Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет2/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2019 
© Национальная академия 
образования им. И. Алтынсарина, 2019 



 
Кіріспе 
 
«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласында 
бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат 
құруы, еліміздің революциялық емес, эволюциялық дамуы
,
 сананың ашықтығы 
сияқты  қағидалар  негізінде  стратегиялық  бағдарлар  мен  жаңа  міндеттер 
анықталған.  Мақала  2004  жылғы  «Мәдени  мұра»  және  2013  жылғы  «Халық 
тарих  толқынында»  атты  ірі  бағдарламаларымен  үндеседі.  Бұл  жаһандану 
жағдайында  қоғамдық  сананы  жаңғыртудың  сатылы  түрде  дамитын  ұзақ 
мерзімді стратегия екенін көрсетеді [1].  
Бағдарламалық  мақаланы
 
  жүзеге  асыру  үшін  «Туған  жер»  арнайы 
бағдарламасы  әзірленді.    «Туған  жер»  бағдарламасының  басты  мақсаты  – 
қазақстандықтардың бойында Отан алдындағы перзенттік парызын түйсінетін, 
өзінің өскен өлкесіне, ауылына, қаласына, оның тарихы мен мәдениетіне, салт-
дәстүріне құрметпен қарауға үндейтін шынайы патриотизмді қалыптастыру.  
«Туған  жер»  бағдарламасы  айқындалған  мақсатты  жүзеге  асыруға 
бағытталған 4 кіші бағдарламадан тұрады.  
1)
 
«Тәрбие және білім», бұл – қазақстандық патриотизм үлгісінде жан-
жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу; 
2)
 
«Атамекен»,  бұл  –  қазақстандықтардың  кіші  Отаны  алдындағы 
жауапкершілігін күшейте отырып, олардың азаматтық белсенділігін арттыру; 
3)
 
«Рухани  Қазына»,  бұл  –  туған  аймақтың  тарихы  мен  мәдениетіне, 
салт-дәстүріне қызығушылықты ояту, құрметтеуге баулу; 
4)
 
 «Ақпарат 
толқыны»,  бұл  –  Бағдарлама  туралы  халықты 
ақпараттандыру, азаматтардың жүзеге асырылып жатқан жобаларды қоғамдық 
бақылау жасауы үшін ақпараттық инфрақұрылым жасақтау;  
2017  жылы    қоғамдық  сананы  жаңғырту  бойынша  ұлттық    комиссиясы 
құрылды.  Комиссия  «Тәрбие  және  білім»  кішібағдарламасын  (бұдан  әрі  – 
ТЖБ) қабылдады.  
 «Тәрбие  және  білім»  кіші  бағдарламасын  жүзеге  асыру  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бекітілген.   
Кіші бағдарламаның мақсаты:  
Болашақ  жетістігінің  іргетасы  білім  саналатын  бәсекеге  қабілетті, 
прагматикалық,  қуатты,  жауапкершілігі  жоғары,  шығармашыл  Бірыңғай  Ұлт 
Тұлғасын қалыптастыру. 
Ұлттық  тәрбиелеу  жүйесін  дамыту,  білім  саласы,  отбасы  және  өзге  де 
институттардың күшін біріктіру жолы арқылы оқыту. 
Мақсатты индикаторлар: 
–  туған  жердің  тарихы,  соның  ішінде  тарихи-мәдени  ескерткіштер, 
жергілікті  деңгейдегі  тарихи-мәдени  тұлғалар  туралы  оқып-танысқандар  үлесі 
2022 жылы 100 пайыз; 
–  өлкетану  қызметімен  қамтылғандар,  бұл  бағытта  оқытылғандар  үлесі 
2022 жылы 100 пайыз;  
– өмір сапасына қанағаттанғандар үлесі, соның ішінде
 
білім саласы жүйесі, 



 
әлеуметтік санаты, мамандығы; 
– жоғары деңгейдегі патриотизмге ие жастар мен балалардың үлесі. 
Бұл  әдістемелік  ұсынымда  Академия  әзірлеген  алдыңғы  жұмыстар 
зерделеніп,  сараланып    қазақстандық  патриотизмді  қалыптастырудың  тың 
жолдары айтылады. 
ТЖБ  мақсаты  білім  алушылардың  үлесін  2022    жылға  қарай    100%-ға 
жеткізу
:
 
– жергілікті масштабтағы мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдени-тарихи 
тұлғалармен таныс білім алушылар;  
– өлкетану жұмыстарымен  айналысатын білім алушылар;   
– қызмет көрсетуіне қанағаттану деңгейі жоғары білім алушылар;  
– патриоттық деңгейі жоғары білім алушылар. 
ТЖБ базалық жобалары: 
1)
 
 «Өлкетану»; 
2)
 
 «Отаным – тағдырым»; 
3)
 
 «Саналы Азамат» 
Академия базалық бағыттарды жүзеге асыру механизмі ретінде 2017-2019 
жылдар ішінде бірнеше әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Атап айтсақ,  
«ӨЛКЕТАНУ» базалық бағыты бойынша: 
1.
 
«Өлкетану»:  мәдени–генетикалық  кодтың  негізі.  (мәдени  мекемелердегі 
өлкетану  сабақтары)  (5-7  сыныптар)  пәнін  жүргізу  бойынша  әдістемелік 
ұсыным әзірлеу. – Нұр - Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 
17,7 б.т.  
2.
 
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  аясында  жалпы  білім 
беретін  ұйымдарда  өлкетанулық  жұмыстарды  жетілдіру  бойынша  
әдістемелік  ұсыным.  –  Нұр  -  Сұлтан:  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА, 
2017.– 4,3 б.т.  
3.
 
«Ұлттық қазына»: Музейлердегі  «жанды» сабақтар  әдістемелік ұсыным – 
Нұр - Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 12 б.т. 
4.
 
«Қазақстанның  киелі  орындары  -  Қазақстанның  киелі  жерлерінің 
географиясы»  жобасы  бойынша    тәрбие    жұмысының    құрылымдық 
жүйесін ұйымдастырудың әдістемелік ұсыным әзірлеу.– Нұр - Сұлтан: Ы. 
Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 16 б.т. 
«САНАЛЫ АЗАМАТ» базалық бағыты бойынша: 
1.
 
«Саналы  азамат»:Оқушының  білім  алуы  мен  кәсіби  дамуының  жеке 
бағыты    әдістемелік  ұсыным   –  Нұр  - Сұлтан:  Ы.  Алтынсарин  атындағы 
ҰБА, 2018. – 16 б.т. 
2.
 
«Мектеп оқушысының кітап оқу іс - әрекеті» әдістемелік ұсыным. – Нұр - 
Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2017.– 20 б.т. 
3.
 
«Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  жобасының  қаһармандары  –  ұлттың 
«алтын»  қоры»  әдістемелік  ұсыным  –  Нұр  -  Сұлтан:  Ы.  Алтынсарин 
атындағы ҰБА, 2019. – 8,3 б.т. 
4.
 
Орта білім беру ұйымдарында едәуір сұранысқа ие мамандықтар бойынша 
білім  алушылардың  кәсіптік  бағдарын  анықтау  және  диагностикасын 



 
жүргізу  механизмін    әзірлеу.  Әдістемелік  ұсыным  –  Нұр  -  Сұлтан:  Ы. 
Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 12 б.т.  
5.
 
«Айналаға  қара»  («Ауыл  өмірі»,  «Қала  өмірі»):  «Әлеуметтік  –тарихи 
тәжірибе» бағытын   ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыным –  Нұр - 
Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. –14 б.т. 
6.
 
Қазақстан  Республикасының  орта  білім  беру  ұйымдарында  білім 
алушыларды  кәсіптік  бағдарлауды  диагностикалау  және  анықтау 
бойынша  әдістемелік  ұсынымдар.  Қазақстан  Республикасы    Білім  және 
ғылым  министрінің  2019  жылғы  «15»  сәуірдегі  №  150  бұйрығын 
қосымша. 
«ОТАНЫМ ТАҒДЫРЫМ» базалық бағыты бойынша: 
1.
 
«Қазақстандағы  балалар  мен  жасөспірімдер  қозғалысы:  тәжірибе, 
бастамалар,  әлеуметтендіру»  («Жас  Ұлан»,  «Ұлы  Дала  скауттары»,  жас 
патриоттар Академиясы және  т.б.)  әдістемелік  ұсыным. – Нұр - Сұлтан: 
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018.– 12 б.т.  
2.
 
«Білім  беру  саласындағы  волонтерлік  пен  қайырымдылық  және  олардың 
қазіргі  жағдайда  білім  беру  жүйесін  жаңғыртудағы    рөлі».  -  Әдістемелік 
ұсыным.– Нұр - Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 3 б.т 
3.
 
«Тәрбиелік  іс-шара»: 
алға  қойылған  мақсатқа  жету  деңгейінің    өлшеу 
критерийлері
 
 (бәсекелік  қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; 
білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес эволюциялық 
дамуы;  сананың  ашықтығы»)  әдістемелік  ұсыным  Нұр  -  Сұлтан: 
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018.– 16 б.т.  
4.
 
«Ұстаз – өзгертуші тұлға. Педагогтардың санасын жаңғырту»  әдістемелік 
ұсыным. Нұр - Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018.– 10 б.т.  
Бұл әдістемелік құралдарда базалық жобалардың білім берудегі рөлі және 
оны жүзеге асырудың механизмдері ашып көрсетіледі. Орта мектепте қоғамдық 
сананы  әр  түрлі  аспектілерде  қалыптастыру,  ұлттық  кодты  сақтауды  күшейту 
жолдары  қарастырылады.  Академия  ұжымы    «Туған  жер»  бағдарламасы 
шеңберінде  ғылыми-зерттеу,  әдістемелік  көмек  көрсету  жұмыстарына 
тұжырымдамалар әзірледі.  
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2018 жылы 1 
қазандағы  №525  бұйрығымен  «Қазақстан  Республикасында  өлкетанудың 
дамытудың тұжырымдамалық негіздері» әдістемелік ұсынымдарын;  
2019  жылы  15  сәуірдегі  №145  бұйрығымен  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері 
бекітілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет