6. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың бірнеше әдістері бар: 1) ақша эмиссиясы;
2) Орталық банктен қарыз алу; 3) жеке сектордан және сыртқы көздерден қарыз алу. Бюджет
тапшылықтарының ел экономикасына әсер етуі көбінесе, сол елдің тапшылықты жоюда таңдап
алған әдісімен анықталады.
7.
Мемлекеттік қарыз – мемлекеттің алдында тұрған физикалық және заңды тұлғаларға,
шетел мемлекеттеріне, халықаралық ұйымдар мен субъекті-лерге деген қарыздық
міндеттемелері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздары болады. Ішкі қарыз – мемлекеттік
бюджет тапшылығын жабу үшін ел ішін-дегі резиденттерден алған қарыз сомалары. Сыртқы
қарыз – мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін шетелдердегі резидент емес тұлғалардан
(үкіметтен,
ұйымдардан, азаматтардан) алған қарыз сомалары.
Достарыңызбен бөлісу: