Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Енді сонда, 5 баласы, 7 баласы бар көпбалалы анаға не ұсынасыз сонда сіз?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Бұл жерде максимум, максимум балалардың сабақ кестесі, мысалы, телеарнадан берілетін сабақ кесте бір сыныппен бір сынып қабаттаспайды. Бір телевизормен бір үйден барлық бала көре беруге болады. Енді, бұл кезде қазіргі шалқып жейтін заман емес қой, тартып жейтін заман. Біз шалқып жемейміз, тартып жейтін заман, қазір біз мемлекеттік деңгейде емес, әлемдік деңгейде / 40 мың адамның 10 күнде қайтыс болып кетуінің өзі, әлемге үлкен сабақ.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Жақсы, түсіндік, енді, қараңыз / қазір әлі біраз әңгіме айтамыз, былай қылайық мына, нәрсені қойғым келіп тұр / бізде 16-сәуірден бастап колледждер мен университеттер онлайн оқып жатыр иә?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Иә
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Сіз бірақ, мынадай пікір жаздыңыз кеше, сөзбе-сөз оқып берейін...
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Оқи беріңіз, оқи беріңіз
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: «Өтірік отчетты университет, колледждер бұрқыратып жатыр, ватсапта онлайн оқып жатырмыз деп, әлем естімесін мессенджерда онлайн оқуды» дейді, нақты дәлел барма қай университет, қай колледж өтірік отчет беріп жатыр?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Ол университеттердің отчеты Қазақстанда 90 пайыз...
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Мхм
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : 90 пайызы өтірік. Ватсаптан онлайн сабақ беріледі деп айту ол ұят нәрсе, онлайн сабақ мессенджерде берілмейді. Әлеуметтік желілерде, келісемін, ютубта онлайн сабақ беруге болады, инстаграмда болады, вк-да болады, телеграмда болады, бірақ 28:36 деу ол ұят нәрсе....///
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Айтпақшы, қай университет, қай колледж онлайн сабақ бойынша өтірік отчет беріп жатыр? Бекер айтқан жоқсыз ба сіз? Егер атын атамасаңыз, онда өтірік жазған боласыз.
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Айтып отырмынғой, Қазақстанда 90 пайыз...
Достарыңызбен бөлісу: |