Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата16.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#158407
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
2. daris mikro-makro


44
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. 
Филология
 сериясы 
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
Кіріспе.
Қарахандар дәуірінде 1069 жылы 
жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу 
білік» еңбегі бүгінге дейін әр қырынан зерт
-
теліп келе жатыр. Ғалымдар оны тілдік, мәтін
-
дік тұрғыда және тарих, әдебиеттану, мәдени
-
еттану, саясаттану салаларында жан-жақты 
қарастыруда. Бүгінде қазақ әдебиеттану ғылы
-
мы саласында «Құтадғу білікті» тану мәсе
-
лесі тереңірек зерттеуді қажет етеді. Себебі 
«Құтадғу білік» атты кітапта Жүсіптің шығар
-
масынан бөлек, оны оқыған кісілер тарапынан 
жазылған пікірлер бар. Кей зерттеушілер оны 
да Жүсіптің сөзі ретінде көрсетеді. Алайда, 
бұл жаңсақ пікір өз кезегінде Баласағұн ең
-
бегін тануда кедергілер тудыруда. Сондықтан 
бұл мақалада кітапта жазылған мәтіндер са
-
Б.Т. Нұриманов
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент, Қазақстан
(E-mail: bekarysnuriman@gmail.com)
ХҒТАР 17.82.94
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасын
құрылымдық талдау
Аңдатпа. 
Мақалада Қарахандар дәуірі әдеби жәдігерлерінің бірі, 1069 жылы жазылған 
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі талданады. Аталған туындыны тануда 
орын алып жатқан кейбір қателіктер көрсетіліп, оны қазіргі қазақ әдебиеттану ғылы
-
мы саласында жаңаша зерделеу қажет екенін мәселе етіп көтереді. Зерттеуде Р.Р. Арат 
жасаған «Құтадғу біліктің» толық нұсқасы негізге алынады. Толық мәтін беске бөліп 
қарастырылып, әр бөлімі жеке-жеке талданады. Нәтижесінде, қай мәтіннің Жүсіп Ба
-
ласағұнға тиесілі немесе тиесілі емес екені анықталады және әр бөлім жалпы кітаптың 
қанша пайызын құрайтыны нақты сандармен беріледі. Талдау нәтижелері Р.Р. Арат, Р. 
Данкоф, А. Ділашар, Ә. Құрышжанов, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева, А. Егеубаев сынды 
әлемдік және отандық ғалымдардың тұжырымдарымен дәйектеледі. Көркем шығармаға 
жасалған құрылымдық талдау ондағы басты идеяны, Жүсіптің айтпақ ойын көрсетуге 
негіз болады. Зерттеуде алынған нәтижелер «Құтадғу білікті» тануда маңызды.
Түйін сөздер: 
Құтадғу білік, Ж. Баласағұн, құрылымдық талдау, алғы сөз, көркем 
шығарма.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет