Мәтін. 10-3 Тақырыбы: «Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері» №1



бет3/4
Дата19.10.2022
өлшемі27,83 Kb.
#153812
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Қосымша мәтін
Kormlenie-pticy
3. Кейбір атаулардың мағынасы. АЛТАЙ - таулы қырат, Шығыс Қазақстан облысы. Түркілердің атамекені болған көне Алтай қазір Орыс Алтайы, Монғол Алтайы, Қазақ Алтайы деп бөлініп кеткен. Алтайдың үштен бірі ғана Қазақстанның үлесінде. Қазақ Алтайы өз ішінде Өр Алтай, Кенді Алтай болып Ертіс өзені арқылы екіге бөлінеді. Оларды Қалба жотасы жалғастырып тұр. Алтай оронимі (тау аты) туралы көптеген пікір бар. Мәселен, В.В.Радлов ал (биік) + тайга (орманды тау) деген сөздерден шығарса, Э.М.Мурзаев, В.А.Никоновтар "ала тау" мағынасымен байланыстырады. М.Рясянен ал + той "алып тау" десе, Е.Жанпейісов ал сөзі "үздіксіз, тізбектелген" мағынасын береді дейді. Ғалымдардың көпшілігі бұл атаудың негізінде алтын сөзінің жатқанын мойындайды (Б.Я.Владимирцов, Э.В.Севортян, Г.Дерфер, Г.Рамстедт, Г.Вамбери, А.Щербак, А.Әбдірахманов, Ғ.Қоңқашпаев, Т.Жанұзақов, т.б.). Оның ішінде Ғ.Қоңқашпаевтың келтірген дерегі дұрыс деп есептейміз. Монғ. алт (алтын) + тай (туынды сын есім жұрнағы), сонда Алттай>Алтай "алтынды" болып шығады. Біздің қосарымыз академик В.В.Бартольдтың "Алтай оронимі кейін шыққан тәрізді" деген пікіріне сүйеніп, Алтай атауының көне түркі тілінен монғол тіліне аударылған атау екенін ескерту. Өйткені, Орхон жазбаларында Алтын йыш (732-735жж.), Қытайдың "Таншу" жылнамасында Алтынтағ (647ж), Монғолдың "Құпия шежіресінде" Алтынтау (XIII ғасырдан бері) түрінде көрсетіледі де, Алтай атауы кездеспейді. Түркілік атауды монғолдар жаулап алғаннан кейін, өз тілдеріне аударып атаған тәрізді. Ал мағынасы сақталып қалған. Жаулап, отарлап алған елдердің тілі келмегендіктен немесе әдейі саясатпен жер-су аттарын өзгертуі тарихта бар оқиға.
АРАСАН - е.м. Катонқарағай ауд. Рахманов қайнарлары деген ресми аты бар, суы шипалы демалыс орны. Атаудың негізінде санскрит тіліндегі раашан "қасиетті су" деген сөзі жатыр. Монғ. аршан, қазақша арасан түрінде келіп, шипалы суы бар жерлерге қойылады. М: Арасан талды (Зайсан), Барлық арасан (Мақаншы), Арасан (Жарма ауд.), т.б.). Рахманов деген аңшы тапқанға дейін, бұл жер қазақ, қалмаққа әйгілі болған.
Қазығұрт өңірінде жылан сөзімен байланысты топонимдер бар: Жыландыбұлақ, Жыланды, Жылан ордасы. Құрамында жылан сөзі бар 28 топонимдер аталған географиялық нысандарда жыланның бар екенін аңғартады. Кейбір тауларда немесе терең сайларда жыландардың ордасы да кездеседі. Жергілікті тұрғындар ордалы жерлерді қасиет тұтып, жыландарға тимейді. Осы наным-сенімдер көне замандағы жылан культімен байланысты көрінеді. Мысалы, жыландыбұлақтың тарихы ордалы жылан күзететін алтын қойманы тонаған хан өлімімен байланыстырады. Аңыз бойынша, ордалы жыланды өлтіріп, мол қазынаға ие болған ханды бұлақтан су ішіп отырған жерінде бір шұбар жылан шағып өлтіреді де, сол бұлақ «Жыландыбұлақ» атанып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет