Жобаныѕ таќырыбы


Зәршығару жүйесінің физиологиясы



бет4/4
Дата26.10.2022
өлшемі1,16 Mb.
#154881
1   2   3   4
Байланысты:
10 сыныпТермо параметр, molekuli, 93qiqxsclv1c1d75mjdwsv2ji8a925sukxzkzwtkul6quj, Латинский язык и основы фармацевтической терминологии, М. Н. Чернявский, 2015 (1), Латинский язык. 1 курс ЛД, Химиялық өнеркәсіптердегі еңбек санитариясы воуд, Сро . Зейнеп . З. М . социология, Сро . Зейнеп . З. М . социология, Дәрістер курсы, Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері (диплом) 7kun.kz
Зәршығару жүйесінің физиологиясы
  • Сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, асқорыту түтігі. Бүйректің негізгі қызметі - несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шыгару) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты. Әдетте, ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мл (орта есеппен 1500 мл) несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигурия - тәуліктік диурездің азаюы; полиурия - тәуліктік диурездің көбеюі, анурия - несеп түзілуінің тоқтауы.
  • Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы - нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар.
  • Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үздіксіз жасалады, бірақ оның организмнен шығарылуы белгілі бір уақыт арасында орындалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тәулігіне 2-3 рет, ал балаларда жас ерекшелігіне қарай жиі шығарылады. Несеп шығаратын мүшелерге несепағар, қуық және несеп шығаратын түтік жатады.
  • Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтіктерден тостағаншаларға өтеді, тостағаншалар толып жиырылуынан, бүйрек түбегі арқылы несепағарға ауысады. Несепағардың толқынды жиырылуынан аз көлемде несеп 2-3 мм/с жылдамдықпен қуыққа құйылады.
  • Қуық уақытша несеп жиналатын, іші қуыс, көлемді мүше. Несеп қуықта ешқандай өзгеріске ұшырамайды, кері сіңбейді, коюланбайды.
  • Несеп шығару жүлынның бел және сегізкөз бөлімінде орналасқан жүйке орталықтары арқылы реттеледі. Ондай жүйке орталықтары ми бағанында (Варолий көпірі, артқы гипоталамус) және үлкен ми сыңарларының қыртыс қабатында да орналасады. Адам өз еркімен несеп шығаруды бастап немесе тоқтата алады, бүл несеп шығару ми қыртысымен реттелетіндігіне дәлел. Еріксіз түрде несеп шығару тек бөбектерде ғана болады. Онтогенезде жүйке құрылымдары жетілуіне байланысты шартсыз рефлекстік реттелумен қатар, несеп шығарудың шартты рефлекстік реттелуі дамиды.
  • Бала 1,5-2 жасқа келгенде несеп шығарудың шартты рефлекстік реттелуі күндіз ғана емес түнде де пайда болады. Кейде 12-13 жастағы балалардың 5%-ында түнде несеп ұстай алмауы байқалады -оны энурез деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет