25
орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байытуға
жұмсаған жандардан өнеге алуға тәрбиелеу.
Қазақ халқы – бауырмал халық. 100 ден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір
кешуде. Достық, қайырымдылық, ынтымақ, бірлікті насихаттайтын тамаша
дәстүрлер бар. Оқушыларды осындай дәстүрлермен тәрбиелеуіміз керек.
«Асар» дәстүрін алайық. «Асар»
–
ұлттар бірегейлігін жақындата түсетін
заман талабына сай жарасымды дәстүр. Асар – еріктілер тобы. Оған ешкімді
мәжбүрлемейді. Және ұлтқа, дінге, тілге, руға бөлінбейді. Оқушыларға
мектепкі демалыс кездерінде туған жеріндегі асарға қатысудың да тәрбиелік
мәні зор. Археологиялық қазба жұмыстары немесе демеушілердің
қайырымдылық шараларына қатысу оқушылардың туған жерге перзенттік
парызды сезінуге ықпалы зор.
Тамаша үрдіс белең алып, барлық елді қамтыды. Тек қана табысты
кәсіпкерлер ғана емес, өз саласында едәуір жетістікке жеткен танымал
спортшылар, әншілер, өнер қайраткерлері тіпті қарапайым азаматтар да
меценаттық үрдіске белсене араласып жатқаны шындық. Олар ауылындағы
кембағал, тұрмысы төмен жандарға асарлатып баспана салып беруде.
Өлкетанулық жұмыстар осындай патриоттарды мектеп қабырғасынан бастап
қалыптастырады.
Бұл қазақстан халықтары бірегейлігінің жарқын үлгісі. Олар ұлтқа, дінге,
тілге, нәсілге, руға, жершілдікке бөлінбей туған жеріне деген перзенттік
парызын өтеуде. Біз – үлкен болайық, кіші болайық, бәріміз туған жердің
перзентіміз. Тоқсан тарау арнамен келіп тоғысқан тағдырлармыз. Сондықтан да
шетелдерде өткен байрақты бәсекелерде бізді ұлтқа бөлмей «Қазақстандық»
деп таныстырады. Қазақстандық орыс, неміс, кәріс, татар, өзбек деген сөз
тіркестерін ешқашан естімедік. Себебі біз ұлтқа бөлінбейтін унитарлы тәуелсіз
мемлекетпіз.Біздің бір ғана туған жеріміз, Отанымыз бар. Ол ата-
бабаларымыздың маңдай тері тамшылаған – қасиетті Қазақстан [10].
Мектептен тыс жұмыстарды жазғы каникул кезінде оқушылар ұйымы
ұйымдастырса болады.
Достарыңызбен бөлісу: