II. Лауазымдық міндеттер
2.1. Білім беру ұйымы білім алушыларының қызығушылықтарын
анықтау, қалыптастыру және дамыту бойынша олармен жеке жұмыс процесін
ұйымдастырады.
Білім
алушылардың
қызығушылықтарын,
басқа
қызығушылықтармен, оқыту пәндерімен, тәрбие, сабақтан тыс жұмыстың
бағыттарымен синтездейді.
2.2. Басқа мамандармен бірлесіп, білім алушылардың жеке білім беру
бағдарламаларын әзірлейді, сүйемелдеуді және түзетуді жүзеге асырады, білім
алушылардың бастапқы мүмкіндіктерін, ресурстарын және дефициттерін
бағалауды ұйымдастырады.
2.3. Білім алушылардың жеке білім беру бағдарламаларын іске асыру
тиімділігін бақылайды және бағалайды.
2.4. Баланың мүмкіндіктері мен әлеуетін ескере отырып, оны дамыту
үшін жағдайлар ұйымдастырады, білім алушылардың табысты оқуы және
әлеуметтік бейімделуі үшін білім беру кеңістігін кеңейтеді.
2.5. Ата-аналармен және/немесе өзге де заңды өкілдермен және басқа
мамандармен бірлесіп, жеке білім беру бағдарламаларын құру және іске асыру
үшін, білім алушыларды дамыту және әлеуметтік бейімдеу үшін білім беру
ресурстарын іздеуді жүзеге асырады.
2.6. Білім алушылардың қызығушылықтарын анықтау, қалыптастыру
және дамыту, білім алушылардың жеке білім беру бағдарламаларын құру,
95
түзету бойынша ата-аналармен және/немесе өзге де заңды өкілдермен өзара іс-
қимыл жасасуды ұйымдастырады, олардың іске асыру барысы мен нәтижелерін
олармен талқылайды.
2.7. Білім алушылармен (білім алушылар тобымен) әртүрлі коммуникация
технологиялары мен тәсілдерін пайдаланып, қызметті сапалы іске асыру үшін
электрондық формаларды (интернет-технологияларды) қосып, білім
алушылардың жеке білім беру қозғалысы, қабілеттері мен мүмкіндіктерін
дамыту және іске асыру мәселелері бойынша ата-аналар және/немесе өзге де
заңды өкілдер үшін жеке және топтық консультациялар ұйымдастырады.
2.8. Білім беру ортасының барлық субъектілері (жеке оқушылармен және
топпен, ата-аналармен және/немесе өзге де заңды өкілдермен, мұғалімдермен,
мамандармен, басшылықпен) арасында педагогикалық өзара іс-қимыл
жасасудың әртүрлі тәсілдерін іске асырады.
2.9. Жеке білім беру бағдарламасын іске асыру және коррекциялау үшін
білім алушының мұғалімдермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимыл
жасасуын ұйымдастырады, оның шығармашылық әлеуетін түрлендіруге және
қызығушылықтарын ескере отырып, сабақтан тыс әрекетке қатысуға
көмектеседі.
2.10. Кәсіби дайындық бойынша білім алушыларды білім беру
кеңістігінде дербес сүйемелдеуді ұйымдастырады, білім алушылардың кәсіби
сынақтардан өтуін іске асыру үшін серіктестер іздеуге және тартуға ықпал
етеді.
2.11. Жеке білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде білім
алушылардың даму динамикасына мониторинг жүргізеді.
2.12. Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, әдістемелік
жұмыстың басқа да түрлеріне, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелік
және білім беру ұйымының білім беру бағдарламасында көзделген басқа да іс-
шараларды дайындауға және өткізуге, білім алушылардың ата-аналарына
және/немесе өзге де заңды өкілдеріне әдістемелік және консультативтік көмек
ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
2.13. Білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен
денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
2.14. Еңбекті қорғау, санитарлық және өрт қауіпсіздігі қағидаларын
орындайды.
2.15.
Тиісті құжаттаманы жүргізеді. Тұлғаның және оның шағын
ортасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, өмір
салтын зерделейді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары
мен қажеттіліктерін, проблемаларын, қақтығыстық жағдайларын, мінез-
құлқындағы ауытқушылықтарды анықтайды және оларға уақтылы көмек пен
қолдау көрсетеді.
2.16. Коррекциялық-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, формаларын,
әдістерін, ЕБҚ бар баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу
тәсілдерін айқындайды, білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар
96
тұлғасының құқықтары мен бостандықтарын қорғау және іске асыруға
көмектесу бойынша шаралар қабылдайды;
2.17. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен білім беру ұйымы,
отбасы, орта, әртүрлі дәрігерлік-әлеуметтік қызметтер мамандары,
ведомстволар және әкімшілік органдар арасында делдал болды;
2.18.
Әр сатыда педагог-ассистент баланы оқыту және әлеуметтендіру
процесін бақылайды және ол туралы ата-аналарға және барлық білім беру
процесіне қатысушыларға хабарлайды, қажет болған жағдайда, балаға
мамандардан консультация алуды ұйымдастырады, ерекше білім беру
қажеттіліктері бар баламен айналысатын басқа ұйымдардың мамандарымен
ынтымақтастық орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |