Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата16.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#158407
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
2. daris mikro-makro
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасын құрылымдық талдау


47
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
ризық берген құдіреті күшті тәңірге ырза
-
мыз. Әрі ол атақ-даңққа бөлене берсін!» де
-
ген мәтінді қолдана отырып, «шығарманың 
өн бойында Жаратқанға жалбарынып, оған 
шүкірлігін айтып отырады. Әр сөзін Алла
-
ның атымен бастап, құдіретіне бас иеді» [6, 38 
б.] - деп түсіндіреді. Мұндай олқылықтар қа
-
зақ зерттеушілері арасында көптеп кездеседі. 
Алайда, ол пайдаланған мәтін – Жүсіптің емес, 
белгісіз автордың алғы сөзі. Әлем ғалымдары 
оны Жүсіптің сөзі емес, әрі шығарманы толық 
түсіндіре алмаған деп бағалайтыны белгілі. 
Олай болса, кейбір зерттеулерде айтылған 
пікірлердің жаңсақ екені анық. Сондықтан 
«Құтадғу білікті» тану үшін көркем шығарма
-
ның өзіне сүйену маңызды.
Мазмұны. 
Кітапта алғы сөзден соң шығар
-
маның мазмұны берілген. Үш нұсқаның 
мазмұнында мәтіндік тұрғыда айырмашылық 
жетерлік.
Мазмұн бөлігінен кейінгі мәтіндер яғни, 
Р.Р. Араттың нөмірлеуі бойынша 1-6645 ара
-
лығындағы бәйіттер – Жүсіптің қаламынан 
туған төл туындысы. Оның өзі жоғарыда 
кіріспе, көркем шығарма және қорытынды 
деп алынды. Оның өзіндік себебі бар.
Кіріспе. 
Мазмұннан соң кітаптың 
кіріспесі
басталады. Ол 1-11 бап арасындағы 397 бәй
-
іттен тұрады. Бұл бәйіттер Ж. Баласағұнның 
өз сөзі екеніне еш талас жоқ. Онда автор 
діни мәтіндерден бастап әртүрлі тақырыпты 
қозғайды. 1-33 бәйіттерді қамтитын бірінші 
бапта Алла-Тағаланы сипаттап, оған мақтау 
мадақтар айтады және мінәжат үлгісінде жыр 
арнайды. Әрбір сөзді немесе әрбір істі Аллаға 
сиынып бастау – ислам дінінің әдеп-қағида
-
сында қалыптасқан үрдіс.
Сөз басында Тәңірді еске алу көне түрік ха
-
лықтарында да кездесетін құбылыс. Мысалы, 
«Күлтегін жазба ескерткіші» де әуелі Тәңріні 
еске алып, оны дәріптеу сөздермен бастала
-
ды. «Үсте көк Тәңірі, аста (төменде) баран жер 
жаралғанда екеуінің арасында адам баласы 
жаралған» [7, 173 б.]. Сонда Жүсіп көне түрік 
дәстүрі мен ислам діні қағидаларын ұшта
-
стыра отырып, шығармасын Жаратушының 
атымен бастады деуге болады.
Автор 34-48 бәйіттер арасындағы екінші 
бапта Мұхамед пайғамбар туралы жырлай
-
ды. Қысқаша өмірбаянын, пайғамбар ретінде
-
гі миссиясын, бойындағы қадір-қасиеті айта
-
ды. Соңында, қияметте онымен бірге болуды 
Алладан тілейді. Үшінші бапта Мұхаммед 
пайғамардың Әбубәкір, Омар, Осман және 
Әли атты төрт досын жырлайды. Аталған үш 
баптан сол кездегі түрік халықтарының діни 
наным-сенімі мен Алла туралы танымы бай
-
қалады. Дін саласындағы қалыптасқан тер
-
миндер де осы бапта қолданылған.
Төртінші бапта, яғни 63-123 арасындағы 
бәйіттерде Қарахан мемлекетінің сол кездегі 
билеушісі Бұғра хан жайлы баяндайды. Шай
-
ыр ханның қадірін, оның елге жасаған жақ
-
сылығын, ұстанған саясатын, әлем алдындағы 
беделін жырлайды. Осы бәйіттерді жазуда 
Жүсіп өзінің ақындық қуатын ерекше байқа
-
тады. Өз заманының келбетін бейнелеудегі 
суреткерлігі, ханның образын жырмен сомда
-
удағы шеберлігі айрықша көрінеді. Сөзінің 
соңында ізгі ниетін білдіріп, ақжарқын тіле
-
гімен аяқтайды. Мұны Ж. Баласағұнның ханға 
қарата айтқан арнауы десе болады. Мұндай 
арнаулар, Қазақ хандығы дәуірінде Шалкиіз, 
Бұқар сынды жырауларда да жалғасқаны бел
-
гілі.
Бесінші бапта астрономиялық білім, қазір
-
гі тілмен айтқанда, он екі ай мен жеті планета 
туралы сөз болады. Алтыншы бапта адам ба
-
ласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен өл
-
шенетіні айтылады. Жетінші бап тілдің пай
-
дасы мен зиянына арналады.
Шайырдың әртүрлі тақырыптан сөз қозға
-
уын көне түрік дәуірінен бері қарай жалғасып 
келе жатқан жыраулық, жыршылық дәстүр
-
дегі терме айту үрдісі деуге болады. Сегізін
-
ші бапта Жүсіп өзінің ой-толғаныстарына 
кезек береді. Ол жыраулардың толғауымен 
үндеседі. Тоғызыншы бапта ізгілік қылудың 
пайдалары айтылса, оныншы бапта білім мен 
ақылдың пайдасы сөз етіледі. Бұл да ақын-жы
-
раулар поэзиясындағы өсиет, насихат жырла
-
рымен мағыналас. Түркиялық зерттеуші А. 
Ділашар: «VІ-Х баптарда Жүсіп, жалпылай 
алғанда өзінің өмір туралы көзқарасын тұжы
-
рымдап мына үш мәселеге тоқталады: білім, 
тіл және ізгілік» [8, 82 б.], - деп түсіндіреді. Он 
бірінші бапта Жүсіп Баласағұн өз жағдайын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет