Тимур Рыспеков – Алматы қаласындағы М.Мәметова
атындағы №28 мектеп-лицейінің білім алушысы.
Тимур жас өнертапқыш, физика, информатика, математика
саласындағы 28-ден астам патент пен авторлық құқықтың
иесі.
Ол 2014-2016 оқу жылдарында информатикадан аудандық
және
қалалық
олимпиадалардың
жүлдегері.
«Инновациялар» номинациясында Рыспеков Тимур Гран-
приді және 100000 теңге көлеміндегі сертификатты жеңіп
алды. Тимур 2015 жылы «Microsoft DreamSpark»
бағдарламасының, 2016 жылы «Skolkovo Startup Tur»
байқауының еуразиялық кезеңінің жеңімпазы атанған.
2016 жылдың маусымында Мәскеу қаласында өткен Шығыс
Еуропаның
Startup
Village
ірі
инновациялық
конференциясына қатысты. Оның соңғы әзірлемелерінің
бірі қоршаған ортаның талдамасын жасауға арналған робот,
әлемде
оған
ұқсас
туынды
жоқ.
Бұл
робот
метеостанцияларды, экологияның талдамасын жасауға
арналған станцияларды, аномалияларды зерттеуге арналған
жабдықтарды және т.б. алмастыра алады, сонымен қатар ол
күзет жүйесінің функцияларын атқара, виртуалды шындық
форматындағы видеоағымдарды көрсете алады. Тимурдың
32
қоршаған ортаның талдамасын жасау бойынша жобасын
Microsoft корпорациясының, Қазақстан Республикасы Кіші
Ғылым Академиясының және Қазақстан робототехника
федерациясының, AlmatyTechGarden сарапшылары ең
жақсы жүйе деп таныды.