Мәтін сұРАҚтар жауаптарымен жинақтаған: Аида Утепбергенова



бет14/21
Дата08.02.2022
өлшемі164,89 Kb.
#117981
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
ҚТАРИХAIDAUTEPBERGENOVA

17-мәтін .2000 жылы 10 қазанда Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының Президенттері ... ұйымды құру жөніндегі Шартқа қол қойды.Кедендік Одақ негізінде құрылған халықаралық ұйымның басты мақсаты Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру үрдісін тиімді түрде ілгері жылжыту болып табылады.... ұйымды құру мәсслесін өзара әрекеттестіктің жаңа нысандары мен тетіктері, ұлттық заңнамалардың неғұрлым тығыз жақындаса түсуі; әрі бірыңғай үндесіп келуі, тұтас экономикалық әлеуетті ұлғайтуға бағытталған шаралардың өрістеуі, экономикалардың келісілген құрылымдық жаңғырулары талабын алға тартты. Одан басқа, халықаралық ұйымның құрылуы - көп жоспарлы ынтымақтастық пен нақтылы ықпалдасдықты тереңдетуге бағытталған ... мемлекеттерінің мақсаттары мен міндеттері бірлігіне куә».Қазақ. 9 томдық анықтамолық. 1 том.- Алматы, 2003, 172-173-6.Мәтінде сипатталған халықаралық ұйымды анықтаңыз:** ЕурАзЭҚ
18-мәтін.Әбілқайыр... Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап, Дешті-Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр хан өзінің жеңілісін ішкі бақталастық пен қайшылықтардың шиеленісуінен көріп, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды қарастырады. Өзі күмәнданған шонжарларды жазалап, қатаң заң орнатуға тырысады. Өзіне бағынбай, Жетісу аймағына Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалауды ойластырады. Осы оймен 1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылады. Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңілуінің басты себебі оның мемлекетінің ішкі әлсіздігінде жатыр. Әулет арасындағы толассыз қырқыстар мен алауыздықтар, ақсүйектердің оқшаулануы, феодалдық жоғарғы топтар мен көшпелі және жартылай көшпелі бұқара арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі, ішкі және сыртқы соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, күйрету дәрежесіне жеткізді». Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын анықтаңыз:+XV ғасырдың ІІ жартысы
19-мәтін.Әңгіме-аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы XI ғасырда Ыстықкөл, Жетісу, Қашғар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітіледі. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалай қарауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. Бірақ автордың негізгі мақсаты Қарахан мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту еді. Өзінің әдептілік принциптері жағынан ол ортаазиялық әдет өлшемдерін негізге алады. Дастанның мазмұны түсінікті, құрылысы қарапайым». Мәтіндегі сипатталған түркі тілдес халықтардың рухани мұрасы болын табылатын еңбекті анықтаңыз:+«Құтадғу білік»
20-мәтін.Балпан станцнясындағы бірінші тірек мекенін алу үшін 19 қарашада Ырғыздан аттанған есаул Фроловтың отряды 22 қарашада таңертең төрт мың адамға дейін жететін бүлікшілер тобымен кақтығысып қалған. Оның хабарлауына қарағанда, сегіз қазақ өлтірілген.23 қарашада Қызылкөл станциясына есаул Грузиновтың колоннасы жақындап барған. 24 қарашаға қараған түні бүлікшілер сымды қиып, есаул Фролов колоннасының Ақшығанақ станциясындағы екінші тірек мекенді алу үшін Ырғыздан аттанған Грузиновтың колоннасымен байланысын үзіп тастаған.Станиияға тез арада сымсыз телеграф жіберуді қатты өтінемін, өйткені байланыс болмайынша басқару мүмкін емес. Шалқармен байланыс кез келген минутта жойылуы мүмкін, өйткені Ырғыз-Шалқар шебіндегі станцияны взводтар күзетіп тұр, олар бүлікшілердің шағын топтарына ғана қарсылық көрсете алады.Техникалық байланыс құралдарын жіберуге жәрдем көрсетуді және жылжымалы резерв түрінде тағайындау үшін ұйымы, көш-керуені және тұрақты офицерлер құрамы бар жеке әскер бөлімін жіберуді сұраймын ... .Торғай облысының көшпелі халқының жалпы саны 450000 адам болып отырғанда, бүлікшіл болыстарға шамамен жасалған есеп бойынша, Торғай және Ырғыз уездерінде бүлікшілер саны 50 мың әскерге дейін жетеді». Мәтінде берілген тарихи оқиғаның уақытын анықтаңыз: +1916ж.
21-мәтін.Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежірелері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан» Мәтін бойынша еңбектің авторын анықтаңыз: +Қ.Қ. Жалайыри
22-мәтін.Біздің ұлы мәртебелі патшамызға өзіңіздің Құлмағамбет деген адамыңызды грамотамен жіберіп, ал өз грамотаңызда біздің ұлы мәртебелі патшамызға жазғаныңыздай, ал сіздің елшіңіз біздің ұлы мәртебелі патшамызға басын иіп, тағзым етіп, бұрынғы жылдарда үлкен Ноғайлардың сіздерге жау болғанын, ал сіздердің өз ордаларыңыздан қуып жіберілгендеріңізді, ал қазІр Құдайдың рақымымен екі ордаға – Қазақ және Қалмақ ордасына патша болғаныңызды, бізден, қлы мәртебелі тақсыр әрі қлы кінәз бүкіл Русьтің самодержеці Федор Ивановичтен, өзіңізді екі ордаңызбен – Қазақ және Қалмақ ордаларымен қоса патшаны...Мәтін бойынша грамота қазақтың қай ханына жолданған? Тәуекелге
23-мәтін.Біріншіден, әр хандақтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру- тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі кұрылды. Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, ... салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды»: Мәтінді бойынша тарихи шындыққа сәйкес келмейтін жауапты анықтаңыз. ++ Қазақ хандығының этникалық құрамы оның алдындағы этносаяси қауымдастықтардан мүлде өзгеше болды.
24-мәтін.Біріншіден, әр хандақтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру- тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі кұрылды. Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, ... салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды»: Мәтінді бойынша тарихи шындыққа сәйкес келмейтін жауапты анықтаңыз. + Қазақ хандығының этникалық құрамы оның алдындағы этносаяси қауымдастықтардан мүлде өзгеше болды.
25-мәтін.Ел аузында сақталған аңызға қарағанда, бір сұлу қызға ғашық болған Алан-Хазар есімді жігіт қыздың көңілінен шығу үшін тастан сарай салып бермек болған. Сарай тұрғызатын жер суға тапшы болғандықтан, ол Талас өзенінен су тасу үшін арық тартпақ болады. Бірақ белгісіз себептермен Алан-Хазардың сарайы бітпей қалған. Оның бітпей қалғанына қарамастан, бұл ғимаратты салушы-сәулетшінің ой-өрісі кең әрі батыл шешімді адам болғандығы аңғарылады». Мәтінде сипатталған ғимаратты анықтаңыз: +Ақыртас
26-мәтін.Жетісу облысының 1916 жылы облыста болған толқулар кезінде зардап шеккен орыс халқына шаруашылығын қалпына келтіру үшін әрбір күйзелген үйге қазынадан қайтармайтын етіп бес жүз сомнан және оның үстіне, өрт салдарынан тұрғын үйлері мен қора-қопсыларынан айрылған әрбір үйге бес жүз сомнан жәрдемақы алуға құқық берілсін. 2. Қытай жерінен қайтып келген Жетісу қырғыздарына әр шаңыраққа жүз сомнан қайтарылмайтын жәрдем берілсін. 3.1 және 2-бөлімдерде аталған жәрдемдерді беру Түркістан комитетіне жүктелсін. 4.Жетісу облысының зардап шеккен орыс халқына Түркістан комитетінің ұсынуымен Уақытша үкімет белгілеген мөлшер мен негізде қазына қаржысынан нақ сол қажеттер үшін қайтарылмайтын несие алуға құқық берілсін. 5. Түркістан комитетіне Жетісу облысының орыс халқына келтірілген зиянды жергілікті жерде жан-жақты тексеріп, 4-бөлімде аталған қажеттері үшін керекті несие мөлшерін белгілеу және сол бойынша үкіметке өз пікірлерін табыс ету тапсырылсын. 6. Мемлекеттік қазына қаржысынан Түркістан комитетінің қарамағына 1және 2-бөлімдерде аталған шараларды жүзеге асыруда туындайтын шығындар үшін 1906 жылғы 8 наурыздағы бюджет ережелерінің 18-бабы негізінде (Заңдар жинағы, I том, 2-бөлім, 1906 жылғы басылым) 11 млн 150 мың сомнан аспайтын мөлшерде сметадан тыс төтенше несие берілсін. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның орын алған уақытын анықтаңыз: + 1917 жыл
27-мәтін. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралыҚазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына және Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:1. Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылы 15 қарашада сағат 08.00-ден бастап (жергілікті уақыт) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енгізілсін.2. 1993 жылы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап (жергілікті уақыт) теңге Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасында қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.3. Теңгені Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысандарына қарамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттарға қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.4. Осы Жарлық қол қойылатын сәтінен бастап күшіне енеді. ҚазақстанРеспубликасының Президенті Н. Назарбаев.Мәтіндегі Жарлыққа қол қойылған жылды анықтацыз:+1993 жылы 12 қарашада
28-мәтін.Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілі, Қазақстанньщ қоғам қайраткері, құқық магистрі. Санкт-Петербург университетінщ заң факультетін алтын медальмен бітірген (1903). 1903-1905 жылдары Омбы сот мекемелерінде қызмет еткен. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция оның саяси белсенділігінін оянуына жағдай жасады. Бұл жылдары ол митингілер мен жиналыстарда жиі сөз сөйлеп, Омбы, Петропавловск, Семей, Павлодар, Баянауыл мен Қарқаралы қалаларында болған демонстрацияларға қатысты. «Степной край» (Омбы) газетінде самодержавиені, полицейлік жүгенсіздікті, шенеуніктердің парақорлығын эшкерелеген, патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен қанауына қарсы халықты белсенді күреске шақырған мақалаларын жариялады. 1908 жылы Омбы арқылы Якутияға, ал 1910 жылы патшаға қарсы угітгі жалғастырғаны үшін Тобылға жер аударылды. 1917 жылғы Ақнан революциясын Якутияда қарсы алды. 1917 жылы наурызда Қазақ автономиясы жөніндегі ұрандар көтергені үшін Уақытша үкімет оны тұтқындады. 1917 жылы Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды». Мәтінде синатталған тұлғаны анықтаңыз: + Ж. Ақбаев
29-мәтін.Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы, ақын. Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни. Ол өзінің атақты «Құт негізі - білік» (Құтадғу білік) атты еңбегімен белгілі. .... Ол өз тілін қорсынып, араб, парсы сияқты жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған. Сондықтан да ана тілінде жазылған бұл еңбектің тарихи маңызы зор. «Құтадғу білікте» түркі тілдес халықтардың тарихи мен қоғамдық-саяси өмірі, әдет-ғұрып, наным-сенімдері туралы мағлұматтар көптеп кездеседі. Жүсіп Баласағұнидің бұл еңбегінде ғылымның философия, астрономия, алгебра тағы басқа салаларына да тоқталуы оның жан-жақты, білікті адам болғандығын көрсетеді. Кітапта халық ауыз әдебиетінің үлгілері мол пайдаланылған. Аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер көп кездеседі». Мәтінде сипатталған Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» еңбегінің тарихи маңызын анықтаңыз: + Түрік тілінде жазылған алғашқы даналық еңбек
30-мәтін. Құтлық Елтеріс қағанға төрт құбыласымен бірдей шайқасуға тура келді. Табғаш шежірелеріндегі «бүлікші» деп бағалауының себебі де түсінікті де. Құтлық көшпелілердің соғыс тәсілін пайдаланып, қаша жүріп соғысып, күш-қуатын молайтты. ...Астына ат тиген соң түркілер империяның ішінде құйындай ұйытқып, жайындай жүйткіді. Ордос түбегінен Шығысқа қарай созылған Ұлы Қытай қорғанын бойлай шабуылға шығып, оның бойындағы барлық бекіністердің быт-шытын шығарды. Тұрақты армияның соққысына ұшырамай жалтара жүріп Қытайдың бес әскери округін талқандады. Қытай армиясы түркілердің үй-іші, бала-шағасы қоныстанған Цзунцайшань тауына аттанады. Ел-жұртты қырып-жоюға аттанған қалың әсксрдің алдынан қарсы шыққан Елтеріс қаған Синьчжоу деген жерде шайқасқа түседі. Өлім мен өмірдің тағдыры шешілетін қанды қырғында Елтеріс қағанның ер жүрек жасағы Қытай әскерін жеңеді». Мәтіндегі сипапалған оқиғаның мерзімін анықтаңыз:+VII ғ.
31-мәтін. Қырғыздар (қазақтар) ... бұрынғы тәртіпті қолдарына қару алып, ақырына дейін қорғауға әзір екенін мәлімдеп тұрып алды. Халықтың толқуын күн өткен сайын күшейіп, кеңінен етек жайды. Қырғыздар енді сөзден іске көше бастады: бұзақылардың қара құрым қалың тобы құрылды. Орал облысында мұндай топтар барлық жерде, ал Торғай облысында - Елек пен Қобда өзендерінің бойында жиі кездесті...»:Мәтіндегі сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз:** 1868-1869 жж. көтеріліс
32-мәтін. Мәтінде сипатталған қазақ ханын анықтаңыз:«Кез келген уақытта, бұл хан казақтар ұлысының барлық бөліктеріне:«аттарына мініңдер, жауға аттанамыз» деп бұйрық берген мезетте-ақ төрт жүз мың қорамсақ, яғни батыр келген, олардың әрқайсысы он ер жігітке теңестірілді»-деп жазған Ибн Рузбихан + Бұрындық (Мұрындық)
33-мәтін. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Ол қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. ... Ол мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. Оны қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады. Ол оқырманды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады». Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз:** А. Байтұрсынов
34-мәтін. Орыс губернияларынан алыс жатқан Тобылдан шағын өзен Қатонқарагайға, Ертістің солтүстігінен Омға құятын сағасына дейінгі ен даланы жайлаған тағы халықты ұстап тұру үшін оң жағалауға шағын бекіністер тұрғызылды. Үлбі өзені бойында Өскемен бекінісі салынды. ... Одан төмен қарай ескі жеті тас ескерткіштердің орнына Семипалат (қырғызша Семей) бекінісі тұрғызылды. Ал одан төмендеу, Ертіс өзені бойында тұзды көлден 7 (версг) шақырым жерде Ямышево (қырғызша Тұзқала) бекінісі салынды. Одан соң Железняк бекінісі, ең соңында Омск бекінісі тұрғызылды....» Мәтіндегі сипатталған оқиға бойынша Ресей империясының бекіністерді тұрғызудағы негізгі мақсатын анықтаңыз:** Бекіністер тұрғызу арқылы біртіндеп жаулап алу
35-мәтін. Осы жерлер «інжу» деп аталған. Ол «жасау» деген мағынаны берген. Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түсетін. Інжулік иеліктер хандық өкіметтің немесе ұлыстың орталығы орналасқан шұрайлы жерлерінде болған. Мысалы Алтын Орда хандарының інжулік жерлері Еділ бойында болса, Шағатай мемлекетінің інжулік жерлері Шу, Іле, Талас алқаптарының шұрайлы өңірлерін алып жатқан». Мәтінде сииатталған «інжу»терминінің мағынасын анықтаңыз. ++ Ханның иелегіндегі жер.
36-мәтін. Осы қағидаларды негізге ала отырып, Кеңестердің бірінші..... Ресей халықтарының теңдігі мен егемендігі ...... ....кейін дереу әзірленетін болады.» 2 қараша 1917 жыл. Мәтін бойынша Ресей халықтарының өзін-өзі билеу құқығы жарияланған құжатты анықтаңыз + «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы»
37-мәтін. Отанымызға фашистік Германияның қарақшылықпен шабуыл жасауы туралы хабарды тыңдай келіп, М.И.Калинин атындағы Ленин орденді қорғасын зауытының ұжымы үкіметіміздің Кеңес Одағына фашистік Германия шабуылына байланысты болуы мүмкін зардаптар үшін барлық жауапкершілік Германияның фашистік үкіметіне жүктелетіні туралы мәлімдемесін қуаттайды.Біз өзімізге соғысты әлсіз елдерді ішінара жеңілуіне байланысты ар-ұяттан жұрдай болған Германияның қанқұмар әміршілері тобының таңып отырғанын білеміз.Біз даңқты Қызыл Армиямыздың, Әуе және Әскери -Теңіз Флотымыздың асынып-тасынған агрессорға күйрете соққы беретініне күмәнданбаймыз.Біз үкіметімізді, өзіміздің Коммунистік партияны өз Отанымызды қорғауға үкіметтің кез келген тапсырмасын орындауға әзір нағыз патриоттар ретінде бәріміздің бір кісідей жұмыла шығатынымызға сендіреміз. Біз барлық жұмысшыларды ұйымшылдыққа, тәртіп пен қырағылыққа шақырамыз.Біз құтырған фашистік төбеттердің басына борату үшін қазір қорғасынның қандай қажет екенін ұғынамыз. Сондықтан біз зауытымыздың бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеп, қорғасынды үкіметіміз қанша талап етсе, сонша беруі үшін еңбегімізді, білімімізді, ал егер қажет болса, өмірімізді де адал әрі жанқиярлықпен қиямыз. Біз жауды жеңетінімізге кәміл сенеміз..." Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз: +"Ұлы Отан соғысы»
38-мәтін....өзінің шыққан тегі бойынша қарапайым қазақ, дегенмен әкесі кішкене-шекті руында үлкен беделі болған. ...батырлығымен ерте танылды. ...оған қоса әртүрлі даулы істерді шешуде ақылдылығымен және әділділігімен көзге түсті. Ол Қайып хан әулетінен шыққан сұлтандар арқылы билік жүргізгісі келген хиуалықтарға бағынбауға шақырды. Бұл Арғынғазы тұсындағы істі ары қарай жалғастыру болатын. Бірақ бұл жолы халықтың көсемі өз арасынан, қарапайым қырғыздан шыққан адам болды. ....Қарақұмға көшіп, өзінің соңынан қудалаған хиуалықтардың талқанын шығарды...» Мәтінде сипаттама берілген тұлғаның есімі:+Жанқожа Нұрмұхамедұлы
39-мәтін. Саяхатшы Марко Поло жазбасынан: «Ол қандай да бір аймақты жаулап алған кезде тұрғындарды ренжітпеді, олардың меншікке құқығын бұзбады. Бағынған елдің адамдары оларды басқа көршілерден сенімді қорған, оның елбасы ретіндегі адамгершілігіне олар оған жанымен де, тәнімен де беріліп, бұрынғы дұшпанынан оның берілген қызметшілеріне айналды. Ол бүкіл дүние жүзін жаулап алу туралы ойлай бастады». Мәтінде баяндалған тарихи тұлғаны анықтаңыз:** Шыңғасхан
40-мәтін.Су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери міндеттер атқару мақсаттарын көздеген еді, кейінірек Кдзақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң бейбіт сипат алды, сауда-саттықты дамытуға пайдаланылды... 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде Семей мен Тобыл арасында осындай 40-қа жуық пароход қатынас жасады». Мәтін бойынша XIX ғ. 60-жылдармнан бастап су жолы қалыптасқан өзенді анықтаңыз: +Ертіс
41-мәтін.Татар қазақтары арасында Орфей табылып, бізге қырғыз (қазақ) флейтасында ойнап берді. Шығыңқы бөлігі ойық келген, төмен қарай тартыла түсетін, жартысына дейін қақпақпен жабылған екі шекті бұл музыкалық аспап лютнаға ұқсас келеді екен. Жылқының құйрық қылы керілген таяқшамен шекті ысқылағанда аққудың қиқуына ұқсас әуезді дыбыс шықты, аспаптың өзі де сыртқы түрі жағынан аққуды еске түсіреді».Мәтіндегі орыс зерттеушісі П.С. Палластың сипаттаған музыкалық аспабы:** қобыз
42-мәтін. Түріктердің жоғары ақсүйек қауымы жерленген қорғандарына жазулары бар құлпытастар ғасырлар бойы қойылды. бұл ескерткіштерде қайтыс болған көсемдердің сипаттамасы тарихи оқиғалар шежіресімен қатарлас орналасты да, мұның бәрі саяси көңіл-күймен айшықталды. құлпытас жазулары және басқа жазулар насихат құралына айналды. Олар түрік халқының өмірлік құндылықтары мен адамгершілік мұраттарын бейнеледі және қалыптастырды. Орхон және Енисей өзендері алқаптарында шоғырланған ескерткіштер түрік руна жазуының ең ірі үлгісі болып табылады". Мәтін бойынша түрік өркениетінің көне ескерткіштерін анықтаңыз: + "Күлтегін", "Тоныкөк"
43-мәтін. Хан 1368-1369 жж. өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Ол 1374-1375 жж. Еділ бойына қарай жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды»:Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.** Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшаулануы
44-мәтін. Шығарма моғолдардың хан сарайында сақталған тарихи құжаттар, аңыз- әңгімелер, оқиға куәгерлері мен автордың өзі байқаған жайттары негізінде жазылған. Онда орта ғасырлардағы қазақтар тарихы, Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтардың өзбектермен және қырғыздармен достық одағының қалыптасуы туралы көптеген мағлұматтар беріледі»: Мәтінде синатталған еңбектің авторын анықтаңыз: +М.Х.Дулати
45-мәтін. Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп, оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі. Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып, шешім қабылдауы тиіс» 1981 жылғы 24 ақпандағы Санкт-Петербург бейбіт келісімшартынан. Мәтін бойынша Іле өлкесінің тұрғындарына берілген құқықты анықтаңыз: ++ Жетісу облысының аумағына қоныс аудару
46-мәтін. Мәтінде сипатталған ТЖМК-ның мақсатын анықтаңыз. . «Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің экономикалық және саяси суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып,кеңес халқына үндеу тастады.Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп ,аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша...одақтық және автономиялы республикалар,өлке,облыс,қала,аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия,қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг,шеруге шығу,ереуіл жасауға тыйым салынды»
Жауап: КСРО кезіндегі жағдайды қалпына келтіру.
47)Мәтінде сипатталған тарихи дастандардың түріктерде ненің дамығандығын көрсететіндігін анықтаңыз. «Бұлар нағыз тарихи дастандар. Мұнда Түрік қағанаттарының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби-көркемдік тәсілімен өрнектелген... Мәселен, «өлімнен ұят күшті», «жұқаны таптау оңай», «жіңішкені үзу оңай» деген сияқты тіркестерді кездестіруге болады.»
Жауап: Жазу өнері пайда болғанға дейін ауызша әдеби тілдің дамығандығын.
48)Мәтінде сипатталған тарихи деректің авторын анықтаңыз. «Автор Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта Жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрпы салт-жоралары жан-жақты суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.»
Жауап: И.Г.Андреев
49)Мәтінде сипатталған тарихи жағдайдың болған жылын анықтаңыз. «Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен енгізілді. Қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР Халық шаруашылық кеңесі таратылды.»
Жауап: 1965 ж
50)Тарихи деректе қазақтың қай біртуар азаматы туралы айтылғанын анықтаңыз. «Өткен күзде Іле сыртқы өлкесіне қырғыз(қазақ) сұлтаны... қайтыс болды. Оның есімі Қытайдың батысындағы Қашғар қаласына көзсіз ерлікпен жасаған батыл саяхаты арқылы кеңінен танылды... Біз бұратана халықтардың білімді өкілдерінің көбірек пайда болғанын зор ықыласпен сүйсіне қарауға, ал олардың қайғылы қазасын қатал тағдыдың шектен тыс әділетсіздігі деп санауға әрқашан әзірміз.»
Жауап: Ш.Уәлиханов
51)Ресей мен Қытай арасында жасалынған бейбіт келісімшартынан келтірілген үзінді қай тарихи оқиғаға қатысты екенін анықтаңыз. «Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»
Жауап: Дүнгендер мен ұйғырлардың Жетісуга қоныс аударуы.
52)Мәтіндегі қатені табыңыз. Шын мәнінде XIX ғ.60-жылдарынан бастап су жолы қалыптасқан өзен бойы. «Іледе су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери міндеттер атқару мақсаттарын көздеген еді, кейінірек Қазақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң бейбіт сипат алды, сауда-саттықты дамытуға пайдаланылды... 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. XIX-XX ғасырлар шебінде Семей мен Тобыл арасында осындай 40-қа жуық пароход қатынас жасады.»
Жауап: Ертіс
53)Дерек тарихи құжаттың қай түріне жататындығын анықтаңыз. «Біз кеніштегі өмірдің қазіргі ауыр жағдайында өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алмаймыз, ол кеніштегі қазіргі жағдай түзеліп, жақсарған кезде ғана мүмкім болады деп санаймыз және сол үшін мына мәселелердің шешілуін талап етіп, қаулы қабылдадық:
1)Бізге еңбекақы ретінде босатылатын азық-түлік өнімдерінің барлығының да бағасы шұғыл түрде арзандатылсын.
2)Жалақы мөлшері көбейтілсін.
3)Ылғалы мол шалшықты жағдайда жұмыс істейтін адамдарды кеніш кеңесінің есебінен су өткізбейтін киім-кешекпен және аяқ-киіммен тегін қамтамасыз етсін.
4)... тұрақты жұмыс істейтін орыс-қырғыз (қазақ авт) училищесі ашылатын болсын.
5)Қырғыз (қазақ авт) жұмысшылары тұратын казармалардағы жағдай шұғыл түрде жақсартылсын.
Жауап: Петиция
54)Мәтінде сипатталған шаруашылық реформасының нәтижесінде болған өзгерістердің ішінде қате берілгенін анықтаңыз. «Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен енгізілді. Қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР Халық шаруашылық кеңесі таратылды.Республикада бірқатар одақтық-республикалық сапалық министрліктер... құрылып, құрылыс материалдары,орман,целюлоза-қағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді»
Жауап: Басшылық етудің аумақтық жүйесі енгізілді.
55)Мәтінде келтірілген тарихи географиялық аймақтарды анықта. «Бұл аймақтардың тұрғындар жаз айларында солтүстікке, ал қыста оңтүстікке қарай көшіп, Сырдария, Сарысу өзендері мен Арал теңізінің жағалауындағы тоғайлы жерлерге қыстаған. Бұлардың көшу бағыттарының қашықтығы 800-1000 км-ге дейін барған. Сондықтан олар өздерінің тұрақты қыстауларында 3-4 айдан ұзақ отырмаған» деп айталады.»
Жауап: Шығыс Дешті Қыпшақ пен Батыс Қазақстан
56)Мәтіннен қате жауапты тап. «1.Әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. 2.Осы қалыптасқан ұлтты басқару оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.3.Бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті. 4.Өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. 5.Салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы,тілі,діні бар ел санатында даму жолына түскен азат,еркін елге айналды.»
Жауап: Қазақ хандығының этникалық құрамы оның алдындағы этносаяси қауымдастықтардан мүлде өзгеше болды.
57) Мәтінде сипатталған тарихи оқиға қай кезеңге жататындығын анықтаңыз. «Тек аңыздардың айтуы бойынша қырғыз-қазақтардың арасында... (Тәуке) қалпына келтірілген тыныш та бейбіт өмір ұзаққа созылмады. Көп ұзамай-ақ олардың арасындағы алтыбақан алауыздық қайтадан басталды да, көрші халықтар бұл жағдайды өз мақсаттарына пайдалана қойды. Батыстан Еділ қалмақтары, солтүстіктен башқұрттар Сібір казактары шабуылға шықты. Бұларды ол кезде өте күшті қонтайшы Галдан Серен басқарды. Ол өзінің көшпелі көршілерінің бәріне де де тітіренткен үрей туғызып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тіпті Ресей мен Қытайды да ойландырды.»
Жауап: XVIII ғ. 40-50 жж.
58)Мәтінде айтылған қазақ ханын анықта. «...Қазақ хандығының сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден .... қазақ сұлтандарына одақтас болып жүрген Абдаллах хан енді оларға қарсы шықты. Екіншіден, хандықтың шығыс жағындағы моғолдар мен жоңғарлар қазақ жеріне ұдайы қауіп төндіріп отырды. Ол хандық билікті нығайтып ғана қоймай, қазақ жерін кеңейтіп, қазақ хандығының беделін халықаралық деңгейге дейін көтере білді» деп айтады»
Жауап: Тәуекел хан
59)Мәтінді оқып шығып қай жылғы реформа туралы айтқанын анықтаңыз. «Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша, қазақ даласына татарлардың агенттер (өкілдер-авт) жіберді. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, кәміл сенуін қамтамасыз етуге тиісті еді... Жаңа округтердің ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара дүрдалаздығын Сібір әкімшілігі жалма-жан пайдалана қойды-округтерді құруды қолдағандарға жәрдемін аямады» деп қай жылдары шыққан реформаға байланысты айтылды?
Жауап: ХІХ ғ. 20-жылдарындағы реформа.
60)Мәтінде сипатталған халықаралық ұйымды анықтаңыз. «1996 жылы 26 сәуірде... 5 мемлекет-Қазақстан, Ресей,Қытай,Қырғызстан,Тәжікстан «шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісімшартқа» қол қойып,... негізін қалады.... бұл әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы байланыстарға ұмтылатын ұйым болып табылады.»
Жауап: ШЫҰ
61)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның салдарының ішінде қате берілгенін анықтаңыз.
«Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша, қазақ даласына татарлардың агенттер (өкілдер-авт) жіберді. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, кәміл сенуін қамтамасыз етуге тиісті еді... Жаңа округтердің ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара дүрдалаздығын Сібір әкімшілігі жалма-жан пайдалана қойды-округтерді құруды қолдағандарға жәрдемін аямады... Орыс империясының қол астына өтуді қазақтардың қабыл алуына олардың арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі болыстардағы сұлтандар арасындағы билік үшін жанталасқан алауыздықтар да ықпал етті»
Жауап: Қазақстанға орыс шаруаларына өз еркімен қоныстануға рұқсат берді.
62)Санк-Петербург бейбіт келісімшартынан келтірілген үзіндіні оқып шығып, Іле өлкесінің тұрғындарына қандай құқық берілгенін анықтаңыз. «Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»
Жауап: Жетісу облысының аумағына қоныс аударуға.
63)Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы туралы тарихи құжатты атаңыз. «Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»
Жауап: Санк-Петербург келісімшарты
64)Төмендегі мәтінде сипатталған тарихи үрдістің шамамен орын алған уақытын анықта. «...үңгірлерді тазалап күтіп, тамақ дайындады, жеуге жарамды жеміс-жидектерді терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»
Жауап: Саналы адамның шығу уақыты кезінде.
65)Мәтіннің авторын табыңыз. «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш пен найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің көбі қырылады, Кир өледі.»
Жауап: Герадот
66)Герадоттың мына депекте кімдердің арасындағы болған оқиғаны сипаттайды. «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш пен найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің көбі қырылады...» деп көрсетеді.
Жауап: Томирис пен Кир жауынгерлерінің арасындағы соғыс
67)Мәтінде сипатталған темір дәуіріндегі тайпаны ата. «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді... Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді. Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған; Бас киімдері мег белдіктері, ер тұрмандары алтынмен әшкейленген. Сонымен қатар олар аттардың да сауытын мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, алтын мен мыс керісінше өте көп. Олар егін екпейді, үй малдарын және Арал өзенінен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді. Құдайларды арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбындыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні «құдайдың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге сыяды»
Жауап: Сақтар
68)Мәтінді оқып, қытай деректерінде қай көшпелі мемлекет туралы сипаттап, айтады: «... олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...»
Жауап: Ғұн
69)Мәтінді оқып шығып қатені табыңыз. «Қағанаттың орталығы-Суяб қаласы болды. Билікті өз қолдарына алған қарлұқтар Енисей қырғыздарынан төнген қауіпті жоюды ойластырды. Олардың Тараз , Ташкент қалаларын жаулап алған кездерін жақсы білетін еді. Атлах түбіндегі шайқасқа өздері де қатысқан болатын. Сондықтан олардан қауіп болдырмау үшін 766-775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді» деген
Жауап: Қытай
70)Мәтінде айтылған тайпаны анықтаңыз. «... шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...» деп айтылды.
Жауап: Ғұндар
71)Мәтінде сипатталған тайпалардың зергерлік бұйымдарында жиі кездесетін бейнелерді анықта. «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді... Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді. Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған; Бас киімдері мег белдіктері, ер тұрмандары алтынмен әшкейленген. Сонымен қатар олар аттардың да сауытын мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, алтын мен мыс керісінше өте көп. Олар егін екпейді, үй малдарын және Арал өзенінен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді. Құдайларды арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбындыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні «құдайдың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге сыяды»-деп айтады.
Жауап: Жануарлар
72)Мына мәтінді оқып шығып оғыздардың мақсаттарына қол жеткізуге бөгет болған қағанатты анықтап, қатені табыңыз. «Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатында алдарына қойған басты екі мақсат байқалады. Біріншіден, Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды қолға қарату. Ал оған Қыпшақ қағанаты бөгет жасады. Екіншіден, оғыздарға Маңғыстау мен Үстірт Еділ бойынан өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдары қызықтырады. Орыс қалалармен сауда жасауды да ойластырды. Бұған орыс мемлекеті де мүдделі болды.»
Жауап: Хазар қағанаты
73)Қимақтардың әлсіреп, ыдырауына себепші болған мемлекетті анықтап, мәтіндегі қатені табыңыз. «X ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне Түркеш мемлекеті шабуыл жасай бастаған. Кейбір деректерге қарағанда олар Ертіс өзеніне дейін жеткен. Мұндай жорықтар ХІ ғасырда жиелей түскен. Осындай жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады»
Жауап: Қарахан
74)Мәтіндегі оқиғаны анықтаңыз. «... (оның) жанында көп жағдайда зираттар орналасады.... (ол) үшін талас туындаса «менің ата-бабамның сүйегі жатқан жер» деп аразданатын болған.. (оның) төңірегіндегі тұрғындардың егін салумен айналысқанын айғақтайтын арық –тоғандардың да іздері зерттелген. Мұндай жағдай бүкіл қазақ жеріне тән. Сондықтан ... (оның) қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық өмірінде алатын тарихи маңызы зор боллған»
Жауап: Қыстау
75)Мәтіндегі қатені табыңыз. «Сақтардың әскери демократиялық қоғамында демократия тек ерлер үшін, оның ішінде де әскери жасаққа жарамды жастағы ерлер үшін болды. Ал дунхулардың әйелдері ле жасақ құрамына кірген. Оған олардың қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел».
Жауап: Сарматтар
76)Түріктердің өнерге қатысты мәтінді оқып, не туралы айтылғанын анықтаңыз. «Олар мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді. Біріншісі-салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер. Екіншісінде тағы аңдардың бейнелері көп беріледі. Салт атты жауынгерлер бейнесі-түрік қағанаттарының әскери-саяси сипатын танытады. Олардың қолында ту бейнелеген.»
Жауап: Жартастағы суреттер.
77)Қай партияның бағдарламасынан үзінді келтірілгенін анықта. «Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының Федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болу... Россия республикасының дінге, қанға қарамай, еркек-әйел адам баласы тең болу...»
Жауап: «Алаш» партиясы
78)Мәтінде қай саясаттың салдары сипатталғанын анықтаңыз. «РКФСР Үкіметі орталық өкімет орындарына әскери бұйрық ретінде Сібір мен Қазақстанда азық-түлік салғыртын арттыруды міндеттеген арнайы декрет жариялады. Осылайша артық өнімдер ғана емес, күнкөріске қажетті астықты тіпті тұқымдық қорды да тәркілеу басталды... Қалаларда бұрынғыша азық түлік тапшылығы сақталды. Егін түсімі төмендеуінің салдары өнеркәсіпте де байқалды....»
Жауап: «Әскери коммунизм»
79)Мәтінде үзінді келтірілген Қазақ АКСР ОК-нің декретінің тарихи маңызы. «...Сібір казак әскерінің меншігіне берілген, Семей губерниясындағы Өскемен, Семей, Павлодар .... Сібір казак әскерінен жалға алып келген еңбекші халқына қайтарылып берілді»:
Жауап: Патша үкіметі заңсыз таратып алған жерлердің бір бүлігі қазақтарға қайтарылды.
80)Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»
Жауап: Кейінгі палеолитте.
81)Мәтіндегі қатені табыңыз. Шын мәнінде қазақтың қай ғұрпы туралы айтылған. «Қазақ келіндері «қазық майлау» ғұрпы бойынша, үйдің үлкен кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды...»
Жауап: Ат тергеу
82)Мәтінде сипатталған оқиғаны анықтаңыз. «Оралға қарай жатқан жерлер өзеннің жоғарғы ағсынан төменгі ағысына дейінгі таяу жатқан жерлер, түгелдей дерлік аса күшті қауіпті жағдайда қалды, ойткені Жайыық казактары арам ойлы жалған Петрдің алғашқы қолдаушылары, ал башқұрттар бірінші одақтастары болды...»
Жауап: 1773-1775 ж.ж көтеріліс
83)Мәтінде сипатталған тарихи жағдай қай қазақ ханының билік ету уақытына тұспа-тұс келгенін анықтаңыз. «... Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектердің арасында сауда-саттық қарым-қатынас ұлғайды. Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығынығ ішкі-сыртқы жағдайын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өркенлеп, өсуіне тиімді әсер етті. Қазақ хандығы нығая түсті.»
Жауап: Хақназар хан
84) Мәтінде сипатталған тарихи жағдай қай қазақ ханының билік ету уақытына тұспа-тұс келгенін анықтаңыз. «Өзінің артықшылықтарына әбден сенімді ол өз жақтастарының бәрін де айбынмен салиқалы мінез-құлқымен таңқалдыра қызықтырып , өзіне тарта білетін, өзінің жауларын күш көрсете қорқыта алатын, ал әрбір қалыптасқан нақты жағдайға қаай өзін бірде орыстардың қол астында бірде қытайлардың қол астында болғандай ұстай білетіп, бірақ іс жүзінде ешкімді мойындамайтын тәуелсіз билеуші еді.»
Жауап: Абылай хан
85) Мәтінде қай тарихи оқиға сипаттталғанын анықта. «Ол-ғасырдан ғасырға созылған отаршылдық езгіге қазақ халқының төл мәдениетін тілін тарихын жоюға бағытталған саясатқа наразылықтан туындады....»
Жауап: Желтоқсан оқиғасы
86)Қай өнеркәсіптің жұмысшылары мен қызметшілерінң талаптары мәтінде көрсетілген. «Біз француз азаматы тау кен өнеркәсіпшісі К.Э.Карноның кенішіндегі қызметшілер мен жұмысшылары.... кеніштегі өмірдің қазіргі ауыр жағдайында өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алмаймыз...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет