Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай



бет1/109
Дата09.11.2022
өлшемі263,02 Kb.
#157278
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы-1


АЛҒЫСӨЗ

«Тарих пәнінен мәтіндік тесттер жинағы» - атты әдістемелік құрал мәтіндік тесттерді жинақтай отырып құрастырылған. Бұл әдістемелік құрал Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындық үстінде жүрген жоғарғы сынып оқушыларына және талапкерлерге көмегін тигізер.


Жинақтамалық негізде құрастырылған бұл әдістемелік құралдан ҰБТ тапсырушы талапкер міндетті пән есебіндегі «Қазақстан тарихынан» және таңдау есебіндегі «Дүние жүзі тарихы» (Тарих) пәндерінен бірнеше жыл бойы келіп жүрген мәтіндік сұрақтар тізбегімен таныса алады.
Сондай-ақ әдістемелік құралда мәтіндік тесттерді шешудің жолдары кесте түрінді көрсетілген.
Әдістемелік – көмекші құралдың мазмұндық құрылымы жоғарғы сынып оқушыларына бейімдей отырып, жеңіл түрде жасалған (құрастырылған). Бұл әдістемелік құралды пайдалана отырып, мектепті бітіруші түлектер ҰБТ-ден мәтіндік тесттерді шешу мүмкіндігіне ие болады.
Ақ жол, саған, жас түлек!

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ.


І нұсқа



1.Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай
«адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады».
А). Аталық ру үстемдігіне өтуді
В). Сауда-саттық дамытуды
С). Өндіріске металл құралдарын енгізуді
D). Аналық ру үстемдігіне өтуді
Е). Еңбек құралдарын едәуір жетілдіруді
2. Мәтінде айтылған тарихи еңбекті анықтаңыз.
«... Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көші-қон мәселесіне ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлау көшу, оның малдың басын көбейтуге, қоңын көтеруге пайдалы екендігін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сән-салтанат құрып қуанышқа бөленетіндігін жазады. Еңбектегі бұл көріністер қазақ халқының өмірін суреттеп тұрғандай»:
А). Кодекс куманикус
В). Талас ескерткіштері
С). Наһжи әл Фарадис
D). Тарих-и Абулхайр-хани
Е). Шыңғыснама
3. Мәтінде сипатталған шаруашылық реформасының нәтижесінде болған өзгерістердің ішінде қате берілгенін анықтаңыз
«Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен енгізілді. Қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР Халық шаруашылығы кеңесі таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер ... құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюза-қағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді»:
А). Пайда, баға, ақшалай сйлық, несие сияқты тетіктер пайда болды
В). Кәсіпорындарды материалдық жағынан ынталандыруға назар аударылды
С). Шаруашылық дербестік ұлғайды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет