Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя


№2  дәріс. Экономиканы  реттеудің нарықтық механизмі



Pdf көрінісі
бет12/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
 
№2  дәріс. Экономиканы  реттеудің нарықтық механизмі 
 
Дәрістің  мақсаты: 
Нарық    ұғымымен  танысу,  экономикалық  факторлардың  маңыздылығын 
ашу, Сұраныс, ұсыныс қисығын анықтау, т.б. 
Кілт сөздер:
 нарық, ұсыныс,  ынталандыру, капитал, т.б. 
Дәрістің жоспары: 
1. Нарықтық экономикалық жүйе. Нарық жүйесінің қызмет етуі және элементтері 
2. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы оған әсер етуші факторлар 
3. Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы оған әсер етуші факторлар 
4. Сұраныс пен ұсыныстың өзара арақытынасы 
 
1. 
Экономикалық  әдебиетте  «нарық»  категориясының  көптеген  анықтамалары  мен 
түсініктері  бар.  Қазіргі  замаңғы  түсініктің  мәнін  келесі  анықтамада  қорытындылауға  болады: 
нарық  –  негізгі  теңгеруші  фактор  ретіндегі  баға  механизмі  арқылы  өндіріс  аясы  мен  тұтыну 
аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы (түрі). 
«Нарық  экономика»  түсінігі  «нарық»  түсінігінен  кеңдеу:  бұл  экономикалық  жүйеде 
ресурстарды (қорларды) басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі 
арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – оның негізгі элементтерінің (ұсыныс, сұраныс, 
баға,  бәсекелестік)  жиынтығы  болып  табылады.  «Айырбас»  пен  «нарық»  деген  түсініктер 
синонимдер  еместігін  атап  өткен  жөн.  «Айырбас»  –  еңбек  пен  маманданудың  қоғамдық 
бөлінуінің  барын  жобалайды,  ал  «нарық»  –  игіліктерді  айырбас  арқылы  үлестіру  механизмі. 
Ресурстарға  жеке  меншік  нарық  айырбасының  негізі  және  міндетті  шарты  болып  табылады. 
Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), 
олардың  арасында  үлестіру  міндеті  негізгісі  ретінде  есептеліп,  экономикалық  игіліктерді 
үлестіру  нарық  механизмі  негізінде  іске  асырылады.  Тәжірибе  көрсеткендей,  экономикалық 
тұрғыдан  алғанда,  дәл  осындай  үлестіру  ең  нәтижелі  болып  келеді.  Сонымен  бірге,  нарық 
механизмі  көптеген  мәселелердің,  ең  алдымен,  әлеуметтік  әділдік  мәселелерінің  шешімін 
қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың 
бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет