Мәтіннің жоспары, тақырыбы, түрлері Қазақ тілі 3 сыныбы



Дата25.12.2016
өлшемі42,16 Kb.
#4784
Мәтіннің жоспары, тақырыбы, түрлері

Қазақ тілі 3 сыныбы


Тақырыптар:
1) Мәтін жоспары
2) Мәтіннің түрлері
3) Мәтін тақырыбы

Мәтін жоспары


Сілтеме: жоспар
Мақсаты: Мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.
Күтілетін нәтиже: берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрау.
Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Авторға сұрақ қою», «Әңгімені бірлесе жазу» стратегиялары.

Психологиялық дайындық


Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде:
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Геометриялық фигураларға жазылған сандарға байланысты топқа бөлу
Ой - толғаныс.
- «Менің мысығым» тақырыбына жазған мәтіндерін тыңдау

Жаңа сабақ


Қызығушылығын ояту
«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиялары бойынша жұмыс істеу шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып, жайылып қойылады. 
Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтқызуға болады.
Содан кейін осы мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Кіріспе.
Мағынаны тану кезеңі


1 - жаттығу. 49 бет
Мәтінді оқы. Мәтіндегі абзацтардың орны ауысқан. Абзацтарды дұрыс орналастыр.
1. Ботаның орамалын ұмытуы
2. Орамалын тауып алуы
3. Ұмытшақтығына ұялуы
2 - жаттығу 50 бет
Сөйлемдерді оқып, қандай қате жіберілгенін табу.
Құстарды қорғау керек, өйткені олар біздің қанатты достарымыз.
Көлдің жағасында балықшылар отыр.
Құстар күзде жылы жаққа ұшып кетеді.
Бұзау өрістен келе жатқан енесін көріп, мөңіреді.

Сергіту сәті.


Ой қорыту:
«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы былай жүзеге асырылады. Әртүрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады, әр топ бір - бір тақырыпты таңдап алады. «Менің мысығым», «Жазғы демалысым», «Күзгі табиғат»
Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру арқылы жазады.
Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1 - оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2 - оқушы болған оқиғаны жазады, яғни негізгі мәселеге тоқталады, 3 - оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4 - оқушы оқиғаға өз көзқарсын білдіреді.
Өзін - өзі бағалау, жұптық бағалау, бағалау парағы арқылы бағалау

Мәтін деген не?

Қазақ тілі
Тақырыбы: Мәтін деген не?
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мәтіннің бөліктері туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, көше тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Түрлендіру, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу, жұптық жұмыс, ойын
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Ой қозғау
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Үнді дауыссыздарды ата?
3. Ұяң дауыссыздарды ата?
4. Қатаң дауыссыздарды ата?
5. Сөздерді талдау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Қызығушылықты ояту
Сандарды өсу ретімен қойсақ, бүгінгі сабақ тақырыбының аты шығады.

Нәтімегденен?


5 2 3 4 1 7 8 6 9 10 12 11 13

V. Проблемалық әдіс


Бақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан - жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
Екі баланың ісіне ел риза болды.
1. Бұл тыңдағандарың не?
2. Мәтінде неше сөйлем бар?
3. Әр бөлік неден басталған?
4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?
5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

Мәтіннің үш бөлімі болады:


Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
Ереже
Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
VI. Кітаппен жұмыс
190 - жаттығу. Бірінші, екінші бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы.
Ара - жәндік. Оқушы құстың Ара - бал беретін қанатты
суретін салды. Апам тон тікті. жәндік. Ол гүл шырынымен
қоректенеді. Балды омартаға
жинайды.
Бірінші бағандағы сөйлемдерде не туралы айтылған? Екінші бағанда ше? Қандай айырмашылық байқадың?
Қай бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға болмайды? Неге?
VII. Сергіту
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

VIII. Адасқан сөйлемдер (ойын)


191 - жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра.
Бөлменің ауасы таза. Оның терезелері үлкен. Мынау - менің бөлмем. Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел, орындықтар қойылған.

IX. Ой қозғау


Өз бөлмелеріңді сипатта.
Мәтіннің үш түрі болады
Әңгімелеу (не істеді?)
Сипаттау (қандай?)
Пайымдау (неліктен?)
X. Тіл дамыту жаттығулары 192 - жаттығу Мәтінді оқып, оған ат қой.
Бұғы - сиырға ұқсас мал. Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі. Олар суыққа төзімді. Қыс кезінде қарға батпай жүру қиын. Ал солтүстік бұғылары қарға батпай жүре алады. Сондықтан олар көлік ретінде пайдаланылады. Бұғылар мүк пен қынаны жейді. Қыста қуатты, жалпақ тұяғымен қарды теуіп жайылады.

XI. Шығармашылық жұмыс


1. Бұғы қандай жануар?
2. Бұғының қандай ерекшелігі бар?
3. Солтүстік бұғысы немен қоректенеді?

XII. Тіл дамыту жаттығулары


193 - жаттығу. Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра.
Тақырып: Көше тәртібі.
Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол.
Жол тәртібін білейік,
Аман – есен жүрейік!
Үйге: 193 жаттығу.
194 – жаттығу. Ауызша. Қайсысы мәтін екенін дәлелде.
Сейіт пен Досан - аңшылар. Аңшылар кеш оралды.
Екеуінің де бүркіті және Қынаның жапырақтары
тазысы бар. Олар қыста болмайды. Құрылысшылар
аң аулайды. үй салды.

Сөз ойла, тез ойла” (ойын)


Бір сөзден көп сөз ойла.
Бесбармақ
XIII. Қорыту
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін неше бөліктен тұрады?
Әр жол қалай жазылады?
Мәтін неше түрге бөлінеді?
XIV. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет