1.Ұлы жібек жолы: қалыптасуы, даму кезеңдері, бағыттары



Дата07.02.2022
өлшемі16 Kb.
#82152
Байланысты:
Ұлы жібек жолы


1.Ұлы жібек жолы: қалыптасуы , даму кезеңдері, бағыттары
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген.Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан.Мысалы,асыл тастар, алтын,күміс,тұз,шипалы өсімдіктер,мал,сәйгүлік аттар ,қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата,азық- түлік және басқа да тауарлармен алмасқан.Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар-базар, жәрмеңке,сауда жолдары ашылды.Жолдар бір-бірімен ұласып,Шығыс пен Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке қарай жалғасып,көптеген жаңа аймақтарды қосты.Осылай б.з.б 2 ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды.
Ұлы Жібек жолы-Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы.Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған.Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды.Лазурит жолы-Мысыр,Иран,Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол.Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас,нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған.Құндыз жолымен бағалы аң терілері әр елге таралған.Б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.
2.Ұлы Жібек Жолының – сауда мен шаруашылықты дамытушы,халықаралық қатынастар мен мәдени байланыстар жолы ретінде маңызы.
Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып,дамуы үшін орнықты платформа болды.Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастарып,қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды.Дала белдеуі Қытай,Үнді,Парсы,Жерорта теңізі ,Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.
Алғаш пайда болған сәттен бастап,Ұлы Жібек Жолы картасы,негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды.Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек Жолы гүлдену шегіне жетіп,хаықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.
Жібектің құдіреті «Ұлы Жібек жолы» атауының шығуы осы уақытта Батыс елдері үшін қымбат тауар- жібекпен байланысты.Жібек құртынан жібекті дайындау құпиясын қытайлықтар шамамен 5 мың жыл бұрын ашса,белгілі жібек шаруашылығын зерттеуші А.А.Тихомиров оның нақты уақытын б.з.д. 298 жыл деп атап өтеді.Қытай аңыздары бойынша ең алғаш алынған жібек жіп Си Линг-чи патша ханымға тәуелді болды.Шай ішу кезінде патша ханым шыны аяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп келеді,сосын құрттың жібін тарқатып алады,солай алғашқы жіп алынады.
Б.з.б. 2 ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында 6 ғасырдан бастап,екі бағыт:Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген.Бірінші жол Қытайдан басталып Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға,Сырдарияны жағалап,Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
3.1987 ж. ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясында қабылданған «Ұлы жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасы» және 1991 ж. Қазақстанда құрылған «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет
Бүгінгі таңда жібек жолының тарихын зерттеу,оны жаңғырту,осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық,мәдени байланыстарын ұлғайту қайта қолға алынып отыр.1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының  XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады.Оған Грекия,Португалия,Египет,Италия,Қытай,Индонезия,Моңғолия,Оман,Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта,жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді.Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды.Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс,саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен. Ұлы Жібек жолының далалық трассасы оның дамуы мен қызмет етуіне өз ерекшелігімен қайталанбас айрықша калорит енгізді.Көшпенді дала мен отырықшы аудандардың өзара қарым- қатынасы Ұлы Жібек жолының арқасында күшейіп,көшпенді мен отырықшы-егіншілік мәдениеттер бір-бірін өзара байытуға септігін тигізді.Отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар бірін-бірі түсінуі нәтижесінің барысында адамзаттың алуан түрлі ежелгі мәдениетінің ішіндегі өзіндік мәдениетін құрды.Ұлы Жібек жоын қайта қалпына келтіру бүгінгі таңның ең өөзекті мәселелерінің бірі және бұл ірі халықаралық жобаны, оның ішінде Ұлы Жібек жолы бойымен халықаралық туризмді дамытуға Қазақстан белсенді қатысып келеді.
4.Жаһандану заманындағы Ұлы Жібек жолын жаңғырту және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзистік дәліз құрылысының маңыздылығы
Соңғы жылдары еліміздің тарихын жаңа көзқараспен зерттеу мәселесі мемлекеттік дәрежеде қарала бастады.Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі және ортағасырлық тайпалар мен халықтардың өркениетке қосқан үлесі тарихи сана-сезімнің қалыптасуының бастауын көрсетеді.
Еуразия тарихындағы таңғажайып құбылыстардың бірі-Ұлы Жібек жолы-бұл бойынша антика және орта ғасырларда сауда Қытай,Еуразия далалары ,Үндістан алдыңғы Азия мен Еуропа:Византия, Венеция,Иберия,Скандивания аралығында жүрді.Осы жол арқылы Қытайдан жібек тасымалдан-ды,ал оған жауап ретінде Аспан асты империясына Рим және басқа елдерден шыныдан жасалынған аса көркем бұйымдар,құнды заттар мен басқа да тауарлар жеткізілді.
Бұл жолмен бірнеше ғасырлар бойы халықтар,заттар мен идеялар жүріп өткен жол,яғни этникалық миграциялар кезең-кезеңімен ,сосын керуен саудасы алдыңғы технологияда , идеологиялық көріністе тарап,Еуразияның әртүрлі халықтарының жетістіктері дүниежүзілік ағымға еніп,Ежелгі Әлемнің қоғамдық даму өркениетіне алып келді.Бұл байланыс қашан орнады және олар қандай жолдар арқылы жүзеге асырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет