Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата16.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#158407
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig

Б.Т. Нұриманов


48
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. 
Филология
 сериясы 
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
кітапқа не үшін «Құтадғу білік» деп ат қойға
-
нын және өзінің оны жазудағы мақсатын ба
-
яндайды.
Кіріспедегі аталған он бір бапта ежелден 
келе жатқан жыраулық дәстүр сақталған. 
«Күлтегін жазба ескерткіштерінде» ең бірінші 
«Көкте Тәңрі» деп басталса, мұнда сол көне 
түрік пен ислам діні негізге алынады. Демек, 
әрбір шығарманы Аллаға мадақ, пайғамбарға 
салауат айтып бастап, адамды ізгілікке тәр
-
биелеу үшін насихат айту – сол кездегі кең 
жайылған дәстүр. Мысалы, жыраулар мен 
жыршылар дастан жырламас бұрын әуелі 
тыңдаушының назарын өзіне аударып, со
-
сын шабыт шақыру үшін әуелі жыр бастау, 
терме, өсиет, толғау, арнау үлгісінде бірнеше 
туындылар орындайды. «Құтадғу білік» жазба 
әдебиет болса да, Жүсіп шайыр ауыз әдебиет
-
тегі тәсілді ұтымды қолданады. Демек, мұн
-
дағы діни мәтіндер мен әртүрлі тақырыпты 
жырлаған бәйіттер – кітаптың кіріспесі, сон
-
дықтан оны шығарманың негізгі композици
-
ясына кірмейді деп тұжырымдауға болады. 
Сондықтан кіріспеде көтерілген тақырыптар
-
ды саралағанда «Құтадғу білікті» тану үшін 
көркем шығарманың өзіне назар аударудың 
маңызы арта түседі.
Көркем 
шығарма.
Ж. 
Баласағұнның 
«Құтадғу білік» атты туындысының компо
-
зициясы 12-ден басталып, 85-тен аяқталатын 
75 бапты қамтиды. Мемлекет, билік тақыры
-
бын көтерген бас-аяғы 6122 бәйітті құрайтын 
көркем шығарма жалпы кітаптың 91%-ын 
құрайды. Ол әлемдік ғалымдар тарапынан 
мойындалған. Мысалы, түрік зерттеушісі А. 
Ділашар: «ХІІ-баппен (398 бәйітпен) «Құтадғу 
біліктің» негізгі хикаясы басталады» [8, 91 б.], 
- деп көрсетеді. Осы тұжырымды негізге алып 
қарағанда тұтас шығарманың композиция
-
сын екі бөлімге бөліп қарауға болады.
1. Күнтуды мен Айтолды кезеңі. Оған «Сөз 
басы – Күнтуды Еліктің өзі» деген 12-баптан 
басталып, «Айтолдының Күнтуды Елікке ама
-
нат, өсиет жазып қалдырғаны жайлы айтыла
-
ды» деген 23-бапқа дейінгі аралық кіреді.
2. Күнтуды мен Өгдүлміш кезеңі. Ол «Күн
-
туды Еліктің Өгдүлмішті шақырғаны туралы 
айтылады» деген 24-бап пен «Еліктің Өгдүл
-
мішке көңіл айтып жұбатуы» деген 85-бапқа 
дейінгі аралықты қамтиды.
Күнтуды мен Айтолды кезеңі.
Көркем 
шығарма Қарахан мемлекетінің билеушісі 
«Күнтуды Елік» туралы эпизодпен басталады. 
Онда ханның елдің басқару жүйесін жетіл
-
діріп, халыққа көп жақсылық жасағаны сурет
-
теледі. Сол сәтте ханның әділдігін естіп, оған 
қызмет етуге асыққан Айтолды бейнесі қо
-
сылады. Оның мемлекет қызметіне келуі сол 
дәуірдегі ахуалды толық ашатын бір сюжет. 
Әуелі өз ауылынан шығып, арып-ашып жол 
жүріп, елдің астанасына келеді. Онда бір кеуен 
сарайға тоқтап, оның иесі Көсемішпен таны
-
сады. Айтолдының сөзін тыңдаған Көсеміш, 
оны ханның Бас уәзірімен кездестіреді. Нәти
-
жесінде Күнтуды Айтолдыны қабылдайды, 
кейін өзінің Бас уәзірі етіп тағайындайды. 
Алғашқы шиеленіс те осы жерде басталады. 
Қызметке жаңа келген Айтолды Күнтудыға 
«мен сенен артықпын» деп, өзін мемлекеттің 
«бақ-дәулетіне» балайды. Оған ашуланған 
хан тез арада Айтолдыны сабасына түсіреді 
және өзінің әділетті екенін көрсетеді. Одан әрі 
екеуі мемлекетке әділ заң орнату, әділдікпен 
басқару мәселесін талқылап, басқару жүйесін 
жетілдіреді. Кенет күтпеген жерден екінші 
шиеленіс орын алады, яғни Айтолды өмірден 
өтеді. Кетерінде ұлы Өгдүлмішке өсиет ай
-
тады және Күнтудыға хат жазып қалдырады. 
Осы оқиға арқылы шиеленіс шарықтау шегіне 
жетеді.
Күнтуды мен Өгдүлміш кезеңі.
Екінші бөлім 
мемлекет басшысы Күнтудының Өгдүлмішті 
сарайға шақыртуы және оны Бас уәзір етіп 
тағайындау оқиғасымен басталады. Одан кей
-
ін екеуі мәңгілік ел болудың мәселесін ақыл
-
дасып, мемлекеттің идеологиясын, басқару 
жүйесін және кадр дайындау саясатын талқы
-
лайды. Осы жерде 28-ден 38-ге дейінгі баптар
-
да бектер, уәзірлер, бас уәзір, сарай әміршісі, 
елші, әскербасы, жылнамашы, қазынашы 
секілді көптеген лауазым иелері қандай болу 
керектігіне тоқталады. Оларға қойылатын та
-
лаптар мен жүктелетін міндеттер толық ба
-
яндайды. Ұзаққа созылған осы сұхбатты зер
-
делей келе, ғалым А. Қыраубаева: «Ақын, әрі 
ойшылдың «Құтты білігі» – тұтастай кемел 
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасын құрылымдық талдау


49
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
мемлекеттің құрылымы» - деп бағалайды [9, 
96 б.].
Көркем шығармада ханның мемлекет ісін 
атқаратын қызметкер іздеп, ел ішіне сұрау 
салғаны айтылады. Әрі қарай туындыға 
Одғұрмыш бейнесінің қосылуы екінші бөлім 
сюжетінің алғашқы шиеленісін тудырады. 
Зерттеуші Н. Келімбетов: «Одғұрмыш – бұл 
өмірдің бар қызығынан безіп, тәркі дүние 
жолына түскен дәруіш болып, тау кезіп кет
-
кен адам» [10, 245 б.] - деп түсіндіреді. Одғұр
-
мыш – мемлекетке қызмет етуге ақыл-пара
-
саты, білім-қабілеті жете тұрса да, мемлекет, 
отан, ұрпақтың болашағы деген мәселеден 
бас тартқан, өмір сүруден баз кешкен кейіп
-
кер, яғни анти-қаһарман. Оны осы жолдан 
қайтару үшін Күнтуды мен Өгдүлміш үш 
мәрте шақырады. Алғашқы шақыруында 
Өгдүлміш Одғұрмышқа елден безудің ислам 
дініне қайшы екенін түсіндіреді. Мақсатың 
құлшылық қылып, сауап жинау болса, ел
-
мен бірге намаз оқып, ораза ұстауға үндейді. 
Сондай-ақ, үйленіп бала-шағалы болуға және 
қолына қару алып отанын қорғауға шақыра
-
ды. Алайда, оған Одғұрмыш көнбейді. Екінші 
мәрте шақыруында Өгдүлміш Одғұрмышқа 
мемлекетке және билік өкілі ретінде халыққа 
қызмет етудің заңдылығын және мемлекет қы
-
змемкерінің этикасын баяндайды. Сонымен 
қатар, қоғаммен байланыстың қыр-сырын, 
ұрпақ тәрбиелеп, елге жақсылық жасаудың 
тәркі дүниеліктен артық екенін түсіндіреді. 
Алайда, Өгдүлміш пікірінен қайтпай, тартыс 
одан әрі күшейе түседі. Үшінші шақыртудан 
соң Одғұрмыш елге түнделетіп келіп, Күн
-
туды Елігпен кездеседі. Түнделетіп келуінің 
себебі – басқа адаммен кездесіп қалмау. Осы 
жерде шиеленіс күрделене түседі. Өйткені 
сұхбаттан соң Күнтуды мемлекет билігін та
-
стап, Одғұрмыш секілді тәркі дүние болуға 
шешім қабылдайды. Оны Бас уәзір райынан 
қайтарады. Көркем шығармада бірінен кейін 
бірі туып отыратын күрделі сюжеттер тура
-
лы ғалым А. Егеубаев былай дейді: «Бірқатар 
бәйіттерде, кітап ішіндегі тарауларда, кітап
-
тың тұтас бітімінде осы өз ішінен тұйықталып 
отыратын сюжеттік заңдылық (оқиғаның, ой
-
дың басталуы // дамып, өрбуі // айтпақ түйін, 
тиянағы...) басым» [11, 18 б.].
Шығарманың жалғасында Күнтуды мен 
Өгдүлміш ел барқарудың заңдылығы, мемле
-
кет басшысы мен халық арасындағы қарым-қа
-
тынас, саяси ұстанымдар туралы талқылайды. 
Көп ұзамай Өгдүлміш те Одғұрмыш секілді 
дүниені тәрк етуді таңдайды. Ол кезде оны 
алған бетінен Күнтуды қайтарады. Осы кезде 
шиеленіс шарықтау шегіне жетіп, тағы да күт
-
пеген оқиға болады. Хан мен Бас уәзірдің үгіт
-
теуіне, шақыртуына мойын бұрмаған Одғұр
-
мыш соңында діни ұстанымының кесірінен 
дүниемен қош айтысады. Ал, мемлекет пен 
оның халқы әрі қарай бақытты, баянды өмір 
сүре береді. Көркем шығарма осылай аяқта
-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет