62
Хронологиялық кесте
Инсерт таблицасы
Контурлық карта т.б.
Топтар орын ауыстыру арқылы музейдегі уақытты ұтымды пайдалана
алады.
2.4. Ойын сабақтар арқылы патриоттық тәрбие беру.
Өлкетану сабақтарын квест-ойын
түрінде
өткізуге болады. Ойынды
мәдени мекемелері көп ірі қалаларда өткізген қызықты, әрі күрделі болмақ.
Іздеу сипатындағы мұндай танымдық ойын өлкені тануға зор мүмкіндік береді.
Ол үшін мұғалім мәдени нысандарды іздеуге, олардың ерекшеліктерін байқауға
негізделген тапсырмалар картасын жасайды. Тапсырмалар конвертке салынып
құпия сақталады. Жарысқа түсуші сыныптар конвертте сақталған
тапсырмаларды орындайды. Тапсырмада мәдени мекеменің ерекшелігін
көрсететін суретімен бірге, ол туралы қызықты мәлімет конвертке салынып
беріледі. Мысалы, Нұр–Сұлтан-1 теміржол вокзалының ескі ғимаратының
фотосуреті. Қосымша мәлімет «Бұл жерден 1941 жылы 310-дивизия Ұлы Отан
соғысына аттанған». Білім алушылар осы мәліметтер бойынша нысанды табу
керек. Тұтастай алғанда, ойын оқушыны нысанды толық таныстыруды және
оған бере алатын ақпараттың ең көп мөлшерін қамтиды. Мұғалім сұрақтарды
тақырыптық қарым-қатынастармен салыстыруға мүмкіндік береді. Олар тым
қарапайым болмауы керек. Іздестіруге жұмсалған уақыт шамамен қырық
минуттан аспауы керек. Ойын уақыты – шамамен бір күн. Бұл ойында сынып
оқушылары мынадай сұрақтарға жауап алады.
Туған өлке деп – саяхаттар мен экскурсиялар кезінде тікелей байқау
және
зерттеу
жұмыстарын
жүргізетін,
өлкетану
әдебиеттері
мен
картографиялық материалдар арқылы танысатын өзінің әкімшілік облысының
территориясын айтады.
Сіздердің назарларыңызға Нұр – Сұлтан қаласындағы тарих және
мәдениет ескерткіштері туралы мәлімет беріп отырмыз (6-кесте).
6-кесте – Нұр – Сұлтан қаласындағы тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі.
Р/с
№
Ескерткіштің атауы
Ескерткіштің
түрі
Ескерткіштің
орналасқан
жері
Республикалық маңызы бар
Достарыңызбен бөлісу: