Мәтіндегі Түрік қағанатында сауда ісінің дамуына мүдделі болған халықты анықтаңыз:
Жауабы: соғдылар.
14. Мәтінде сипатталған тарихи деректің авторын анықтаңыз.
«Автор Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары жан-жақты суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады»:
Жауабы: И. Г. Андреев.
15. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын анықтаңыз.
«Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс, тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Монғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы, елдері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды.
Жауабы: Тың деректер зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілді.
16. «Іледе су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери міндеттер атқару мақсаттарын көздеген еді, кейінірек Қазақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң бейбіт сипат алды, сауда-саттықты дамытуға пайдаланылды... 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде Семей мен Тобыл арасында 40-қа жуық пароход қатынас жасады».
Мәтіндегі қатені табу арқылы, шын мәнінде ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап су жолы қалыптасқан өзен бойын анықтаңыз:
Жауабы: Ертіс.
17. «Батыс Сібір генерал-губернаторы барлық сол іс-әрекеттердің жемісті нәтижесін хабарлай отырып, Ресейдің Ұлы Жүз руларына ықпалын одан сайын нығайта түсу үшін олардың басты – басты рубасылары – сұлтандар Сүйік Абылайхановқа, Ғалиға, Кәкімге және Рүстемге оларды бастық етіп бекітіп оларға соңғылармен бірдей жалақы тағайындауды пайдалы, тіпті қажетті шара деп санайтындығын білдірді. ...алдағы уақытта Жетісу өлкесінде аяқты нық басып тұрамыз деген сеніммен ол Ұлы жүзді қысымшылықтан қорғау және оған саяси бақылау орнату үшін бір сенімді штаб-офицерді пристав ретінде бекітіп, оған сыртқы істер министрлігімен келісіп, тиісті жалақы тағайындап, оның міндеттері мен құқықтарын белгілеуді ұсынады... .негізгі мәселе Ұлы жүзге байланысты, біздің басты мақсатымыз бірнеше бодан тауып алу немесе белгілі бір сомада ақшалай пайда табу емес бүкіл Ұлы жүзді Ресейдің ықпалына бағындырып, сол арқылы Батыс Қытаймен, әсіресе Қашқармен және Орта Азияның бір бөлігімен сауда жасасу үшін, қауіпсіз керуен жолдарын жүргізу үшін тыныштық орнату болып саналады» 17 сәуір 1847 ж
Достарыңызбен бөлісу: |