Мәтін. 10-3 Тақырыбы: «Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері» №1



бет1/4
Дата19.10.2022
өлшемі27,83 Kb.
#153812
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Қосымша мәтін
Kormlenie-pticy

Мәтін. 10-3,4. Тақырыбы: «Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері»

1. Қазақстан топонимдерінің (макро, микротопонимдік) құрамы. Қазақстан аймағындағы топонимдер ішін-ара екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың бір бөлігі — ірі географлялық объектілердің атаулары болса, екінші мол тобы — кіші-гірім объектілер атаулары боп саналады. Бұларды ономстикалық ғылыми терминмен макротопоним және микротопоним деп атайды. «Макротопоним (гр. макро — «үлкен», «ірі») — халыққа кеңінен танылып, ресми тұрғыда белгілі болған ірі физика-географиялық объектілердің аттары. Мәселен, Европа, Азия, Кавказ, Памир, Тынық Мұхит т.б. Біздің Қазақстан топонимдері құрамындағы макротопонимдер — Алматы, Қарағанды, Целиноград, Орал, Ақтебе, Балқаш, Каспий, Алатау, Қаратау, Ертіс, Сырдария, Ілс, Көкшетау т.б. Сондай-ақ оған баска да қалалар, қала типіндегі поселкелер, аудан орталықтары мен ірі өзен, көлдер т.б. объектілер атаулары жатады.


Ал микротопонимия (гр. микро- «кіші») — белгілі территорияға тән ұсақ физика-географиялық объектілердің, яғни өзендер мен көлдер, көлшіктер, бұлақтар мен бастаулар, құдықтар мен жылғалардың, жыралар мен сай-салалардың, жоталар мен төбе, төбешік, қыр-қыраттардың, шабындықтар мен пішендіктердің қыстаулар мен жайлаулардың аттары. Бұл макротопоним және микротопоним деген терминдерді советтік тіл білімінде алғаш рет А.В.Суперанская және Э. М. Мурзаев қолданды.
Орталық Қазақстан топонимдерінің ішінде сан жағынан көбі — микротопонимдер. Олардық мейінше мол болуының заңды себебі де бар. Өйткені мал бағып, ен далада көшіп-қонып жүрген ел ертеден ұлан-ғайыр, кең-байтақ жердегі бұлақтар мен бастау, қайнарларға, құдықтар мен суаттарға, жыралар мен жылға, сай-сала, қыр-қыраттарға, қыстаулар мен жайлауларға ат қойып келсе, әрбір облыс тұрғындары отырықшы өмірге бой ұрған соң, елді мекендер мен колхоз, совхоздарға, фермалар мен учаскелерге жаңаша ат қойып, айдар тағып отырды. Сонғы жылдары географиялық терминдер туралы КСРО топонимистерінің біраз зерттеулері жарық көрді. Қазақтың халықтық географиялық терминдері Ғ.Қоңқашпаев, А.Әбдірахманов, В.Н.Попова, Е.Қойшыбаев, О.Сұлтаньяев еңбектерінде лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты зерттелді. Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан облыстарына тән микротопонимдер мен гидронимдердің құрамында географиялык, термин (ЖГТ) мен апеллятивтердің кеңінен орын алғаны байқалады. Мысалы, айрық, арқа, қыр, қоңыр, көн, өзек, сор, еспе, томар, дала, тау, төбе, мұрын, адыр, тумсық, құдық, көл, өзен, бастау , бұлақ, сай, жал, қағыл, тас, шағыл, қорық, қопа, шоқы, жар, ор т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет