катионың электрондық сыртына (оболочкасына) қосылып, нейтралды металл
атомына айналады және пайда бола салысымен катодта адсорбцияланады.
Мұнымен катодтық процестер тоқтап қалмайды, соңғы өнім атом емес, металл
кристалдары және түзілген атомдар жаңа кристалдар түзуі мүмкін немесе
түзілген беткі крисалдардың үсті үстіне өсуі мүмкін.
Электродтық реакцияның жылдамдығы ең баяу сатысының жылдамдығымен
анықталады. Бір немесе бірнеше сатыдағы кез – келген тежелу катод
поляризациясын (асқын кернеулік) тудырады және оның потенциалы теріс
жаққа қарай ығысады. Электрод потенциалының тепе - теңдік мәні мен тепе
теңдік емес мәнінің айырмасы электрод поляризациясының шамасын береді.
ɳ =Е
т-т
- Е
i
Е
т-т
– тепе- теңдік потенциалы
Е
i
– поляризация потенциалы
ɳ – электрод поляризациясы немесе аса кернеу деп аталады.
Электрод поляризациясы системада өтетін тоқ шамасына тәуелді: тоқ
тығыздығы өскен сайын поляризация да өседі. Сонымен қатар, катодтық
поляризация (аса кернеу) мен тұнба (қаптама) құрылысы арасында белгілі бір
байланыс бар. Көптеген зерттеу мәліметтері бойынша электрод поляризациясы
өскен сайын түйірдің (зерна) шамасы азая береді. Сондықтан да поляризацияны
жоғарлататын барлық факторлар қабыршақтың құрылысына жақсы әсерін
тигізеді.
Электрод поляризациясы электродтық процестің жылдамдығын баяулатады.
Процестің жылдамдығы ең баяу сатысына байланысты. Процестің қай сатысы
баяу екені анық болған жағдайда поляризация орынына аса кернеу дейтін ұғым
қолданылады. Электродтық процестің табиғатына байланысты аса кернеуді
бірнеше түрге бөлуге болады, атап айтсақ диффузиялық, өтпелі (переходной),
реакциялық, кристаллизациялық және т.б.
Егерде процестің ең бау сатысы реакцияласушы заттың ерітінді ішінен
электрод бетіне келуі болатын болса, бұл кезде пайда болатын
Достарыңызбен бөлісу: