Ақшалар нарықтық экономикада аса маңызды элемент ретінде жұмыс істейді, ал ақша
нарығы мен бағалы қағаздар қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде игіліктер нарығы
және еңбек нарықтарымен қатар, негізгі макроэкономикалық нарықтар болып табылады.
Ақшалар (ақша массасы) және бағалы қағаздар (ең алдымен, акциялар мен
облигациялар) қоғамның қаржы активтерінің негізгі түрлері болып табылады.