Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя


 Фритредерлік (ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) саясат



Pdf көрінісі
бет316/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
2. Фритредерлік (ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) саясат
 – ішкі рынокқа шетел 
капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. 
Фритредерлік ХVІІІ ғасырда Ұлыбританияда пайда болды. 
Еркін сауданы жақтаушылардың аргументтері: 
1.
 
Фритредерлік  еркін  саудаға  қатысушы  елдердің  тұрмыс  деңгейі  мен  сапасын 
көтереді. 
2.
 
Фритредерлік  бәсекенің  дамуына  жағдайлар  жасап,  отандық  өндірушілердің  жаңа, 
сапалы тауарлар өндіруге ынтасын көтереді. 


3.
 
Фритредерлік жаңа рыноктардың дамуына мүмкіндік тудырады. 
4.
 
Фритредерлік өндірістік ресурстардың елдер арасында оңтайлы бөлінуін қамтамасыз 
етеді. 
Протекционистер  және  фритредерліктердің  көзқарастарын  салыстыра  келе  мынадай 
тұжырым  жасауға  болады:  протекционистер  қысқа  мерзімді  мүдделерді  көздейді, 
фритредерліктер  ұзақ  мерзімді  мақсаттарға  негізделеді.  Алайда  нақты  елге  протекционизм 
тиімді,  ал  фритредерлік  зиян  деп  немесе,  керісінше  айтуға  болмайды.  Итальян  экономисі    В. 
Парето айтқандай: «Қандай да бір елдің белгілі бір уақыт мерзімінде өзінің экономикалық және 
әлеуметтік жағдайын біле отырып, ол елге сол уақытта қандай саясаттың қажет екенін анықтап 
алу қажет – протекционистік  пе, әлде еркін сауда ма». 
Сауда  саясаты  тарифтік  немесе  тарифтік  емес  құралдар  арқылы  жүзеге  асады.  Сыртқы 
сауданы шектеудің кең тараған әдісі – импорттық тарифтер: кеден (баж) салығы. Кеден салығы 
шетел  тауарларына  салынады,  нәтижесінде  тауарлар  қымбаттайды,  сұраныс  азаяды.  Кеден 
салықтары фискалдық қызмет атқарады, яғни ол мемлекет бюджетін толықтырудың негізгі көзі  
болып табылады.  
Алайда  импорттық  тарифтер  отандық  тұтынушыларға  біршама  зиян  әкеледі,  өйткені 
тарифтерді енгізу импорттық тауарларды қымбаттатады, нәтижесінде отандық сатып алушылар 
қосымша салық төлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет