Жобаныѕ таќырыбы



бет1/4
Дата26.10.2022
өлшемі1,16 Mb.
#154881
  1   2   3   4
Байланысты:
10 сыныпТермо параметр, molekuli, 93qiqxsclv1c1d75mjdwsv2ji8a925sukxzkzwtkul6quj, Латинский язык и основы фармацевтической терминологии, М. Н. Чернявский, 2015 (1), Латинский язык. 1 курс ЛД, Химиялық өнеркәсіптердегі еңбек санитариясы воуд, Сро . Зейнеп . З. М . социология, Сро . Зейнеп . З. М . социология, Дәрістер курсы, Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері (диплом) 7kun.kz
  • Асқорыту – өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып организмге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынымен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады, бұлардың әсерін күрделі заттар қарапайым заттарға ыдырайды.
  • Тоқ ішек
  • Ауыз қуысы: тіл, тіс
  • Жұтқыншақ
  • Өңеш
  • Қарын
  • Ұлтабар
  • Аш ішек
  • Тік ішек
  • Асқорыту жүйесінің қызметі:
  • Сөл шығару (секреция, секреторлы қазмет) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер (гидролазалардан) тұрады: протеаза (белоктарды пептид, амин қышқылдарына ыдыратады), липаза (майды – май қышқылы мен глицеридке), карбогидролазалар – полисахаридтерді (крахма, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.
  • Қимыл (моторлық қызмет) қызметін бірыңғай салалы еттер атқарады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтардан құралған. Асқорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі тарылып, ұзарады, ал ұзыннан орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар сыртқа шығарылады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет