С а б а қ ж о с п а р ы
Күні:27.01.2017ж Сынып: 2 «Ә»
Пәні: Математика
Тақырыбы: 27+36 және 63 – 27 жағдайындағы қосу мен азайту.
Мақсаты:
27 + 36 және 63 – 27 жағдайларындағы қосу және азайту жайлы түсінік беру. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Зейінділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үлестірмелер бойынша, интерактивті тақта, слайд, видео.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: қайталау
ІІІ. Өткенді пысықтау:Үлестірмелер мен жұмыс жүргізу.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
27-қаңтар
Класс жұмысы
Амандасу
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтап сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз.
Ал, балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шеңбер болып тұрайық. Мен қағаз таратам сендер бірін тандандар. Тандаған қағазымызды оқиық және сол арқылы топқа бөлінейік. Ал енді қолымызды нұсқау арқылы көшбасшысын сайлап алайық.
Жарайсындар!
Ү. Жаңа сабақ:
Балалар мен сендерге бір сурет көрсеткім келіп тұр.
Қарандаршы бұл ненін суреті?
Бұл гүл ненін белгісі? Иә
Expo 2017 astana қаласында өтетін көрме.
Жарайсындар!
Балалар енді мен сендерге Expo 2017 astana қаласында өтетін көрме жайлы видео көрсеткім келіп тұр. Барлығымыз интерактивті тақтаға қарайық.
Сонымен біздің Қазақстан Астана қаласында Expo 2017 astana көрмесіне дайындық өте қызу өтуде екен.
Балалар біздің елден басқа елдерде де Expo көрмесі өткен. Сол көрме өткен елдерден бізге тапсырмалар, есептер келіпті.
Ақш елі – бізге сұрақтар жіберіпті.
1. Үш төбесі, үш қабырғасы бар қандай фигура?
2. Қосудың қандай қасиеттері бар? Ауыстырмдылық және терімділік.
3. Шаршының ережесін айт. Барлық қабырғасы тең фигураны шаршы дейміз.
4. Қарама – қарсы қабырғалары тең қандай фигура? Тіктөртбұрыш
5. Екі таңбалы сандарды қосудың қандай тәсілі бар? Ондықты ондыққа қосып және бірлікті бірлікке қосып аламыз. Баған түрінде қосамыз.
6. Екі таңбалы сандарды азайтудың қандай тәсілі бар? Ондықпен ондықтың айырмасын және бірлікпен бірліктін айырмасын қосып аламыз. Баған түрінде азайтсақ болады.
7. Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін не істейміз? Буындардың ұзындықтарын қосу керек.
8. Қандай өрнектерді білеміз? Санды және әріптік өрнектер.
Жарайсыңдар!
Португалия елі – кітаптың 150 бетін ашындар депті. Және сол беттегі №1,2 есепті қарандар делінген.
№1. Мына қосындылардың мәндерін таба аласың ба: ауызша
20+30 7+6 50+13
Әр топ бір бірден орындайды.
Жазуды пайдаланып, қосудың тәсілдерін түсіндір.
27+36=/27+30/+6=63
27+36=/20+36/+7=63
27+36=/20+30/+/7+6/=63
№2. Қосынды мен айырмалардың мәндерін таба аласың ба? Ауызша
50-20 13-7 30+6
Жазуды пайдаланып, азайтудың тәсілдерін түсіндір.
63-27=/63-20/-7=36
63-27=/63-7/-20=36
63-27=/60-20/-/7-3/=36
Әр топ бір бірден орындайды.
Жапония елі - № 3 есеп беріпті.
Әр топқа А3 таратылады соған балалар есепті орындайды.
3см + 1дм 1см=1дм 4см
4дм 3 см – 3дм 9 см = 4см
14см
4см
Сергіту сәті: видео
Италия елі - №4
Тақтамен жұмыс
27+36 баған түрінде көрсет
73+17 үш амалмен шығар
35+47 екі амалмен шығар
84-25 баған түрінде көрсет
43+29 үш амалмен шығар
Испания елі №5 сөз есеп .Әр топқа ақ парақтар таратылады.
Ұлы – 5
Қызы - ? 2 еуі кем
Немересі -13
Шешуі: /5-2/+5=8
/5+3/+13=21
Жауабы :барлығы 21 баласы 13 немересі бар.
Қытай елі. №6 Балықтың қаңқасына орындау.
10+20=30 40+10=50 60+10=70 80+10=90
90-80=10 90-60=30 90-40=50 90-20=70
ҮІ. Білімдерін тексеру
Шығармашылық есеп.
Балапанға көмектес:
/13+5/-10=8
Кел, ойнайық!
78 – 53= 25 60 – 35=25
20 + 45=65 44 + 16=600
70 – 45=25 56 – 19=37
37+33=70
ҮІІ. Қорыту:Бүгін не білдік?
Қазақстан елі. Ауызша есептер
1 сағ 10 мин – 70мин
1 сағ 30 мин – 90мин
120мин – 2сағ
1 тәулік – 24 сағ
1жыл – 123 ай
1 ғасыр – 100жыл
Кері байланыс : Балалар тілектерін жабыстырады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:№ 7 , 151 бет ,бағалау
«Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Тақырыбы: 27+36 және 63-27
жағдайындағы қосу мен азайту.
Тлеужарова А.Е.
Достарыңызбен бөлісу: |