Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению


Епифанцева Т.Б. Настольная книга педагога-дефектолога/ Под ред.  Епифанцева Т.О.; 2-е изд.  -



Pdf көрінісі
бет43/83
Дата21.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#150271
түріМетодические рекомендации
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83
 
Епифанцева Т.Б. Настольная книга педагога-дефектолога/ Под ред. 
Епифанцева Т.О.; 2-е изд. 

Ростов н/Д: Феникс, 2007. – 486с. 
 


93 
 
 
Қосымша 
Жоба 
 
Педагог-ассистенттің лауазымдық нұсқаулығы 
 
І. Жалпы ережелер 
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Білім 
туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк 
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» заңдарға, «Тиісті 
үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде 
балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына (2017 
жылғы 7 сәуірдегі № 181 қаулымен енгізілген өзгерістермен және 
толықтырулармен),
 
«
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген 
тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 
13 шілдедегі № 338 бұйрығына (2013 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрықпен 
енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес әзірленді.
1.2. Педагог-ассистент педагог жұмыскерлердің санатына жатады. 
1.3. Педагог-ассистент лауазымына жұмыс өтіліне талаптар қоймай, 
жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі 
(педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, дефектологиялық) бар тұлға 
тағайындалады. Педагогикалық, психологиялық-педагогикалық білімі болған 
жағдайда арнайы педагогика немесе инклюзивті білім беру бойынша 
біліктілікті арттыру курсынан өтуі тиіс.
1.4. Педагог-ассистент білім беру әкімшілігінің бұйрығымен белгіленген 
қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға 
тағайындалады және лауазымнан босатылады.
1.5. Педагог-ассистент инклюзивті білім беруді үйлестіретін білім беру 
ұйымы басшысының орынбасарына немесе мектептік психологиялық-
медициналық-педагогикалықконсилиум төрағасына бағынады.
1.6. Педагог-ассистентөз жұмысының ерекшелігіне байланысты: 

Қазақстан Республикасының Конституциясын;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар 
балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы 
қолдау», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан 
Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы 


94 
бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк 
жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарын; 

білім беру бағыттары мен даму перспективаларын айқындайтын басқа 
да нормативтік құқықтық актілерді;

жалпы теориялық пәндердің негіздерін педагогикалық, әдістемелік, 
ұйымдастырушылық-басқару міндеттерін шешу үшін қажетті көлемде; жалпы 
және коррекциялық педагогика, балалар, ересектер, әлеуметтік, арнайы 
психология негіздерін; қарым-қатынастар психологиясын, балалар мен 
жасөспірімдердің жеке және жас ерекшеліктерін, жас физиологиясын, мектеп 
гигиенасын; инклюзивті білім беру негіздерін; педагогикалық этиканы; тәрбие 
жұмысының, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастырудың теориясы мен 
әдістемесін; әртүрлі жастағы білім алушылармен және олардың ата-аналарымен 
және өзге де заңды өкілдерімен, жұмыс бойынша әріптестермен байланыс 
орнату, өз ұстанымына сендіру, дәлелдеу әдістерін; қақтығыс жағдайлардың 
себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу технологияларын; 
экология, экономика, құқық, әлеуметтану негіздерін; әкімшілік, еңбек 
заңнамасын;

мәтіндік редакторлармен, электрондық кестелермен, электрондық 
поштамен және браузерлермен, мультимедиялық жабдықпен жұмыс істеу 
негіздерін білуге тиіс. 
1.7. Педагог-ассистент: білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі 
қағидаларын; еңбекті қорғау, санитарлық және өрт қауіпсіздігі қағидаларын, 
білім беру ұйымының жергілікті актілерін сақтауға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет