Мәтін сұРАҚтар жауаптарымен жинақтаған: Аида Утепбергенова



бет13/21
Дата08.02.2022
өлшемі164,89 Kb.
#117981
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
ҚТАРИХAIDAUTEPBERGENOVA

16-мәтін. Жетісу облысының 1916 жылы облыста болған толқулар кезінде зардап шеккен орыс халқына шаруашылығын қалпына келтіру үшін әрбір күйзелген үйге қазынадан қайтармайтын етіп бес жүз сомнан және оның үстіне, өрт салдарынан тұрғын үйлері мен қора-қопсыларынан айрылған әрбір үйге бес жүз сомнан жәрдемақы алуға құқық берілсін.
2. Қытай жерінен қайтып келген Жетісу қырғыздарына әр шаңыраққа жүз сомнан қайтарылмайтын жәрдем берілсін.
3. 1 және 2-бөлімдерде аталған жәрдемдерді беру Түркістан комитетіне жүктелсін.
4.Жетісу облысының зардап шеккен орыс халқына Түркістан комитетінің ұсынуымен Уақытша үкімет белгілеген мөлшер мен негізде қазына қаржысынан нақ сол қажеттер үшін қайтарылмайтын несие алуға құқық берілсін.
5. Түркістан комитетіне Жетісу облысының орыс халқына келтірілген зиянды жергілікті жерде жан-жақты тексеріп, 4-бөлімде аталған қажеттері үшін керекті несие мөлшерін белгілеу және сол бойынша үкіметке өз пікірлерін табыс ету тапсырылсын.
6. Мемлекеттік қазына қаржысынан Түркістан комитетінің қарамағына 1және 2-бөлімдерде аталған шараларды жүзеге асыруда туындайтын шығындар үшін 1906 жылғы 8 наурыздағы бюджет ережелерінің 18-бабы негізінде (Заңдар жинағы, I том, 2-бөлім, 1906 жылғы басылым) 11 млн 150 мың сомнан аспайтын мөлшерде сметадан тыс төтенше несие берілсін. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның орын алған уақытын анықтаңыз: + 1917 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет