Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет35/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115
Сыныптан тыс қызмет арқылы патриоттық тәрбие беру
 
Мектеп  қабырғасында  дәстүрлі  мерекелер  мен  мейрамдардың  
патриоттық  тәрбие  беруде  зор  роль  атқарады.  Білім  алушылардың
 
  белсене 
қатысуымен  сыныпаралық  жарыстар  өткізіледі.  Бұл  жарыстар  «Көпұлтты 
Қазақстан», «Конституция күні», «Нұр - Сұлтан - біздің Отанымыздың жүрегі», 
«Даңқың  биік  болсын,  жеңімпаз  әскер!»,  «Бұл  күндердің  даңқы  өшпес!»  т.б. 
тақырыптармен  фестиваль,  КТК,  көркем  оқу,  әскери  ойын,  спорттық  ойын, 
көркемөнерпаздар  байқауы  түрінде  өткізіледі.  Оқу  жылында  аталып  өтетін 
мерекелер мыналар; 
1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні  
7 мамыр Отан қорғаушылар күні 


60 
 
9 мамыр Жеңіс күні 
22 наурыз Наурыз мейрамы 
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні т.б. 
Бұл  мерекелік  шараларға  барлық  оқушылар  белсене  қатысып,  оның 
тарихын  мағынасын,  саяси  салмағын  сезінуі  тиіс.  Қазақтың  қатпарлы 
тарихында ұрпаққа өнеге болған ерлік істерін мақтан тұтып, достық, батырлық, 
азаттық сияқты ұлттық құндылықтарды қастерлеп, сақтауды үйретеміз.  
Мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары дәстүрлі емес сабақ түрлеріне 
жатады. 
Мәдени мекеме деп – қызметінің бағыты мен мақсатына сәйкес құрылған 
ұйымдық  құрылымды  айтамыз.  Музейлер,  музей-қорықтар,  табиғи  музей-
қорықтар,  театрлар,  кітапханалар,  мәдени-тарихи  орталықтар,  мәдениет 
саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары /сәулет 
өнері/ мәдениет ұйымдарына жатады. 
 
«Жанды  сабақтар»  –  мәдениет  ұйымдары  мен  білім  беру  ұйымдары 
арасындағы  жаңа  серіктестік  және  ынтымақтастық.
 
«Жанды  сабақтар»  жалпы 
білім  беру  проблемасын  шешуге  мәдениет  ұйымдары  мен  білім  беру 
ұйымдарының  арасындағы  тең  құқылы  серіктестік  байланыс  қалыптастыруда 
маңызды орын алады.
 
 
Алдымен  оқу  жылының  басында  жоспарлы  механизмдер  құрамыз. 
Жоспарлау  механизмдері  дегеніміз  –  бұл  жоспарлы  шешімдер  қабылданатын 
және олардың жүзеге асырылуы қамтамасыз етілетін құралдардың, әдістердің, 
амалдардың жиынтығы.  
Мәдени  нысанның  ерекшелігіне,  мақсатына,  мазмұнына  қарай  бірнеше 
пәндер  ортақ  тақырыпта  біріктіріледі.  Бұл  пәндер: 
тіл  мен  әдебиет,  тарих, 
география, музыка, биология, химия, көркем еңбек т.б.
 Өлкетану сабақтарында 
кіріктірілген сабақ әдістері 
кеңінен қолданылады. 
5-кесте – Музейдегі сабақтар өткізуге болатын пәндер мен тақырыптар. 
Сынып 
Пән және сабақ тақырыбы 
Музей 
 
География  

Туған өлкенің флорасы мен фаунасы 
өлкетану 
жаратылыстану-ғылыми 
ботаникалық 
зоологиялық 
геологиялық 
минералдар 
палентологиялық 
антропологиялық  
экологиялық 
музей-қорық 

Туған  өлкемнің  визит  карточкасы:  өлкетанудың 
деректер базасын әзірлеу 
 
Қазақстан тарихы 

Туған өлкенің аңыз-ертегілері 
антропологиялық 
тарихи 

Жәдігерлер сыр шертеді 


61 
 

Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер 
жаратылыстану-ғылыми 
археологиялық 
этнографиялық 
әскери-тарихи 
көркем 
музейі бейнелеу өнері 
(ұлттық және шетелдік) 
өнер және қолөнер 
музейлеры 
ұлттық өнер 
 музейі 
Саяси тарих және дін 
тарихы музейі 

Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен 
палуандар 

Топонимдер  –  өткен  заманның  куәгерлері  (өлке 
тарихы атауларында) 

Мәдени-тарихи  дәстүрді  сақтаушылар:  өлкенің 
ұлттық қолөнері 

Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары) 

Туған өлке тарихының тірі куәгерлері 

Туристік маршруттар 

Жомарт жүрек 

Туған өлкенің жылнамасы 

Менің мектебімнің тарихы 
 
Қазақ тілі және әдебиеті 

Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада 
тарихи 
этнографиялық 
әскери-тарихи 
музей 
Саяси тарих және дін 
тарихы музейі өлкетанулық 
мемориалды музейлер 

Өлкені сипаттау өнері 

Туған өлке публицистика беттерінде 

«Менің 
туған 
өлкем» 
электрондық 
энциклопедиясы 
 
Музыка  

Туған өлке симфониясы 
Өлкетанулық 
Музыкалық аспаптар музейі 

Туған жердің таланттары 
Музейдегі «жанды» сабақта бірнеше сыныппен кіріктіре оқытудың  үлкен 
қиындығы 
бар. 
Экспозициялар 
мен 
көрме 
алаңдарында, 
«музей 
қоржындарында» сабақ барысында білім алушыларды бастап алып жүру қиын. 
Залдың тарлығынан кептеліс туындап,  жәдігерді көруге талпынған оқушылар 
кимелеп,  экспонатқа  зақым  келтірмеудің  алдын  алу  мәселесі  өздігінен  пайда 
болады.  Осының  салдарынан  сабақ  мақсатына  жетпей  қалуы  да  мүмкін. 
Сондықтан музей-үйде, комплексті музейлерде сыныпты бірнеше топқа (10-12 
оқушыға)  бөлу  арқылы  келеңсіздіктің  алдын  аламыз.  Сабақ  жоспарында 
тапсырмалар екі бағытта жасалады. 
Бірінші топ
 
музейдің дәріс залында тақырып бойынша мұғалімнің  лекция 
тыңдап, сұрақ-жауап алмасады. 
1.
 
тұлға туралы деректі фильмдер көріп,  
2.
 
мұғалімнің әңгімесін тыңдайды. 
3.
 
тақырып бойынша жұмыс парағын алады. 
Екінші  топ
 
тақырып  бойынша  музей  қызметкерлері  дайындаған 
«қоржындарды»  тамашалап  жұмыс  парақтарында  берілген  төмендегідей 
тапсырмаларды орындайды [5]. 
Семантикалық карта 
Венн диаграммасы 


62 
 
Хронологиялық кесте 
Инсерт таблицасы 
Контурлық карта т.б. 
Топтар  орын  ауыстыру  арқылы  музейдегі  уақытты  ұтымды  пайдалана 
алады. 
2.4. Ойын сабақтар арқылы патриоттық тәрбие беру. 
Өлкетану  сабақтарын  квест-ойын
 
түрінде
 
өткізуге  болады.  Ойынды 
мәдени  мекемелері  көп  ірі  қалаларда  өткізген  қызықты,  әрі  күрделі  болмақ. 
Іздеу сипатындағы мұндай танымдық ойын өлкені тануға зор мүмкіндік береді. 
Ол үшін мұғалім мәдени нысандарды іздеуге, олардың ерекшеліктерін байқауға 
негізделген  тапсырмалар картасын  жасайды.  Тапсырмалар  конвертке салынып 
құпия  сақталады.  Жарысқа  түсуші  сыныптар  конвертте  сақталған 
тапсырмаларды  орындайды.  Тапсырмада  мәдени  мекеменің  ерекшелігін 
көрсететін  суретімен  бірге,  ол  туралы  қызықты  мәлімет  конвертке  салынып 
беріледі.  Мысалы,  Нұр–Сұлтан-1  теміржол  вокзалының  ескі  ғимаратының 
фотосуреті. Қосымша мәлімет «Бұл жерден 1941 жылы 310-дивизия Ұлы Отан 
соғысына  аттанған».  Білім  алушылар  осы  мәліметтер  бойынша  нысанды  табу 
керек.  Тұтастай  алғанда,  ойын  оқушыны  нысанды  толық  таныстыруды  және 
оған  бере  алатын  ақпараттың  ең  көп  мөлшерін  қамтиды.  Мұғалім  сұрақтарды 
тақырыптық  қарым-қатынастармен  салыстыруға  мүмкіндік  береді.  Олар  тым 
қарапайым  болмауы  керек.  Іздестіруге  жұмсалған  уақыт  шамамен  қырық 
минуттан аспауы керек. Ойын уақыты – шамамен бір күн. Бұл ойында сынып 
оқушылары мынадай сұрақтарға жауап алады. 
Туған  өлке  деп  –  саяхаттар  мен  экскурсиялар  кезінде  тікелей  байқау 
және 
зерттеу 
жұмыстарын 
жүргізетін, 
өлкетану 
әдебиеттері 
мен 
картографиялық  материалдар  арқылы  танысатын  өзінің  әкімшілік  облысының 
территориясын айтады. 
Сіздердің  назарларыңызға  Нұр  –  Сұлтан  қаласындағы  тарих  және 
мәдениет ескерткіштері туралы мәлімет беріп отырмыз (6-кесте). 
6-кесте  –  Нұр  –  Сұлтан  қаласындағы  тарих  және  мәдениет 
ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі. 
Р/с 
№ 
Ескерткіштің атауы 
 
Ескерткіштің 
түрі 
Ескерткіштің 
орналасқан 
жері 
Республикалық маңызы бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет