Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет8/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115
Байланысты:
СРСП 1 оз, СРСП 1 оз
1.
 
ескерткіштер жанында 
2.
 
ЖОО зертханаларында 
3.
 
кәсіпорындарда 
4.
 
кітапханаларда 
5.
 
мәдени мекемелерде (кинотеатр, клуб т.б.) 
6.
 
тарихи орындарда, нысандарда 
7.
 
экспозиция  мен  нысандары  ғимарат  қабырғасынан  тыс  орналасатын 
аспан астындағы музейлер т.б. 
Музейлердегі  сабақ  әртүрлі  пәндерден  біріктіріп,  оқушылардың  жас 
ерекшеліктерін ескере  отырып,  оқушыларға  көп  нәрсе  бере  алатын пәнаралық 
қатынасты ұсынады. «Жанды» сабақтар музейлердің бірінде жеке сабақ немесе 
циклді сабақтардан тұрады. 
«Жанды»  сабақ  тақырыптың  мазмұнына  байланысты  әр  түрлі  мәдени 
мекемелерге,  жергілікті  деңгейдегі  тарихи  ескерткіштер,  қорғауға  алынған 
табиғат  ескерткіштеріне  танымдық  сипатта  экскурсия,  экспедиция,  туристік 
маршрут, жорық сабақ түрінде өтеді [4].   
«Экскурсия»  (excursio)  латын  тілінен  аударғанда  «серуендеу»  деген 
мағынаны  білдіреді.  Экскурсия  дегеніміз  –  табиғат,  өнеркәсіп  нысандарына, 
жергілікті  жердің  назар  аударарлық  жерлеріне  ұжыммен  ұйымдасқан  саяхат 
жасау.  Мақсаты  туған  өлке  туралы  қосымша  деректер,  материалдар  жинақтау 
арқылы  өлкені  тереңірек  оқу,  зерттеу.  Бағдарлама  бойынша  жоспарлы 
жүргізілген  экскурсиялар  оқылған  материалды  тәжірибемен  бекіту  мақсатын 
көздейді,  ал  бағдарламадан  тысқары  экскурсиялар  зерттеушілік  сипатқа  ие 
болады.  Экскурсияның  бірнеше  түрлері  бар.  Экскурсиялар  тақырыптық  және 
кешенді болып бөлінеді, нысанның орналасқан жеріне байланысты жақын және 
қашық  болуы  мүмкін.  Экскурсия  нысаны  болып  бір  оқиғамен  байланысты 
ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары 
саналады. Экскурсия кезінде нысанды көрсету басты орын алады. Нысандарды 
келесі топтарға бөлуге болады: 
1.  Өлке  өмірінде  болған  тарихи  оқиғалармен,  қоғаммен,  мемлекеттің 
дамуымен байланысты орындар. 
2.  Ғимараттар  мен  құрылыстар,  мемориалды  ескерткіштер,  белгілі 
адамдардың  өмірі  мен  қызметіне  байланысты  орындар:  архитектуралық 
ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саланың ғимараттары 
және т.б. 
3. Табиғи нысандар: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен 
қорықшалар. 
4.  Мемлекеттік  және  халық  мұражайларының  сурет  экспозициясы, 
тұрақты және уақытша көрмелер. 


20 
 
5. Археология ескерткіштері: ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі 
орындар. 
6. Өнер ескерткіштері: бейнелеу, қолөнерінің туындылары.  
Саяхат 
–  бұл  адамдардың  уақыт  пен  кеңістікте  қозғалуы,  ал  өзінің 
мақсатына,  қозғалыс  құралына  және  уақыт  аралығына  тәуелсіз  саяхатта 
жүретін адамды саяхатшы деп атайды. 
Туризм 
–  бұл  адамдардың  ляззат  алу  және  демалу,  емделу,  қонақтық, 
танымдық  немесе  кәсіби-іскерлік  мақсаттарымен  өзінің  тұрақты  мекенінен 
басқа елге немесе өзінің елі шегіндегі орындарға уақытша қозғалысы.  
Туризмнің  түрлері  мақсатына  байланысты:  медициналық,  сауықтыру, 
рекреациялық,  көңіл  көтеру,  спорттық,  танымдық,  діни  және  басқа  түрлерге 
бөлінеді.  Туризм  жеке  және  ұжымдық жетілдіру  құралы  ретінде  жоспарлануы 
мен  тәжірибеде  іске  асырылуы  тиіс  демалыспен,  бос  уақытты  өткізумен, 
спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. 
Сонымен  қатар  жергілікті  жердің  аумағындағы  табиғатқа  бақылау  жүргізу, 
нысандармен,  ескерткіштермен  танысу  мақсатында  жасалатын  саяхатты  да 
жергілікті туризмге жатқызуға болады [6]. 
Білім  алушылар  өлкетану  жұмыстарына  белсене  қатысып,  өлкеге 
танымдық  жорық  саяхаттар,  экологиялық  маршруттар,  туристік  сапарларға 
шығады.  Олар  туған  жерге  қатысты  материалдар  жинап,  олардың  елдік  пен 
ерлік  қатысты  жағын  анықтайды.  Мұндай  көне  жәдігерлер  әр  түрлі  болады. 
Бәлкім, ол батырдың бұйымтайы, қонысы, ерлік көрсеткен жері болуы мүмкін. 
Өлкетанушы 
оқушылар 
мектептегі 
өлкетану 
музейлерін 
осындай 
экспонаттармен  жабдықтап  олардың  тарихы  туралы  танымдық  бейнебаяндар 
әзірлеуге  атсалысады.  Өлкетану  жұмыстары  арқылы  оқушылар  өздерінің 
патриоттық сезімдерін жоғары деңгейде көрсете алады. Оны көрсете білу үшін 
оқушы  тарихи  сауатты  болуымен  қатар  сандық  технологияны,  үштілді  терең 
меңгерген полиглот болуға талпынады. 
Білім алушыларды мәдени мекемелерге, киелі орындарға, табиғат аясына, 
кәсіпорындарға апарып қазақстандық патриоттық тәрбие бере аламыз.  
Өлкетану сабақтарын өткізу мақсатында мектептер мен мәдени ұйымдар 
арасында  бірлескен  шығармашылық  келісім-шарт  жасалады.  Келісім-шартта 
тараптардың  міндеттері  көрсетіледі  және  Қазақстан  Республикасының  білім 
беру мен мәдениет туралы заңдарына негізделеді. Құжат мәтіні екі немесе үш 
тілде тілде жазылады.  
Келісім-шартқа  сәйкес  мектептер  мен  музейлерде  сабақ  кестесі 
сәйкестендіріледі.  Яғни,  мәдени  мекеме  қызметкерлері  сабаққа  қажетті 
ресурстарын,  репертуарын,  экспонаттарын  дайындаса  жетекші  мұғалімдер 
тақырып  бойынша  түрлі  тапсырмалар  әзірлейді.  Келісім-шартқа  мекеме 
басшысы, басшының міндетін уақытша атқарушы тұлға немесе арнайы уәкілдік 
берілген адам ғана қол қойып бекітеді. 
Музей материалдары мұғалімдер үшін тәрбие сағаттары, тарихи кештерді 
жүргізу,  сабақ  үрдісінде  пайдалануда  таптырмас  құрал  екені  сөзсіз.  Музейдің 
негізгі міндеттерінің бірі жастарға патриоттық тәрбие беру. Музей қызметкері 


21 
 
мұғаліммен  бірге  тақырыптық  сабақтар  жүргізе  алады.  №2  қосымшаны 
қараңыз. 
Ғылыми-зерттеу  жұмыстары  мен  мәдени-ағарту  саласының  тарихын, 
құнды  жәдігерлер,  мәдени  мұраларды  жинақтау,  сақтау,  насихаттау 
жұмыстарымен  айналыса  отырып  музейлер    рухани-мәдени  және  білімдік-
тәрбиелік  орасан  зор  әлеуетке  ие.  Осы  ақпараттық  әлеуетті    тиімді  пайдалану 
арқылы  патриоттық  рухы  асқақ,  азаматтық  сана-сезімі  биік,  рухани-
адамгершілік құндылықтары жоғары тұлға ретінде оқушы жастарға тәрбие беру  
мектеп музейлерінің басты міндеті [7]. 
Сыныптан  тыс  өлкетанулық  жұмыс  шеңберінде  мынадай  жобаларды 
жүзеге  асыруға  болады:«Менің  Отаным  –  Қазақстан»  балалар  мен 
жасөспірімдер  туризмі  және  өлкетануды  дамыту,  экспедиция,  жорықтар, 
экскурсиялар  ұйымдастыру,«Тарих  мұрасы»,  «Өз  жеріңді  таны»  (өлкетанулық 
білімін  және  мектеп  туризмін,  тарихи-археологиялық  қозғалысты  арттыру, 
туған  өлкенің  тарихын,  мәдениетін  және  дәстүрлерін  терең  зерттеу)  «Табиғат 
бесігі» (туған жерге жауапкершілікпен және аялап қарау). 
Осындай  жұмыс  түрлерінен  білім  алушылар  туған  жердің  табиғатына 
тамсанып,  жер  –  су  атауларының  сырларына  қанығып,  бабалар  рухымен  
сырласып  қайтады.  Таза  ауа,  самал  жел,  көрікті  табиғат  төсінде  демалады. 
Таулар  мен  суларда  жол  жүру  машықтарын  үйренеді.  Алған  әсерлерін 
бейнебаян,  фотоколлаж,  эссе  т.б.  жанрларда  әзірлеп  интернет  кеңістігіне 
жариялайды. Оқушы осылайша патриоттық сезімін шынай жеткізе алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет