Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя


Салыстырмалы  артықшылықтар  теориясы



Pdf көрінісі
бет314/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
Салыстырмалы  артықшылықтар  теориясы
  –  қандай  да  бір  ел  мамандандырылған 
өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда баламалы (салыстырмалы) шығындары 
аз болатындай етіп жүзеге асыруы керек. Сонда жалпы өнім де жоғары деңгейде болады.  
Салыстырмалы  артықшылықтар  теориясында  сыртқы  сауданың  шарты  абсолюттік 
шығындар айырмашылығы болуы міндетті еместігін және абсолюттік артықшылық болмаса да 
сыртқы сауданың тиімді екенін пайымдады. 
Д.  Рикардоның  ойынша,  елдер  салыстырмалы  арзан  тауарларды    сыртқа  шығарып 
(экспорттап), ал өз еліне қарағанда шет елдерде аз шығын кететін тауарларды әкелуі тиіс. Әр ел 
басқа  елге  қарағанда  абсолюттік  шығындары  жоғары  болса  да  салыстырмалы  шығындары 
төмен өнімдер өндіруге мамандануы керек. 
Ағылшын  экономисі  Дж.Ст.  Милль  тауар  айырбасы  қандай  баға  арқылы  жүзеге 
асырылады деген сұраққа жауап бергісі келді. Оның ойынша, импортталатын тауарлар бағасы 
экспортталатын тауарлар бағасымен өлшенеді. Басқаша айтақанда, айырбас бағасы импорт пен 
экспортты  теңестіретін  сұраныс  пен  ұсыныс  заңына  байланысты  анықталады.  Милльдің 
халықаралық  сауда  теориясы:  тауарына  сұранысы  бар  және  шетел  тауарларын  көп  қажет 
етпейтін ел әрқашанда ұтады деген қағидаға негізделеді. 
Қазіргі батыс экономистері (неоклассикалық теория өкілдері)  
Д.  Рикардоның  халықаралық  сауда  теориясын  одан  әрі  дамытып  жетілдірді.  Бұл 
бағыттағы  теорияның  дамуына  зор  үлес  қосқан  швед  ғалымдары  Эли  Хекшер  және  оның 
шәкірті  Бертиль  Олин,  американдық  ғалым  П.Самуэльсон  (Хекшер-Олин  үлгісін 
математикалық  түрде  экономикалық  тәжірибеге  бейімдеп  берді)  болды.  Сондықтан  аталмыш 
үлгіні батыста Хекшер-Олин-Самуэльсон үлгісі деп те атайды. 
Хекшер-Олин  үлгісін  өндіріс  факторлары  сәйкестігінің  теориясы  деп  атайды.  Әр  елде 
тарихи  және  географиялық  ерекшіліктеріне  байланысты  өндіріс  факторлары  –  еңбек,  капитал 
және  жер  ресурстары  әркелкі  орналасқан.  Соған  байланысты  неоклассиктердің  тұжырымдауы 
бойынша:  жұмыс  күшінің  артықшылығы  бар  елдерге  көп  еңбек  жұмсалатын  тауарларды 
өндіруге маманданған тиімді, ал капитал артықшылығы бар елдер капиталды көп қажет ететін 
тауарларды экспорттағаны дұрыс. 
Хекшер-Олин үлгісі бірнеше рет тексерілді. Американ экономисі В. Леонтьев 1954 жылы 
өзінің мақаласында: «1947 жылы капитал артықшылығына ие АҚШ елі еңбекті көп қажет ететін 
тауарларды  шетке  шығарды»  деп  жазды.  Бұл  әрине  Хекшер-Олин  теориясына  қайшы  келді. 
Аталмыш сәйкессіздік «Леонтьев қайшылығы (парадоксы)» деген атқа ие болды.  
1991-жылы 
американ 
экономисті 
Майкл 
Портер 
«Елдердің 
бәсекелестік 
артықшылықтары»  зерттеулерін  жүргізді  (орыс  тілінде  «Халықаралық  бәсекелестік»  деген 
атпен  басып  шығарды).  өндірісі  жағынан  дамыған  сегіз  елдең  100  шақты  саласын  қамтып, 
ауқымды статистикалық мәліметтерді талдау негізінде дайындалған бұл зерттеуде мүлдем жаңа 
әдістерді  халықаралық  саудада  қалай  қолдану  керектігі  жазылған  болатын.  Осы  әдіске 
сілтеменің  бірі  келесідей:  «Халықаралық  саудада  елдер  бәсекелеспейді,  керісінше  фирмалар 


бәсекелеседі.  Фирма  бәсекелестік  артықшылықты  тудырады  және  ұстанады,  бұл  үшін 
мемлекеттің осы процестегі ролін түсіну керек». 
Бәсекелестік барысында фирма стратегиясына екі мүмкіндік әсер етеді: 
1. 
Саланың  құрылымы
,  мұнда  фирма  іс-әрекет  жасайды,  әсіресе,  бәсекелестікке,  соның 
ішінде салалық бәсекелестікке төмендегідей 5 (бес) фактор әсер етеді: 
1)
 
жаңа бәсекелестердің пайда болуы; 
2)
 
жаңа тауарлардың пайда болуы; 
3)
 
жеткізіп берушілердің саудаласа білуі; 
4)
 
сатып алушылардың саудаласа білуі; 
5)
 
ескі бәсекелестердің өзара бәсекелесуі. 
2. 
Саладағы  фирманың  алатын  орны, 
оның  рөлі  бәсекелестік  артықшылықпен 
анықталады.  Фирма  бәсекелестік  артықшылығы  болған  жағдайда  ғана  өз  бәсекелестерінің 
алдына шығады: 
1)
 
Фирмалардың тауарларды өндіріп және бәсекелестеріне қарағанда оны салыстырмалы 
бағамен сата білуі олардағы шығынның төмен екендігін куәландырады. 
2)
 
Тауарлапдың  дифференциясы  немесе  фирманың  тауар  сатып  алушыларының 
қажеттілігін  қанағаттандыра  алуы,  яғни  жоғары  сапалы  тауарды  немесе  қолдану  қасиеттеріне 
қарай тауарды ұсынуы. 
        Жоғарыда  айтылған  бәсекелестік  және  бәсекелестік  стратегия  сыртқы  және  ішкі 
нарықта бірдей дәрежеде қолданылады.  
Мемлекеттік  сыртқы  сауда  саясаты  екі  типте  жүргізіледі:  протекционизм  және  еркін 
сауда (фритредерство). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет