Лексикологиялық талдаудың міндеттері
Мақсаты: Көркем мәтінді пайдаланылған әдеби шығарманы дұрыс ұғынуға тікелей қатысы бар тілдік тұлғалардың мән-мағыналары мен қолдану жағдайларын ашып беру. Лексикологиялық талдау шығарманың сөздік құрамы мен жұмыс жасаушы қолданған сөздердің мағынасын ашып, айқындау үшін жүргізіледі.
Көркем мәтінді сөздік құрамды лексикологиялық талдау міндеттері:
1. Студенттің қазақ тіл білімі саласынан алынған білімдеріне сүйеніп, қазақ тілінің сөздік құрамымен дыбыс жүйесі, сөзге түскен екпін түрлерімен таныстыру. Сөйлеу интонациясы, сөз мағынасы жөніндегі біліммен қаруландыру, біліктілігін жетілдіру.
2. Шығарманың түрі, жанры, композициясы, тақырыбы тұрғысынан талданатын болғандықтан, лингвистикалық талдауды әдеби талдаумен ұштастыра меңгерту
3. Мәтінді дұрыс мазмұндауға үйрету
4. Мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету
5. Мәтіндегі абзацтың ролін түсіндіру
6. Көркемдік суреттеуге тілдік құралдарды пайдалану
7. Прозалық және поэзиялық шығарма алынған үзіндіні мазмұндау, мәтіндерге әдеби және тілдік талдау жасау.
Бұл бөлімде мәтінді айқындайтын басты белгілер: байласым және тұтасым туралы және көркем мәтінді лексикологиялық талдау мәселелері қарастырылады.
Мәтіннің мүшеленуі - мәтінді ұйымдастыруда жалпы прагматикалық заңдылықтарға бағынатын, қоршаған әлемді тұтастай қабылдауға негіз болатын (бөлшектенуге) мәтін категорияларының бірі. Мәтіннің мүшелену категориясы шығарманың бүтін композициясының қызметі. Мәтіннің сөйлеу формаларына, мүшеленуіне әңгімелеу, суреттеу, ойталқы жатады. Олар мәтінде бір-бірімен мағыналык, тұлғалық жағынан байланысып, өзара жымдасып, тығыз қарым-қатынаста болады.
Мәтіндегі жұмыс талаптары:
1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау
2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу
3. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтау
4. Мәтінге жоспар құру, шығарманың түрі мен жанрын анықтау
5. Мәтін жігін бөлу, оларға ат қою.
6. Шығарманың сюжеті мен композициясын ашу.
7. Мәтіндегі троп түрлері мен көркем бейнелерді табу.
8. Мәтін бойынша шығармашылық жұмыстар.
9. Мәтін бойынша жазба жұмыстарын жүргізу.
10. Мәтіндегі сөздік құрамды лексикологиялық талдау
11. Мәтіндегі сөздік құрамды стилистикалық талдау
Оқырманның қарапайым көзіне байқала бермейтін мәтін құрылымының негіздік түрлері:
1. Әуезе.
2. Әліптеу.
3. Пайымдау.
Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әртүрлі жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз.
Адамның тұрпатын, кескінін, көркін айтып әліптеп сөйлейміз, я болмаса ол адамның істеген істерінің жақсы, жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, пайымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не пайымдама болып шығады.
Ғалым А.Байтұрсынұлы әуезе (әңгімелеу), әліптеу (суреттеу), пайымдау не зейіндемені (ойталқы) мәтіннің сөйлеу формаларына жатқызады. Ол ойлаудың бір түрін жүзеге асырады, әрі сөйлеу әрекетінің қатысым түріне жатады – деген пікір айтады. Б.Ш.Шалабай «Көркем әдебиет стилистикасы» деп аталатын еңбегінде көркем прозаның талдау түрлеріне - әңгімелеу, суреттеу, ойталқыға тоқталады.
Мәтіндердің типологиясы лингвистикалық тұрғыдан алынады:
1. Мәтінде бірден көп сөйлемдер тобы болады.
2. Ол сөйлемдер бір-бірімен мағыналық жағынан байланыста болады.
3. Ол сөйлемдер тақырыбы бір болады.
4. Сөйлемнің орын тәртібі де мағыналық тұтастығын бірлігін сақтайды.
5. Мәтіннің құрамындағы сөйлемнің бірімен екіншісі ортақ ойды дамыта түсіп байланысып отырады.
6. Мәтін құрамы өзара тығыз байланысты болады.
7. Мәтін құрамындағы бірліктер тізбектеле немесе параллель түрде байланысады.
Мәтін мынадай түрге бөлінеді:
1.Әңгімелеу
2.Сипаттау
3.Талқылау
4.Пайымдау
5.Аралас.
Талдау арқылы автордың көркемдік ойларын сезінеміз. Оқушының мәтінді қызығып оқуы шығарма мазмұнына, жазушының стиліне, шеберлігіне байланысты. Көркем сөз арқылы адам жанының небір тылсым сырлары шертіледі, өмір құпиялары ақтарылады. Мәтін мазмұнында адам арманы, әртүрлі оқиғалар, ерлік дәстүрлері, табиғат көріністері суреттеледі. Оқырман тағдырларды түсініп, жазушымен бірге ойланып, дұрыс шешімге келеді. Оқушының өмірден өз орнын табуына оң әсер алады. Талдау жасау арқылы оқырман «саналы кеуде, құйма құлақ» бар жерде ғана болашақ жарқын екенін түсінеді.
Әдебиет пен өнер - адам рухының тап өзі сияқты көшірмесі. Қалай өмір сүрсек, әдебиет солай жазылады. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда көркі қашпай көркем күйінде берілуі талдау кезінде айқындалады.. Юсуп Баласағұни: «Айтылмаған сөздерің сап алтындай, тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай» - деп, көркем сөз көрікті ойдан туатындығын айтқан екен. Адамның рухани әлемін, оның адамгершілік бүкіл ішкі сезім қасиетін қалыптастырып байытуда әдебиеттің, ана тілі пәнінің атқарар қызметі ерекше. Көркем туындыны толық, терең әрі жан-жақты түсіну оны талдаудың түр – түрін жетік меңгеріп, оларды талдаудың жоғары мәдениетін ғылымдық сапада жүргізуді талап етеді. Олардың қай –қайсында да зерттеушінің алдына әдеби шығарманың шынайы көркем табиғатын ашу мақсаты тұрады.
Мәтін - қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту обьектісі. Мәтінге тіл бірліктері, яғни сөз, сөз тіркесі, сөйлем тегіс қатысады.
Әдістемелік тұрғыдан келгенде мәтіннің белгілеріне мыналар жатады:
1.Сөйлеу түрі
2.Сөйлеу формасы
3.Сөйлеу стилі
4.Шығарма жанры
5.Сөйлеу тәсілі
6.Сөйлеу эмоционалдылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |