептегенде) 0,5-1 мин. болса, 
өте сапалы болады. Бояғыш ерітіндіні дайындау үшін бояуды 20-30 мин. 
аралығында дистилденген суда қайнатып, сүзеді. Қажетті рН мәнін сірке 
қышқылын, натрий немесе аммоний гидроксидін қосу арқылы тұрақтап 
отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет