Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет18/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115
Абдысагин  Рахат-Би  Толегенулы
  –  жас  композитор, 
пианист,  халықаралық  конкурстардың  лауреаты,  100-ден 
аса музыкалық шығармалардың авторы.
 
Шығармашылық  жолды  бастағаннан  бастап,  «ең  жас» 
ұғымы Рахат-Бимен бірге келеді.
 
Ол – «Дарын» мемлекеттік 
сыйлығының 
ең 
жас 
иегері. 
Тәуелсіз 
Қазақстан 
тарихындағы 
17 
жасында 
ТМД 
парламентаралық 
Ассамблеясының  «Мәдениет  пен  өнерді  дамытудағы  ерен 
еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған ең жас және 
жалғыз мәдениет қайраткері. Ол –  Бах, Моцарт, Гайднадан 
бастап,  қазіргі  классиктерге  дейінгі    әлемдік  классикалық 
шедеврлерді 
жинайтын 
Оңтүстік 
Иллинойса 
университетінің 
(АҚШ) 
«Discography» 
оркестрімен 
фортепианоға  арналған  туындыларды  орындайтын  әлемдік 
қордың 
қоржынына 
туындылары 
енген 
Тәуелсіз 
Қазақстандағы  ең  жас  әрі  жалғыз  композитор.  Ол  – 
заманауи 
музыкаларды 
орындаушылар 
мен 


31 
 
композиторлардың  халықаралық  академиясының  ең  жас 
қатысушысы:  Impuls  (Грац,  2013,  2015,  2017),  ISA 
(Мюрццушлаг, 2015), KlangZeitMünster (Мюнстер, 2016), ең 
жас лектор ICTM 2015. 
Сонымен  қатар  ол  –  жан-жақты  білімді  интеллектуал, 
математиканы зерттеуге қызыққан математик-зерттеуші. 14 
жасында  «Математика  және  қазіргі  заманғы  музыка» 
(Алматы, 2013) және «Mathematics and Contemporary Music» 
(Almaty, 
2013) 
ғылыми 
еңбектерін 
жариялады. 
«Гармонияның  шеттері»  атты  шығармашылық  жұмыстар 
жинағының авторы (Алматы, 2011). 
Бүгінде  оны  «Қазақтың  Моцарты»  деп  атайды.  Ол  аса 
ұғымтал, 12 жасында музыка жаза бастады.  
Мәскеу  қаласындағы  аты  аңызға  айналған  «Композитор» 
баспа  үйінен  Рахат-Би  Абдысагинның  «God’s  dwelling» 
(«Жилище  Бога»)  мен  «Over  the  vault  of  depth»  («Над 
сводом  глубины»)  атты  симфониялық  картиналарының 
партитуралары  шықты.  Дәл  қазіргі  уақытта  Рахат-Би 
Абдысағин  әр  жыл  сайын  24  елден  200-ге  жуық  әлемге 
әйгілі 
музыканттар 
мен 
педагогтар 
қамтылған 
П.И.Чайковский  атындағы  жасөспірімдер  конкурсының 
әділқазылар мүшесі болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет