Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата16.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#158407
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig

Қорытынды.
Кітапта көркем шығарма 
аяқталған соң үш тақырыпшадан тұратын, 
шұбыртпалы ұйқаспен өрілген толғау жа
-
зылған. Көркем шығарманың негізгі компо
-
зициясына кірмейтін ол мәтін 6521-6645 ара
-
лығындағы бәйіттерді қамтиды. Ол кітаптағы 
жалпы мәтіннің 2%-ы. Онда босқа өткен жігіт
-
тік шағына ашынғаны, қариялық жайындағы 
толғамы және заманның бұзылғаны туралы 
алаңдаушылығы сөз болады. Соңында өзі ту
-
ралы да жырға қосады. Басқаша айтқанда, ол 
үлкен еңбектен кейінгі Жүсіптің ішкі толғаны
-
сы, өмірден түйгені, философиялық пайымы.
Нәтижелер. 
Талдау нәтижесі көрсеткендей 
Ж. Баласағұнның кітабында жазылған мәтін
-
дер беске бөліп қарастырылды. Бұлай зерт
-
теу «Құтадғу білікті» дұрыс тану үшін маңы
-
зды болып отыр. Яғни, туындыны алғы сөзге, 
кіріспеге және қорытындыға қарап емес, көр
-
кем шығарманың өзіне сүйеніп зерттеу керек 
екені дәлелденді. Алғы сөз кітаптағы мәтіннің 
1%-ын құрайтыны, оның авторы Жүсіп емес 
екені анықталды. Мәтіннің 6%-ын құрайтын 
кіріспеде әртүрлі тақырыптың қозғалуы және 
2% болатын қорытындыда толғау жырдың 
жазылуы – жыраулық дәстүрдің көрінісі. Ал, 
кітаптың негізгі бөлігін, нақтырақ айтқан
-
да 91%-ын құрайтын көркем шығарма билік 
тақырыбын арқау етеді.
Б.Т. Нұриманов


50
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. 
Филология
 сериясы 
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
Қорытынды.
Мақалада Жүсіп Баласағұн
-
ның кітабы құрылымдық әдіспен талданды. 
Автор мәңгілік ел болуды шиеленіске, пси
-
хологиялық күйзеліске толы сюжеттер мен 
эпизодтар арқылы жеткізеді. Сондықтан 
мақалада көркем шығарма екі бөлімге бөліп 
талданды.
Күнтуды мен Айтолды кезеңінде автор 
оқырманға мына үш мәселені жеткізуге ты
-
рысқаны байқалады. Біріншіден, елде әділ заң 
мен әділетті басшының бар екені. Екіншіден, 
мемлекеттің жоғары лауазымына ақыл, па
-
расат, білім, қабілет, адалдық секілді жақсы 
қасиетті бойына сіңірген, руының алдында бе
-
делі жоғары кісілердің жетуіне болатыны. Осы 
жерде, түрік халықтарында таптық бөлінудің 
болмағаны айқын аңғарылады. Үшіншіден, 
мемлекет қызметіне кіріскен кісіге таққа та
-
ласудан, билік өкілдері арасындағы күрестен 
абай болуды өсиет еткені. Сондықтан ел бірлі
-
гінің маңызын жеткізеді.
Күнтуды мен Өгдүлміш кезеңінде де 
Жүсіптің тағы үш мәселені айтқысы келгені 
аңғарылады. Біріншісі, мемлекет қызметкері
-
не қойылатын талаптарды айта келе, Қарахан 
мемлекетінің құрылымын, басқару жүйесін 
көрсетеді. Бұл жерде де таптық бөліну емес, 
әділдікке негізделген ізгілікті басқарудың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет