Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет47/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115
 
 


84 
 
Қорытынды 
Қазақстандық  қоғамның  дамуы  заманауи  жастардың  тәрбие  алуына 
тікелей байланысты. Жастар таяу  жылдары қоғамның ғылыми, экономикалық 
және саяси элитасының тірегіне айналады. Бұл процесстегі басты рөл олардың 
рухани  жағын  қалыптастыру  болып  табылады.  Яғни,  Отан  алдындағы 
жауапкершілік  сезімін  қалыптастыру,  туған  өлкенің  табиғи  байлықтарын 
сақтап  құрметтеуге  үйрету,  еліміздің  өткені  мен  бүгініне  құрметпен  қарау, 
адамгершілік-эстетикалық  мәдениеті  жоғары,  ой-өрісі  биік  азамат  ретінде 
қалыптасуына ықпал ету.  
Патриоттық  тәрбие  рухани-адамгершілік  тәрбиенің  маңызды  құрамдас 
бөлігі болып табылады.  
Елбасы  Н.А.  Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
бағдарламалық  мақаласында  қоғамдық  сананы  жаңғыртудың  басты 
шарттарының  бірі  патриотизмнің  негізі  болып  табылатын  өзіндік  ұлттық 
мәдени-генетикалық кодты сақтау болып табылатындығын атап өтті. 
Осыған  байланысты  жастар  тәрбиесінде  рухани  –  адамгершілік  пен 
патриотизмге басымдық беріп отырмыз.  
Мәселен,  патриотизмнің  ең  жақсы  үлгісі  орта  мектептерде  туған  жердің 
тарихын  танытудан  басталады.  Қоғамның  басты  рөлін  тәрбиенің  үздіксіздігі 
мен  сабақтастығын  қамтамасыз  ету,  тәрбие  мен  оқыту  және  білім  беру 
жүйесінің барлық деңгейлерінде түсінуге көмектеседі.
 
Сондықтан білім беру, экология және абаттандыру, өлке тарихын зерттеу, 
мәдени-тарихи  ескерткіштер  мен  жергілікті  масштабтағы  мәдени  нысандарды 
қалпына  келтіру  саласында  тарихи-өлкетану  жұмыстарын  байыпты 
ұйымдастыру қажет. Балалар мен жастардың патриоттық және жалпы рухани-
адамгершілік  тәрбиесі  ғана  азаматтардың  бірлігінің  негізін  қалайды  және 
мемлекетте  біртұтас  әлеуметтік-мәдени  кеңістіктің  сақталуын  қамтамасыз 
етеді. 
Тамыры терең Қазақстан тарихында патриотизм мәселесі ерекше назарда 
болды.  Мыңжылдықтар  ширегінде  қазақ  халқының  бойында  патриотизмді 
тәрбиелеу  процесі  сатылап  дамып  келді.  Біз  ұлтқа,  патриотизмге,  руханиятқа, 
ынтымаққа және дәстүрді құрметтеуге негізделген мәдениетті қалыптастырдық. 
«Туған  жер»  бағдарламасы  бүкілхалықтық  патриотизмнің  нақты  негіздерінің 
біріне  айналды.  Патриотизм  туған  үй  мен  туып-өскен  өңірден  басталады.  Біз 
кіші Отанымыз арқылы бүкіл Қазақстанды сүйеміз.  
«Туған  жер»  бағдарламасы  Отанға  деген  ұтымды  және  эмоционалды 
қатынасты  үйлестіруге  арналған.  Туған  жерге,  оның  мәдениетіне,  салт-
дәстүріне  деген  сүйіспеншілікпен  берілген  патриотизм  мәдени-генетикалық 
кодтың  негізі  болып  табылады.  Бәсекеге  қабілетті  ұлт  болу  үшін  қоғамдық 
сананы  жаңартып,  мәдениетімізді,  ұлттық  код  пен  патриотизмді  сақтауымыз 
керек. Мұның бәрі жерді және кіші Отаны сүюден басталады. 
«Туған  жер»  бағдарламасы  ұлттық  патриотизмнің  сарқылмас  қайнар 
көзіне айналуы керек. 


85 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет