18
-
даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу стартегиясы мен оны түзете
оқыту тәсілдерін таңдау сұрақтары бойынша отбасыға консультативті көмек
беру.
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы білім беру процесінің субъектілерін
психологиялық-педагогикалық қолдау оның әрекетін үйлестірусіз жүзеге
асырылмайды. Қызмет әрекетін үйлестіруші осындай орган Психологиялық-
медициналық-педагогикалық (ПМП) консилиум болып табылады.
ПМП консилиум – негізгі идеясы балалардың жас және жеке
ерекшеліктеріне, өзекті даму деңгейіне, соматикалық және жүйке-психикалық
денсаулық жағдайына сәйкес балалар өмірінің тиімді жағдайларын қамтамасыз
ететін психологиялық-педагогикалық қолдаудың тұтас жүйесін құру болып
табылатын тұрақты әрекет ететін, үйлестірілген, ортақ мақсатпен біріктірілген,
қолдау стратегиясын жүзеге асыратын мамандардың ұжымы.
Консилиум әрекеті белгілі бір алгоритм бойынша іске асырылады және
үш кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі, талқылау кезеңі және жүзеге асыру
кезеңі.
Дайындық кезеңі диагностикалық мәліметтерді жинақтауды, ақпаратты
жалпылауды және оқушыларды дамыту міндеттерін қоюды қарастырады.
Талқылау кезеңі – түзете-дамыту жұмысының міндеттерін нақтылау,
педагогикалық міндеттерді қою, мамандар командасы әрекетінің мазмұнын
анықтау.
Жүзеге асыру кезеңі – өзінің кәсіби әрекетіне міндеттерді қою және
жүзеге асыру, қойылған міндеттерді шешу үшін формалар мен әдістерді таңдау.
Осылайша, білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-
педагогикалық қолдау – бұл бейімдік мектеп әрекетінің өте маңызды және
өзекті бағыты. Оны дұрыс ұйымдастыру – мектептің білім беру кеңістігіне
қосылған кез келген баланы нәтижелі оқыту мен дамытудың кепілі бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: