сақтандыру (полис иесі өзі сақтандыру сомасының жартысын төлейді) немесе франшизалар арқылы.
Франшизалардың шарты: сақтандыру жағдайы туып, оның құны белгіленген сомадан төмен болса,
полис иесі шығындарды өзі жабады, ал егер белгіленген сомадан жоғары болса, айырымын сақтандыру
компаниясы төлейді. Мысалы, үйді өрттен сақтандыратын полистегі франшиза 50000 құрайды, өрт
болып қалған жағдайда шығындар 40000 құраса, оларды үй иесі өзі төлейді. Егер өрттің құны (шығыны)
150000 бағаланса, 50000 соманы өзі төлейді, ал 100000 – сақтандыру фирмасы.
Ақпараттың симметриялық еместігін көрсететіп енді бір ахуал «тапсырыс беруші – агент»
мәселесі. «Тапсырыс беруші – агент» қатынастары мына жағдайда пайда болады: мәміленің бір
жағы (тапсырыс беруші) екіншінің (агент немесе атқарушы) қызметінен тәуелді болып, ол
туралы толық ақпараты болмағанда. Мысалы, фирма директоры (немесе менеджері) жалданған
қызметкерлердің қандай нәтижелілікпен жұмыс істеп жатқандары жөнінде толық
ақпаратталмаған. Егер ол қызметкерлер жұмысының мониторингін жасай алса, фирманың
нәтижелілігін қамтамасыз етуші еді. Қызметкер жөнінде дәл, шын, шұғыл ақпарат
болмағандықтан, жұмыстан жалтару, алаң болу мәселесі туындайды, өйткені барлық
қызметкерлер бірдей жалақы алады.
Достарыңызбен бөлісу: