Тарихи аңыздар мен шежірелер қандай дерек көзіне жатады?
а/жазбаша б/ауызша с/антропологиялық
Мемлекеттік және сауда құжаттары қандай тарихи деректерге жатады?
а/этнографялық б/ жазбаша с/ауызша
Тыйындар,құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән қалай аталады?
а/геральдика б/нумизматика с/антропология
Елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарих пәні қалай аталады?
а/этнография б/ геральдика с/нумизматика
Адам қаңқасын зерттеу арқылыадамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы қалай аталады?
а/антропология б/этнография с/нумизматика
Халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым?
а/ономастика б/топонимика с/этнография
Пикторграфия деген не? а/тасқа,қышқа жазылған сурет жазулар б/папирустағы жазу с/көне түрік жазуы
Қазіргі біз қолданып жүрген әріптерді ойлап табушылар? а/гректер б/финикиялықтар с/ежелгі түріктер
Атаулар тарихын зерттейтін ғылым? а/мұрағат б/ономастика с/археология
Археология-
а/адамзаттың өткен тарихын қаңқа сүйектер арқылы зерттейтін ғылым б/ адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым с/ жер-су атауларын зерттейтін ғылым
Тарихқа саяхат Адамның жаратылуы Тотем-деген не?
а/ рулық қоғамда адамның шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарға байланыстырып қолданатын зат б/ тобыр дегенді білдіреді с/ еңбек құралының дамыған түрі
Маймыл тектес ең алғашқы жабайы аңдар қалай аталады? а/ питекантроп б/гоминид с/ синантроп
Олдувайда табылған австралопитектерді ғалымдар қалай атады? а/ «хомо хабилис» б/гоминид с/ «хомо сапиенс»
Алғашқы питекантроптың сүйек қалдықтары қашан және қай жерде табылды? а/1927ж Қытайдың Чжоу-коу-дянь үңгірінде б/ 1890-1892жж Ява аралында с/ 1938ж Тесіктас үңгірінде
1938ж академик А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен кімнің сүйегін тапты? а/ неандерталь баланың б/ синантроптың с/питекантроп
Алғашқы Кроманьондық қай жерден табылды? а/ Ява аралынан б/Франциядан с/Қытайдан
Питекантроп шамамен қашан өмір сүрді? а/б.з.б. 800-500мың жыл бұрын б/ б.з.б. 500-200 мың жыл бұрын с/ б.з.б. 100-35 мың жыл бұрын
Кроманьондық адам осыдан неше жыл бұрын қалыптасты? с/ б.з.б. 100-35 мың жыл б/ б.з.б. 40-35 мың жыл бұрын с/б.з.б. 500-200 мың жыл бұрын
Австралопитектің миы неше куб см? а/1000 куб см б/600-650 куб см с/700-750 куб см
Қазақстан жерінде алғашқы адамдар неше жыл бұрын мекендеген? а/ 1млн жыл бұрын б/500 мың жыл бұрын с/800 мың жыл бұрын
Болас деген не? а/аң аулауға пайдаланған жіпке байланған домалақ тас б/ қатты тастан жасалған кескіш құрал с/ үшкір таяқша
Чоппер деген не? а/аң аулауға пайдаланған жіпке байланған домалақ тас б/ қатты тастан жасалған кескіш құрал с/ үшкір таяқша
Шақпақ тастан жасалған қолшапқының салмағы неше кг болған? а/ 1кг б/2кг с/4кг
Имек ағаш сияқты аңға лақтыратын құрал қалай аталады? а/ чоппер б/бумеранг с/болас
Неолиттің басты жаңалығы –
а/садақ пен жебе б/балшықтан ыдыс жасау және егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы с/от пайдалану
Тарихта ең аз зерттелген кезең қандай? а/мезолит б/неолит с/палеолит
Біздің жерімізде соңғы мамонттар өмір сүрген уақытты анықта а/ б.з.б. ІХғ б/ б.з.б. Хғ с/б.з.б. ХІғ
Доғал және домалақ ұшы бар жебені адамдар негізінен қандай жануарға қолданды? а/ мамонттарды аулағанда б/ жүйрік жануарларды уалағанда с/ терісі бағалы аңдар мен құстарды аулағанда