8
Мигрант балалардың басым бөлігі Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,
Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының және Алматы қаласының
мектептерінде оқиды.
Республиканың жалпы білім беретін ұйымдарында 11 546 оралман
балалар оқиды (2012 жылы 14 950 бала). Олардың 4 734 - бастауыш
мектептерде, 5 306 – негізгі, 1 503 - жалпы білім беретін мектептердің жоғары
деңгейлерінде оқиды, 3-уі бала кезінен мүгедектер..
Оралман балалардың басым бөлігі, Алматы қ.– 3 218, Шығыс Қазақстан
облысында – 1 809, Жамбыл облысында – 1 689, Оңтүстік Қазақстан облысында
– 1
527, Ақтөбе облыстарында – 1 078 оқушы білім алуда. Облыстық, Астана
және Алматы қ.қ. білім басқармаларының деректері бойынша 3 мүгедек
балалардан басқа, барлық балалар (11 543 бала) білім берумен қамтылған.
Республикада аз ұлттардың балаларына ана тілдерін оқыту үшін де
жағдайлар жасалған.
Білім беру ұйымдарында негізгі талаптардың бірі – аз ұлттардың өз ана
тілдерін оқып-үйрену құқығын жүзеге асыру орындалады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері
бойынша республикада 2013/2014 оқу жылында келесі мектептер жұмыс
жасады: 57– оқыту өзбек тіліндегі мектептер (2012 жылы 60 мектеп); 14–
оқыту ұйғыр тіліндегі мектептер (2012 жылы 14 мектеп); 2– оқыту тәжік
тіліндегі мектептер (2012 жылы 2 мектеп). Өзбек тілінде 78 325 (2012 жылы
77
082 ) , ұйғыр тілінде 14 396 (2012 жылы 14 364) оқушы білім алады. Тәжік
тілінде 4 834 (2012 жылы 3 893) оқушы білім алуын жалғастыруда.
Бұл аталғандардан басқа, республика көлемінде өзбек тіліндегі
сыныптары бар 91 (2012 жылы 79) , ұйғыр тіліндегі сыныптары бар 48 (2012
жылы 49), тәжік тіліндегі сыныптары бар 9 (2012 жылы 10) аралас тілді
мектептер жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: