кешенділік қағидасы,
өлкенің қоршаған ортасында болатын барлық
жағдайларды, өзгерістерді кіріктіріп оқытуды көздейді;
*
ізгілендіру қағидасы,
өлкені тұлғаның дамуындағы өмірлік-мәнді
құндылықтар жүйесінде оқудың мағынасын түсінуді қамтамасыз етеді;
*
табиғи және мәдени түсінік қағидасы,
табиғатты қорғау және
экологиялық білім мазмұнын кіргізуді қарастырады;
*
іс-әрекеттік қағидасы,
білім беруді практикалық, коммуникативтік,
жобалық-шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырады;
*
тарихилық қағидасы,
әлеуметтік-табиғи ортадағы өзгерістерді,
аумақтың даму болашағын қарастыру арқылы орындалады;
*
проблемалық қағидасы,
нақты проблемалық тапсырмаларды шешу
көздейді [6].
Аталған қағидаларды жүзеге асыру арқылы, оқушылардың өздігінен білім
алу, сыни тұрғыдан ойлау, шешім қабылдау, практикалық іс-әрекеттерді
орындау қабілеттерін дамыту мүмкіндігі туындайды. Анықталған қағидаларды
ой елегінен өткізіп түсіну және өмір сүру ортасындағы мінез-құлық ережелерін
сақтау, өз іс-әрекетінің мәні мен жауапкершілігін түсіну, өзінің кіші отанына
деген сүйіспеншілік әр адамның мәдениетінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Сонымен қатар, өлкетанудың тәрбиелік міндеттерін ескеру қажет:
– өзінің «кіші Отанына», туған елі Қазақстанға деген патриоттық сезімін,
сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
– төзімділікті, өлкенің көпұлттылық және көпмәдениеттілік жағдайында
төзімді мінез-құлық қалыптастыру;
– отбасылық қарым-қатынасты нығайту, пәннің мазмұнымен тек
оқушыны ғана емес, оның ата-анасын да қызықтыру, отбасылық мұрағаттар,
аталар мен әжелердің басқа да туыстардың әңгімелері арқылы өлкенің тарихы
жайлы білімді тереңдету;
– отбасы мүшелерімен бірге өлке туралы әдебиет оқу, фильмдер,
бейнефильмдер тамашалау;
– өлкенің табиғатын, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау және
қалпына келтіру жұмыстарына оқушылармен қатар ата-аналарды да қатыстыру;
45
– жергілікті халықтың алдында тұрған проблемаларды шешуге ата-
аналармен бірге оқушыларды да қатыстыру.
Дамытушылық міндеттері:
– туған өлке туралы неғұрлым көп білуге деген ұмтылысты, танымдық
қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту;
– тақырыптық акцияларға және жобаларға, мәдени орталықтардың іс-
шараларына, сайыстарға, олимпиадаларға қатысу арқылы туған өлке жайлы
білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру;
– болашақта білімді жалғастыру, мамандық және жұмыс орнын таңдау
сұрақтарын шешуге бағыттау;
– күнделікті өмірде өлкетанушылық білім мен біліктілікті қолдана алу,
жергілікті жердегі туындайтын проблемаларды шешуде өзінің орнын білу
дағдысын қалыптастыру;
– туған өлкесінің өмірін жетілдіруге үлес қосуға деген ұмтылысты
дамыту .
Пәндердің мазмұнындағы өлкетанулық компонентті сипаттайтын
ерекшеліктер:
– тарихи және ұлттық-мәдени өлкетану (ата-бабалар тарихы, шығу тегі,
тарихи ескерткіштер, ежелгі қоныс-мекендер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнеге,
өмір сүру салтының ерекшеліктері және құндылықтары);
– табиғи-географиялық өлкетану (жергілікті жердің климаты, жер бедері,
топырағы, өзен-көлдері, пайдалы қазбалары, экологиясы, экологиялық
проблемалары);
– биологиялық өлкетану (өсімдік түрлері, жануарлар әлемі);
– химиялық өлкетану (ауыз суының сапасы, ауаның ластануы, жергілікті
жердегі тау-кен өнеркәсіптері т.б.);
– әлеуметтік-географиялық өлкетану (халықтың тығыздығы, елді
мекендердің орналасу сипаты, ұлттық қолөнер түрлері, басқа елді мекендерден,
аймақтардан алшақтығы, байланыс құралдары);
– әлеуметтік-демографиялық (ұлттық құрамы, жастық-жыныстық құрамы,
көші-қон үдерісі, халықтың ұдайы өсуінің сипаты);
– әлеуметтік-экономикалық (халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек ресурсы,
кәсіби-мамандық құрамы, экономикалық даму келешегі);
– аймақтың экономикалық салалары (ауылшаруашылық, құрылыс, тау-
кен, химиялық т.б.), шығаратын өнімдері;
– әкімшілік-саяси (өлкенің шекарасы мен аумағы, инфрақұрылымының
түрлері, басқару органдарының қызметі және жұмысты ұйымдастыруы),
– әдеби өлкетану (жергілікті ұлттардың әдеби мұралары және ауыз
әдебиеті, жергілікті ақын, жазушылардың шығармалары);
46
– мәдени өлкетану (жергілікті ұлттардың ұлттық әндері мен билері,
жергілікті сазгерлердің музыкалық шығармалары т.б.);
– саяси (саяси факторлардың өлкенің өміріндегі рөлі, аймақтармен,
елдермен қарым-қатынасы).
Өлкетанудың түрлерін математикалық, физикалық, технологиялық деп
жалғастыра беруге болады.
Мұғалім өлкетану жұмысын жандандыру мақсатында білім берудің
тиімді заманауи әдістерін: проблемалық оқыту, жобалау әдістерін, рөлдік
ойындар, ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік технологияларды қолдана
алады.Сонымен қатар оқушының бойында өзін-өзі бағалай алу қабілетін
қалыптастыруға жағдай жасауы үшін мұғалім әрқашан ізденісте болуы керек.
5-сыныпта «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің «Өңірдің тарихи тұлғалары:
билер, батырлар мен палуандар» тақырыбын оқытуда өлкенің белгілі адамдары
туралы мағлұмат беру барысында мұғалімнің және оқушылардың алдында
тұрған міндеттер келесідей болуы мүмкін:
* өлкеге танымал адамның (жазушының, ақынның, суретшінің т.б.) өмір
жолының оның шығармашылығына тигізген әсері туралы сұрақты
айқындайтын арнайы әдебиеттерді оқу;
* жерлес ақын-жазушылар, суретшілер туралы нақты материалдар
жинақтап, арнайы альбом әзірлеу, музейдің танымал жерлестерге арналған
бөлімін толықтыру;
* халық ауыз әдебиеті және жерлес ақын-жазушылардың әдеби
шығармалары арқылы оқушылардың туған өлке туралы білімдерін кеңейту;
* туған өлкені және әдебиетті олардың тарихи дамуының өзара
байланысында көруге көмектесу;
* өлкетануға қоғамның дамуында ерекше рөл атқаратын жалпы адамзат
мәдениеті ретінде қарау [14].
6-сыныпта «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен «Топонимдер – өткен
заманның куәгерлері (өлке тарихы атауларында)» тақырыбын оқу барысында
қолдануға болатын жер-су атауларының шығу тарихы мен қызықты деректерді
ұсынамыз. Жергілікті жердің жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда
болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, әсіресе, жастардың
туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін күшейтпек.
«Отандық тарихтың көзі тірі куәгерлері» (6-сынып) тақырыбы бойынша
білім алушылар аймақтың тарихы мен гүлденуіне және «Жомарт жүрек» (7-
сынып) тақырыбы бойынша ерлік пен еңбекке деген құлшыныстарына - және
олардың кішігірім Отанын қолдау үшін не істеуге болатын оқып білетін
болады.
|