Ұйымдастыру-
шылық ізденістік
|
Ғажайып сәт:
Есік ұрылып ішке почташы хат береді.
- Балалар, сендерге хат келді.
- Кәне, ендеше хатты ашып көрейік.
Тәрбиеші: «Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мен келдім, бірақ орман әлі оянған жоқ. Сендер келіп құстарды, аңдарды, гүлдерді оятуға көмектесесіңдер ме?»
Көктем.
- Балалар, көмектесеміз бе?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Балалар, қараңдаршы, суретте ештеңе көрінбейді (орман суретін көрсету)
Орман әлі ұйқтап жатыр.Ендеше уақытты көп созбай, көмекке жолға шыгайық.
-
Орманға қандай көлікпен барсақ екен?
Паровоз болып тұрайық
Кәне, кімнің бойы ұзын
Паровозы ол пойыздың
Қатар-қатар тұрайық
Пойызды біз құрайық
Ал, паравоз, бас алға!
Пыш-пыш-пыш, біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік.
Гу-гу, гу-гу, гулде
Қалып қойма біріңде,
Пш-пш-пш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік.
(Құстардың даусы естіледі)
- Балалар, бұл ненің даусы?
- Алғаш көктемде қандай құс ұшып келеді?
- Енді қарлығаштың суретің орналастырайық.
- Міне, құстар оянды.
- Балалар, ненің даусы естіледі?
- Енді судан калай өтсек екен?
- Тастардың үстімен өтейік
- Мынау не?
- Бұл гүлді қызғалдақ деп атайды, бізді жол гүлдер алаңқайына алып келді (гүлдердің сабағы, күлтесі, жапырағы бар)
- Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші (Тыныс алу жаттығуы)
- Гүлдерді суретімізге жабыстырайық, гүлдер де оянды.
(Қорылдаған оюдың даусы естіледі )
- Ой, балалар, бұл ненің даусы?
- Бұл аюдың апаны ғой, ішін қарайықшы.
- Мұнда, балалар, үш аң бар екен – аю мен кірпі, қоян.
Біз аңдарды ояту үшін, аңдар туралы өлең айтайық.
- Біз міне аңдарды да ояттық, оларды суретке орналастырайық.
(Жаңбыр дыбысы естіледі)
-
Балалар, мынау ненің дыбысы?
Саусақ жаттығуы:
«Жаңбыр, жаңбыр »
Тық-тық, тық-тық
Жауа, жауа жауады
Жаңбыр, жаңбыр себелеп,
Бұлтар төніп тұрады.
- Жаңбырдан соң ағаштар бүршік атып, жапырақтар шығады
- Көктемде жапырақтардың түсі қандай болады?
Ендеше орманды ояту үшін жапырақтарды жабыстырамыз
- Міне, ағаштар да ұйқысынан оянды.
- Балалар, бір нәрсе жетпейтін сияқты. Орманымыз жарық болу үшін не керек?
- Күннің түсі қандай?
- Күннің пішіні қандай?
- Ондай болса күнді үрлеп жібереміз.
( Орман әуені орындалады)
- Міне, көктемгі орманды ұйқысынан ояттық.
- Көктемнің көңіл-күйі қандай?
«Гүлдер мен аралар» ойыны
-
Балалар, “ұшамыз гүлдер” дегенде гүлдерге қонамыз. Балалардың қалауымен ойнату.
|
Ия
Көктем
Қар ериді, күн жылынады, құстар ұшып
келеді, шөптер өсіп шығады.
Пойызбен
Құстардың
Қарлығаш
Судың
Гүл
Аюдың
жаңбырдың
Жасыл
Күн
сары
дөңгелек
Балалар көңілді эмоциялық күйді көрсетеді.
|