Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет161/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

ҰЕЖ-нің  негізгі  мақсаты
  болып  ұлттық  өнімнің  (ұлттық  табыстың)  қалыптасуы  мен 
пайдалану  үдерістерін  кешенді,  әрі  жан-жақты  талдау  үшін,  экономикалық  саясатты  жүргізу 
мен үлгілерді құру және болжау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етіп отыру табылады. 
Қазіргі  ҰЕЖ  экономикалық  үрдістер  мен  экономикалық  операцияларды  бейнелейтін 
көрсеткіштер жиынтығын құрайды. 
Негізгі  макроэкономикалық  көрсеткіштер  ұлттық  есеп-шоттар  жүйесі  арқылы 
көрсетіледі. 
Ұлттық есеп-шоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін:  
1.
 
жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ);  
2.
 
жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ);  
3.
 
таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) 
және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін:  
1.
 
ұлттық табысты (ҰТ);  
2.
 
жеке табысты (ЖТ);  
3.
 
қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды. 
ЖҰӨ
  –  бұл  кез-келген  азаматтардың  өз  елі  ішінде  және  басқа  елдерде  өзінің  ұлттық 
капиталы  көмегімен  бір  жылда  өндірген  және  сатқан  тауарлары  мен  қызметтерінің  нарықтық 
құндарының жиынтығы. 
ЖІӨ 
– бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір 
жылда  өндірген  және  сатқан  тауарлары  мен  қызметтерінің  нарықтық  құндарының  жиынтығы. 
Мысалы,  жапондық  «Тайота»  фирмасы  өз  өнімін  Қазақстан  нарығында  сатса,  онда  сатылған 
өнімнің құны жапон елінің ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді. Бірақ, 
Қазақстанның  ЖІӨ-не  кіреді,  ал  ЖҰӨ  құрамына  кірмейді.  Сол  сияқты  Жапонияда  жұмыс 
істейтін  қазақ  азаматының  табысы  Қазақстанның  ЖҰӨ  көрсеткіші  құрамына  кіреді  де,  ЖІӨ 
құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не кірмейді. 
ТҰӨ 
–  тозған  құрал-жабдықтардың  орнын  толтырғаннан  кейін  тұтынуға  қалған  түпкі 
өнімдер  мен  қызметтердің  жиынтығы.  Ол  ЖҰӨ-нен  амортизацияны  шегеру  арқылы 
анықталады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет