Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата16.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#158407
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig

Атауы
Көлемі
Мазмұны
1
Алғы сөз
Қара сөз 38 қатар
Өлең 77 бәйіт
Ж. Баласаұн туралы пікір мен 
«Құтадғу білікке» сипаттама
2
Мазмұны 
85 бап
Баптардың (бөлімдердің) тізімі
3
Кіріспе 
1-397 бәйіттер
Әртүрлі тақырыпты қамтиды
4
Көркем шығарма
398-6520 бәйіттер
Көркем шығарма
5
Қорытынды
6521-6645 бәйіттер
Жүсіптің ішкі толғанысы
Кесте 1
таралғаны және оған әр елдің әртүрлі атау 
бергені жазылады [1, 54 б.]. Шығарма дүние
-
ге келген бойда айшылық алыс жердегі өзге 
елдердің дереу оған ат қоюы мүмкін емес. Ол 
атаулар кітап әлемге таралған соң оны оқыған 
кісілер тарапынан берілді. Демек, қолда бар 
үш қолжазба да – «Құтадғу біліктің» кейін жа
-
салған көшірмелері.
Қара сөз түріндегі мәтін 38 қатар болса, 
одан кейінгі өлең 77 бәйіт. Қара сөзден тұра
-
тын алғы сөз «Құтадғу біліктің» үш нұсқа
-
сында да кездеседі. Үшеуінде аздаған мәтіндік 
айырмашылық болғанымен, жалпы мазмұны 
ұқсас.
77 бәйіттік алғы сөз «Құтадғу біліктің» 
Каир [2, 2-4 б.] мен Вена [3, 2-4 б.] нұсқаларын
-
да ғана бар. Аталған жәдігерді ағылшын тіліне 
аударған Америка ғалымы Р. Данкоф (Robert 
Dankoff): «Ферғана нұсқасында 77 бәйіт жоқ» 
[4, 270 б.] екенін жазады. Түркия ғалымы Р.Р. 
Арат болса: «пікірді жазған шайыр Қашқар
-
лық емес және кейінгі дәуірдің адамы екені 
аңғарылады» [5, 29 б.] деп, өлең түріндегі 
алғы сөзге қатысты пікір білдіреді. Келтіріл
-
ген пікірлерге сүйене отырып, кітаптың алғы 
сөзі Жүсіп Баласағұнның сөзі емес деп нақты 
тұжырымдауға болады. Сол себепті, «Құтадғу 
білікті» толық тану үшін алғы сөзден гөрі 
шығарманың негізгі композициясын негізге 
алған дұрыс.
Қара сөз және өлең түрінде жазылған алғы 
сөздің авторы бір адам ба, әлде екі түрлі кісі 
ме, ол жағы белгісіз. Қалай болғанда да, алғы 
сөзде оны жазған адам «Құтадғу білік» атты 
көркем шығарманы қаншалықты дәрежеде 
таныта алды деген мәселе туындайды.
Алғы сөздің екеуі де ислам діні қағидасы 
бойынша әуелі Аллаға мадақ, пайғамбарға 
салауат айтыла келе, дұға-тілекпен жалғаса
-
ды. Одан кейін кітаптың құндылығы, оның 
өзге елдерге таралуы мен әртүрлі ат берілуі 
жазылады. Билік ұғымы, оның құлау неме
-
Б.Т. Нұриманов


46
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. 
Филология
 сериясы 
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
се ұзақ сақталу себептері де қамтылады. Бұл 
философиялық пайымдар болса, әрі қарай 
кітаптың жазылған жері, авторы, сый ретін
-
де қабылдаған билеуші және оның сыйға жа
-
саған қайтарымы туралы деректер береді. Ол 
сол дәуірден жеткен тарихи мәлімет ретін
-
де құнды. Осы мәтіннен соң 28-35 қатарында 
көркем шығармаға қысқаша сипаттама жазы
-
лады. Мәселе де осы жерден туындап отыр. А. 
Егеубаевтың аудармасында ол төмендегідей 
беріледі:
«Бұл әзіз кітап төрт ұлы ұғым, төрт қым
-
бат қасиеттердің сұхбатынан құрылған: бірі – 
Әділ (Әділет), екіншісі – Дәулет (Бақыт, құт), 
үшіншісі – Ақыл, төртіншісі – Қанағат. Олар
-
дың әрқайсысына жеке-жеке түрліше ат бер
-
ген. Әділетке «Күнтуды Елік» атын беріп, хан 
орнына қойған; Дәулетке «Айтолды» деген ат 
беріп, уәзір орнына қойған; Ақылға «Өгдүл
-
міш» атын беріп, уәзірдің ұлына балаған; 
Қанағатқа «Одғұрмыш» атын беріп, уәзірдің 
туыс, ағасы деп санаған. Ғұлама өз пікірлерін 
ой толғаныстарын солардың арасындағы 
пікірлесу, сауал-жауап сөздер арқылы әңгіме
-
леп, желілеп жеткізген» [1, 54-55 б.].
Өлең түрінде жазылған алғы сөздің 64-72 
аралығындағы бәйітте де осы мазмұндағы 
пікір айтылады.
«Баяндар һәм кітап мәнін тізімдеп,
Төрт керемет қасиеттен түзілген:
Бірі оның шындық жолы – ӘДІЛЕТ,
Екіншісі – құт пен ырыс, ДӘУЛЕТ.
Үшіншісі – АҚЫЛ менен парасат,
Төртіншісі – ұстамдылық, ҚАНАҒАТ.
Әрбіріне басқа-басқа ат тағып,
Баяндайды қалатындай жатталып.
Әділдікті КҮНТУДЫ ЕЛІК атапты,
Өздеріне соны әмірші жасапты.
Ал дәулетті АЙТОЛДЫ деп санаған,
Уәзірлік орынды оған балаған.
ӨГДҮЛМІШ деп ат қойыпты ақылға,
Жалғыз ұлы ол уәзірдің қасында...
ОДҒҰРМЫШ деп аталыпты қанағат,
Уәзірге дейді жақын, жұрағат.
Бұл төрт нәрсе хиқыматын, сырларын,
Хатқа тізген, көрсең кітап жырларын» 
[1, 60 б.].
Жоғарыда көрсетілген екі алғы сөз бен көр
-
кем туындыны салыстырғанда арасында ал
-
шақтық бар екені байқалады. Яғни, шығарма 
әділет, дәулет, ақыл және қанағат деген төрт 
қасиет арасында емес, бойында осындай си
-
паты бар төрт кейіпкердің арасында өрбиді. 
Мысалы, шығармадағы Күнтуды Еліг – Қа
-
рахан мемлекетінің билеушісі Бұғра ханның 
прототипі. Оның шығарманың бас жағында 
әділ сипатымен танылатыны, әділдіктің сим
-
волы ретінде көрінетіні рас. Алайда, тұтас 
туындыда олай емес, басқа да сипатымен 
көрінеді. Келесі кейіпкер ханның Бас уәзірі – 
Айтолды. Ол ханға аз уақыт қызмет етіп, дү
-
ниеден өтеді. Сол себепті ол өзін қонып, қайта 
ұшқан бақ-дәулетке теңейді. Үшінші кейіпкер 
Өгдүлміш – Айтолдының ұлы. Әкесі қайтқан 
соң орнына Бас уәзір болған ол – ақылды кей
-
іпкер. Алайда, күрделі де, тартысты шығар
-
ма желісінде оның бейнесі басқа да қырымен 
көрінеді. Төртінші кейіпкер – Өгдүлміштің 
туысы Одғұрмыш болса, дүниені тәрк етіп, 
тауда жалғыз өзі құлшылықпен өмір сүруге 
бекінген кісі. Ол шығармада қанағат сипа
-
тымен емес, туыстан, ұрпақтан, қоғамнан, 
тіпті, өмірден безген кейіпкердің бейнесінде 
беріледі. Шығармада бұл төртеуінен басқа да 
бірнеше кейіпкер бар. Барлығының арасын
-
да сұхбат қана емес, тартысқа, шиеленіске, 
психологиялық күйзелістерге толы сюжеттер 
бар. Демек, айырмашылықтың бары анық 
байқалады. Сол себептен болар, өлең түрінде 
жазылған алғы сөз жайында ғалым Р.Р. Арат: 
«Құтадғу біліктің жанрына ерекше мән бер
-
ген шайыр шығарманың негізгі мағынасын 
түсіндіре алмаса да, қабілетті өнерпаз екенін 
көреміз» [5, 28 б.], - деп қорытынды жасайды.
Алғы сөзде жазылған деректерді саралай 
келе оны жазған адам «Құтадғу білікті» өз 
түсінгені бойынша, әрі біржақты танытқа
-
ны белгілі болды. Мәселенің туындауы да, 
кей зерттеушілердің «Құтадғу білікті» және 
Жүсіптің көзқарасын осы алғы сөзде айтылған 
пікірге сүйеніп түсіндіруінен. Мысалы, Г. 
Құрманғали есімді зерттеуші Жүсіптің пікірі 
ретінде алғы сөздегі «Бісмілләхи-р-рахма
-
ни-р-рахим! Әзиз, уә, күллі ұлылықтың иесі, 
жер мен көкті жаратқан, тірі жанның бәріне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет