Мәтінде сипаталған оқиғаның уақытын анықтаңыз: А). 1920 жылы
В). 1917 жылы
С). 1918 жылы
D). 1921 жылы
Е). 1919 жылы
11. «Ежелгі заманда ...бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Олар біздің арғы бабаларымыз сақтармен көрші әрі аралас-құралас тұрды. Солардың бірі-Бактрия «Мың қала елі» атымен белгілі болды. Мұнда өндірілген көктасты (лазурит) Элам билеушілері арнайы адам жіберіп алдыратын, Египетке де белгілі болды.
Көшпелілер құрған Кушан патшалығы Қанышке атты билеуші тұсында гүлденді. Олардың қолбасылары мен жауынгерлері өздері тұрмақ мінген аттарына дейін темір сауыт кигізетін болған. Еуропаның ортағасырлық рыцарьлары мұндай сауыттарыды осы кушандықтардан үйренгені байқалды.
Осы мемлекеттер тұсында Ұлы Жібек жолы құрлықаралық сипат алды.
Өйткені бұл елдердің саудагерлері батыстан келген тауарларды Қытайға, Үндістанға, ал ол елдерден келгендерін Египетке, Грек-рим жеріне жеткізіп отырған.
Парфия алып Рим империясының шығыстағы мықты қарсыласына айналды. Ежелгі ... халықтары бостандық пен тәуелсіздік үшін күрестің тамаша үлгілерін қалдырды.»
Мәтінде сипатталған мемлекеттер орналасты: А). Шығыс Азияда
В). Оңтүстік Азияда
С). Батыс Азияда
D). Орталық Азияда
Е). Оңтүстік-батыс Азияда
12. «1 бап. Соғыс қимылдарын дереу тоқтату...
3 бап. Басып алған жерлерде Франция жергілікті басқарудан басқа құқықтарынан айырылады.
8 бап. Француз соғыс, соғыс – теңіз және соғыс – әуе күштері таратылып, қарусыздандырылады... Бұл әскерилердің саны мен қару – жарағын тиісінше жеңімпаз мемлекеттер белгілейді...
10 бап. ...Француз әскери қызметкерлеріне Франциядан кетуге тыйым салынады. Франция Англияға ешқандай материалдық бөлшектер бермеуге тиіс. Бірде бір француз әскери қызмет жасамауы керек.
11 бап. Бірде-бір француз сауда кемесы порттарды тастап кетпеуі тиіс...
12 бап. Бірде-бір француз ұшағы әуеге көтерілмеуі тиіс...
14 бап. Француз аумағындағы барлық радиотарату стансалары жабылуға тиіс...
18 бап. Армияны жабдықтау шығындарын Франция жағы көтереді...»