Жобаныѕ таќырыбы


Қоректік заттарды сіңіру қызметі



бет2/4
Дата26.10.2022
өлшемі1,16 Mb.
#154881
1   2   3   4
Қоректік заттарды сіңіру қызметі. Адамға қажетті қоректік заттар қарапайым қосындыларға ыдырап, биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Жалпы алғанда қоректік заттар ащы ішекте сіңеді.
  • 4. Экскреторлық қызмет- тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі.
  • 5. Эндокриндік қызмет. Ішек-қарын кілегейлі қабығында, қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен асқорыту процесін, зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады.
  • Асқорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15-30 секундтей кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам (ас кесегі) шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі, фишкалық қасиеттері туралы мағлұмат алынады. Көмірсулы заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды. (Ұсатылған ас кесегі сілекейге шылапып, шырышпен қапталып тілдің түбіріне қарай жылжиды да жұтқыншаққа жетіп жұтылады.
  • Сілекей дегеніміз - сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, атап айтқанда, шықшыт, жақасты, тіл бездерінің, сондай-ақ ауыздың шырышты қабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің сөлі (секреті).
  • Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады, ол басқа уақытта да үзілмейді: ауыз іші үнемі дымқылданып түрады, онсыз адам дыбыс шығара алмайды (сөйлей алмайды). Сілекей қоймалжың, сүйық зат, Оның құрамында 0,5-1,5% қүрғақ зат бар, қалғаны су. Сондықтан оның сыбағалы салмағы судан аз-ақ жоғары (1,001-0,017). Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттардан сілекейде натрий, калий, кальций,магний хлоридтері, сульфаттары, карбонаттары, иодит, бромид, фторидтер жэне аз мөлшерде роданит тұздары, микроэлементтер (темір, никель, литий) бар.
  • Сілекей құрамында органикалық заттар (альбумин, глобулин сияқты белоктар, муцингликопротеңц, ферменттер) бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп. Сілекейдегі әрбір қалдық заттың мөлшері қандағы мөлшеріне байланысты. Ондағы негізгі фермент а-амилаза. Сілекей құрамында сондай-ақ микроорганизмдерді өлтіретін лизоцим ферменті болады. Лизоцим әсіресе ит пен мысық сілекейінде көбірек, сондықтан да олар жарасын жалап дертінен тез айығып кетеді. Адам сілекейінде лизоцим өте аз, ал аузында сапрофиттер көп, қолайсыз жағдайда олар зиянды микробтарға айналып, ауру тудыруы мүмкін.
  • Қарын дегеніміз ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Оның сыйымдылығы 2-4 литрдей, сырт пішіні мүйізге ұқсайды. Қарын бірнеше бөліктен тұрады. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиа деп аталады. Қарынның жоғарғы жағы күмбез тәрізді жоғары қарай көтеріңкі келеді, бұл - қарын күмбезі, қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус (қақпақша) деп, ал қарынның қақпақшаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлік болып саналады. Қарынның алдыңғы және артқы беткейі, жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шеті дөңестеу, ал төменгі шеті ойыстау келген. Адамда қарын бездері тәулігіне 2-2,5 литрдей сөл шығарады. Ол түссіз, реакциясы қышқыл (рН - 0,9-1,5) зат.
  • Қарын сөлінде Nа, К, Са хлоридтері, сульфаттары, фосфаттары бар. Әсіресе тұз қышқылы көп (0,3-0,5%).
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет