Сөздікпен жұмыс.
Оқушылар берілген сөздермен танысады, әр сөзге сөйлеммен мысал келтіреді.
Ұлы жібек жолы
|
|
Ғасыр
|
|
Аң терілері
|
|
Зергерлік бұйым
|
|
Үстеу
|
|
Қала
|
|
Жазылым алды тапсырма.
Ұлы Жібек жолы
Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар бір-біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы пайда болды. Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде б. з. б. 2 ғасырда ашылды.
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер, мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар — базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір-бірімен ұласып, Шығыс пен Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осылай б.з.б. II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды.
1/ Мәтінді түсініп оқу
2/ 5 сұрақ құрастыру / бір –бірімен пікірлесу/
3/ Мәтінді оқып төмендегі кестені толтырыңыз.
Мезгіл үстеулер
|
Мекен үстеулер
|
Күшейткіш үстеулер
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |