Мәтінмен жұмыс жасаужаттығулары:
1) Мәтіннен бір әріпті, буынды не сөзді іздеп табу. Баланың зейінін дамытады.
2) Мәтіннен кілт сөздерді табу. Ойлау, негізгіні көре білу қабілетін дамытады. Мәтін мазмұнын түсінуге бейімдейді.
3) Антиципация. Мәтіннің мағынасына қарай сөйлемде жоқ сөздерді болжай білу қабілетін дамытады. Сөздегі түсіп қалған әріптерді анықтай білуге, сөзді толықтырып оқуға бейімдейді.
4) Бетбелгіні қолдану. Мәтінді оқығанда бетбелгімен оқылған қатарды жауып отыру керек. Бұл сөзді және қатарды қайталамай оқуға бейімдейді.
5) Мәтін мазмұнын түсініп оқу. Мәтін мазмұны бойынша балаға сұрақтар қою, балаға сұрақ құрастыруды үйрету.
Бастауыш сынып баласына осы техникаларды меңгерту үздіксіз жұмыс жасауды қажет етеді. Бала тез жалыққыш болады. Әр тапсырмаға 5- 7 минут арнаса болады. Мәтінді не сөздер кестесін жылдамдық пен уақытқа оқуды үнемі жүргізіп отыру қажет.
1 минутта баланың оқу қарқынын белгілеп отыру маңызды. Бала өз жетістігін көріп отыруы оған алға жылжуға әсер етеді, шабыттандырады. Бала жылдам оқумен қатар оқығанын түсініп, мәтіннен не түйгенін айтып бере алса, мақсатымызға жеткеніміз. «Білім негізі –бастауышта» дегендей, бастауыш сынып оқушысы ақпаратты тез, берік есте сақтайды.