Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет144/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
 
 
4. Қоғамдық  игіліктер. 
Қоғамның  көптеген  тұтыну  қажеттіліктері  қоғамдық  игіліктердің  көмегімен 
қанағаттандырылады.  Қоғамдық  игіліктерді  өндіру  және  олардың  көмегімен  тұтыну 
қажеттіліктерін  барынша  толық  қанағаттандыру  әрбір  мемлекеттің  мүддесіне  сәйкес  келеді. 
Нарықтық  экономика  жағдайында  сыртқы  әсерлердің  салдарынан  қоғамдық  игіліктер  тиімді 
деңгейден  аз  өндіріледі.  Сондықтан  қоғамдық  игіліктерді  өндіру  мен  тұтыну  нарықтық 
механизм жағдайында мемлекеттік реттеуді қажет етеді. 
Әрқайсысы жеке – жеке бағаланатын және сатылатын экономикалық игіліктерді таза жеке 
игіліктер  деп  атайды.  Олар  тек  қана  сатып  алған  тұтынушыларға  пайда  әкеледі.  Таза  жеке 
игіліктерді  өндіру  мен  тұтыну  нарықтық  келісімге  қатыспайтын  үшінші  тұлғалар  үшін 
жағымды немесе жағымсыз сыртқы әсерлер туғызбайды. Мысалы, дүкеннен нан сатып алынса, 
онда оның пайдалылығын тек сатып алған адам ғана көреді. Сондықтанда таза жеке игіліктер 
тек нарық жағдайында ғана өндіріледі және тұтынылады. 
Барлық тұтынушылар бірге тұтынатын экономикалық игіліктерді таза қоғамдық игіліктер 
деп атайды. Оларды бағалау мүмкін болғанымен, жеке адамдарға сату мүмкін емес. Себебі таза 
қоғамдық игіліктерді жеке бір тұтынушы сатып алса, онда сол игіліктің пайдалылығын басқа да 
тұтынушылар көреді. Мысалы, көп қабатты үйде тұратын адам сол үйдің кіре берісіне өзі үшін 
шам  ілсе,  онда  ол  шамның  пайдалылығын  сол  дәлізде  тұратын  басқа  адамдар  және  оларға 
кешкісін келетін қонақтар да тегін көреді. Демек, таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну 
жағымды  сыртқы  әсерлерді  туғызады.  Мысалы,  таза  қоғамдық  игіліктердің  мысалына  ұлттық 
қорғаныс,  қоғамдық  тәртіп  пен  қауіпсіздік,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  басқа  да  барлық 
адамдарға ортақ игіліктерді жатқыза аламыз. 
Таза қоғамдық игіліктердің бірқатар ерекшеліктері бар: 
1)  қоғамдық  игіліктер  бәріне  ортақ  болғандықтан,  оларды  тұтынудан  ешкімді  ажыратып 
тастау  мүмкін  емес.  Таза  қоғамдық  игіліктерді  тұтынғаны  үшін  ақы  төлегісі  келмеген 
адамдарды  тұтынушылардың  қатарынан  шығарып  жіберуге  болмайды.  Таза  қоғамдық 
игіліктерді  жеке-жеке  бағалап  сату  мүмкін  болмағандықтан,  оларды  тегін  тұтынатын 
адамдарды анықтау және тұтынудан ажырату өте қымбатқа түседі; 
2)  таза  қоғамдық  игіліктерді  тұтынуда  бәсекенің  болмауы.  Таза  қоғамдық  игіліктер 
барлық  тұтынушыларға ортақ болып табылады. Оларды тұтынудың  деңгейі  тұтынушылардың 
санына  байланысты  болмайды.  Қосымша  тұтынушылардың  пайда  болуы  сол  игіліктерді 
тұтынудың деңгейін төмендетпейді. Қосымша тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін 
өндірілген  таза  қоғамдық  игіліктердің  шекті  шығындары  нөлге  тең  болады.  Таза  жеке 


игіліктерге  қарағанда  таза  қоғамдық  игіліктерді  тұтыну  кезінде  тұтынушылар  арасында 
бәсекелестік туындамайды; 
3)  таза  қоғамдық  игіліктерді  өндіру  және  тұтыну  жағымды  сыртқы  әсерлерді  туғызады. 
Егер  таза  қоғамдық  игіліктер  бір  адам  үшін  өндірілсе,  онда  оның  пайдалылығын  басқа  да 
адамдар  көреді.  Сондықтанда  алдыңғы  тақырыптарда  аталғандай,  таза  қоғамдық  игіліктердің 
ұсынысы тиімді деңгейден төмен болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет